Программа дисциплин по специальности 5В061200 метеорология


SM 2204 CИНОПТИКАЛЫҚ МЕТЕОРОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет27/121
Дата13.09.2022
өлшемі1,09 Mb.
#149358
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   121
Байланысты:
5В061200-Метеорология
Документ (1), Өлкетану 3 апта
SM 2204 CИНОПТИКАЛЫҚ МЕТЕОРОЛОГИЯ 
Көлемі - 5 кредит 
Авторлары: 
Шушарина Л.М. - метеорология және гидрология кафедрасының
аға оқытушысы 
Оракова Г.О. - метеорология және гидрология кафедрасының
аға оқытушысы 
Пікір жазғандар: 
Мадибеков А.С. - ЖШС «География Институты» Гидрохимия және 
экологиялық токсикология зертханасының жетекшісі 
Нысанбаева А. С. – география ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің метеорология және гидрология 
кафедрасының доценті
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
Синоптикалық метеорология – бакалавр метеорологтың базалық білім 
алудағы негізгі кәсіптік пәнінің бірі болып табылады.
Курстың мақсаты болып атмосфералық макромасштабты процестерді
және олармен анықталатын ауа-райының сипаттамаларын оқыту болып 
табылады.
Пәннің негізгі шешетін мәселесі – студентке атмосфералық 
макромасштабты процесстердің даму заңдылықтары, сонымен қатар 
синоптикалық процестерге физикалық талдау жасау және олардың ауа райын 
өзгерту жағдайы туралы нақты білім беру. 
Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер синоптикалық талдауда 
қолданылатын метеорологиялық ақпараттардың барлық түрлерін, негізгі және 
қосымша синоптикалық тәсілдердің талдау жүйелілігін, атмосферадағы 
процесстердің 
дамуының 
физикалық 
заңдылықтарын, 
ауа 
райын 
қалыптастыратын негізгі синоптикалық объектілердің жылжуын және 
атмосфералық процесстердің тарихи дамуын
 білуі
қажет. 
Студент метеорологиялық қысқа мерзімдік болжау саласында жасалған 
ғылыми еңбектерді және қазіргі кездегі техникалық құралдардың көмегімен 
алынған және өңделген барлық метеорологиялық мәліметтерді кешенді түрде 
қолдана отырып ауа райының болжауын құрастыруды 
істей білуі тиіс

синоптикалық талдауды рәсімдеуді, әр түрлі метеорологиялық болжауларды 
құрастыруда дағдылануға ие болу; атмосферада өтіп жатқан синоптикалық 
процестерді талдағанда компетентті болу.
«Синоптикалық метеорология» курсын оқу үшін келесі пәндерден 
алынған мағлұматтар қажет: «Жоғарғы математика», «Физика», «Физикалық 
география», «Физикалық метеорология», «Синоптикалық метеорология І».


«Синоптикалық метеорология» курсымен тығыз байланысы бар және 
онымен шектес пәндер болып келесілер табылады: «Атмосфераны зерттеудің 
космостық әдістері», «Аймақтық синоптикалық метеорология», «Авиациялық 
метеорология» және «Ауа райын болжаудың арнайы әдістері». 
Аталған пәндер бір объектті зерттейді – ол атмосфера, сондықтан олар өз 
араларында ұқсас болады. Әр пәнде басқа пәндерден алынған нәтижелер 
кеңінен қолданылады. Мысалы, синоптикалық метеорологияда динамикалық 
метеорологияның, аэрологияның, климатологияның нәтижелері кеңінен 
қолданылады және керісінше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет