Презентация бетін құруды біледі.
Презентацияға суреттерді кірістіруді және дизайнын таңдауды біледі.
Құндылықтарды дарыту
Адам еңбегімен жасалатын нәрсенің бәрін бағалай білуді бойларына дарыту. Белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, бейнелеу өнері
АКТ қолдану дағдылары
Презентация
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ынтымақтас- тық атмосферасын
қалыптастыру (2 минут)
Оқушылармен амандасу, түгендеу
(Ұ) Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
Тренингтер жинағы
Топқа бөлу
«Ой шақыру»
(7 минут)
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
(Т) «Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушыларға суреттің қиылған бөліктерін тарату.
1-топ Өзен
2-топ Көл
3-топ Теңіз