қасиеттерін зерттеу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
1. Марганец (ІV, VІ) қосылыстары.
Марганец (ІV) оксидінің тотықтырғыштық қасиеттері.
Екі сынауыққа аздап құрғақ марганец диоксидін салып, 2-3 тамшы концентрлі тұз және күкірт қышқылдарын құйыңдар. Әр сынауықты ақырын қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Шоқтанған шырақпен, йод крахмалды қағазбен тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Марганец (ІV) оксидінің тотықсыздандырғыштық қасиеті.
Отбақырашқа кристалдық калий гидроксидінің түйірін (тек шымшуырмен алу керек!) және дәл сондай мөлшерде натрий нитратын салыңдар. Қоспа балқығанша отбақырашты от жалынында қыздырыңдар. Қыздыруды жалғастыра отырып, балқымаға марганец (ІV) оксидінің аз мөлшерін қосыңдар. Алынған құйманың түсі қандай болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Құйманы келесі тәжірибелерге сақтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |