Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет15/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Өлшеуіш лабораториялық ыдыстар

Сұйықтардың көлемін өлшеу үшін сыртында сыйымдылығы көрсетілген белгісі бар өлшеуіш ыдыстар қолданылады. Өлшеуіш ыдыстарға өлшеуірлер, өлшеуіш құтылар, тамшуырлар, өлшеуіш цилиндрлер, өлшектер және бөлікке бөлінген құтылар жатады. Өндірісте жасалынып шығарылатын өлшеуіш ыдыстардың дәл белгілері көрсетіледі және оның сыйымдылығы мемлекеттік стандартқа сәйкес келу керек.


Өлшеуірлер титрлеген кезде сұйықтардың дәл көлеміін өлшеуге және басқа да операциялар жасауға қолданылады. Өлшеуірді жіңішке түтігі бар кішкене құйғы арқылы өлшеуірден ауаның еркін шығуына мүмкіндік бере отырып сұйықпен үстінен толтырады. Өлшеуірді тұрғыға тігінен орнатады. Шүмегін бір қолмен ашады немесе жабады, ал екінші қолмен титрленетін ерітіндіні араластыру үшін конус тәрізді құтыны шайқайды.
Сұйықты өлшеуді әрқашан нөлдік бөліктен бастайды. Есептеуді жиектің төменгі шеті бойынша жасайды, ал боялған сұйықтар үшін есептеуді дәлдігі төмен болса да жиектің жоғарғы шеті бойынша жасайды. Жиекті анықтаған кезде көз өлшеуірдегі сұйықтың бетінің деңгейінде болу керек.
Жазық түпті өлшеуіш құтылар белгілі концентрациядағы ерітінділерді дайындауға, ерітінділерді сұйылтуға, заттарды ерітуге және т.с.с арналған. Сұйықпен толтырылатын көлем құтының мойнында арнайы дөңгелек белгімен шектелген. 200С кезіндегі сыйымдылығы оның бүйір бетіне жазылған. Берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындағанда қатты немесе сұйық күйдегі заттың немесе концентрлі ерітінді түрінде құйғы арқылы дистилденген сумен шайқалған (немесе сулы емес ерітінділер жағдайында сәйкес келетін ерітіндімен) өлшеуіш құтыға құяды да, жартысынан асыра сумен (еріткішпен) толтырады да, шайқап мұқият араластырады.
Құтыдағы зат толық еріген соң сол ерітіндінің температурасы 200С-ға жеткеннен кейін сақина тәріздес белгіге дейін дәл толтырылады.
Егер еріту кезінде жылу бөлінетін болса, онда құтыны ерітіндісімен бөлме температурасына дейін суытады.
Құтыны толтырғанда оның мойнындағы иілген жиек дөңгелек белгіге тиіп тұруын қадағалау керек.
Өлшеуіш құтыларда ерітінділерді сақтауға болмайды. Өлшеуіш құтыда сұйылтқаннан кейін, әсіресе сілті ерітінділерін дереу шыны ыдыстарға құю керек те, өлшеуіш құтыларды жуып қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет