Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет12/40
Дата08.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#119540
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
дәріс Жасерекшелік психологиясы (1)

Жастық кезеңдерге бөлу – бұл әрбір кезеңнің-айналадағылармен қарым-қатынас, жеке адамдардың психикалық құрылымы, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізіледі.
1.Нәрестелік кезең – туғаннан бір жасқа дейін. Жетекші іс-әрекеті – эмоциональды қатынас. Осының нәтижесінде балада бағдарлау және сенсорлы-манипулятивті әрекет, көру, есту, қимыл-қозғалыс әрекеттері жүзеге асады. Бұл кезеңде үлкендермен қарым-қатынас қалыптасады.
2. Сәбилік кезең – 1-3 жас. Алғашқы балалық, бөбектік кезең. Жетекші іс-әрекет-заттық іс-әрекет, үлкендердің қатысуымен заттық байланыс. Бұл уақытта баланың тілі шығып, сөйлейді. Көрнекі-іс-әрекетті ойлау қалыптасады.
3. Мектепке дейінгі кезең – 3-7 жас. Жетекші іс-әрекеті – рөльдік ойындар, баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасады. Бұл уақыт мектепке дайындық кезеңі.
4. Кіші мектеп жас кезеңі – 7-10 жас. Жетекші іс-әрекеті – оқу. Оқу нәтижесінде, танымдық құбылыстары қалыптасып, заттар, айнала қоршаған орта туралы білімі қалыптасады.
5. Жеткіншектік кезең – 11-15 жас. Жетекші іс-әрекеті – қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы. Басты ерекшелігі - өзін-өзі бағалау, айналадағыларға «сын» көзбен қарау, ересектерге еліктеу т.б.
6. Жасөспірімдік кезең – 15-18 жас. Жетекші іс-әрекеті – кәсіби бағдар. Осының нәтижесінде оның өмірге көзқарасы, мамандыққа қызығушылығы, өзіндік сана-сезім, арманы мен мұраты қалыптасады.
Жас кезеңдеріне бөлуді біле отырып, мұғалім мынаны білуі қажет: бала дамуы жай, бірқалыпты және дағдарысты, кризистік жағдайда өтеді. Зерттеушілер баланың кризистік кезеңдері – 3 жаста, жеткіншектік жаста күшті өтетінін анықтаған.
Мұғалім сондай-ақ, баланың әрбір жас кезеңінде психикасының белгілі бір жағының оптимальды даму жағдайда өтетінін атап өтеді. Бұндай кезеңді сензитивті (сезгіштік) кезең деп атады. Мысалы, 1-3 жасқа дейін баланың тіл үйрену кезеңі, яғни тіл дамуының сензитивтік кезеңі. Мектепке дейінгі кезең-мектепке оқуға бейімделу кезеңі т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет