Кептіргіш электр шкафтары әртүрлі матариалдарды кептіру үшін, қатты материалдардың ылғалдылығын анықтау үшін, шыны және металл ыдыстарды құрғақ ауада тазарту үшін және 100-3500С-ға дейін қыздыруды қажет ететін және температураны 2-30С дәлдікпен автоматты реттеп отыратын басқа да жұмыстарға арналған.
Термостаттар-жұмыс кеңістігінде жоғары дәлдікпен белгілі температура ұсталып тұратын электр қыздырғыш аспаптар. Термостатты толтыратын ортаға байланысты олар ауамен және сұйықты болып бөлінеді.
Ауа термостаттары 20-800С температура шегінде әртүрлі жұмыстарды жүргізуге арналған. Ауа термостатының зерттелетін материал салынатын жұмыс кеңістігі су құйылған ыдысы бар тікбұрышты камерадан тұрады. Термостаттың ішіндегі температура ішіне су өтпейтін электрқыздырғыштары салынған су құйылған ыдысты қыздырумен реттеледі.
Сұйықты термостат жұмыс сұйығымен (су, май) толтырылған ыдыстан тұрады. Жылу сұйықта орналасқан қыздырғышпен келеді де, тоңазытқышпен шығады. Жұмыс кеңістігіндегі тұрақты температура электр қозғағышпен қозғалысқа келетін және термореттегіштің көмегімен автоматты түрде ұсталып тұратын пропеллерлі араластырғышпен сұйықты араластырумен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар сулы электр термостаттары, ультратермостаттар, микротермостаттар және ішіне салынып тұратын қондырғылар шығарылады [14-17].