Презентация бетін құруды біледі.
Презентацияға суреттерді кірістіруді және дизайнын таңдауды біледі.
Құндылықтарды дарыту
Адам еңбегімен жасалатын нәрсенің бәрін бағалай білуді бойларына дарыту. Белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
(Ұ) Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.