Программа дисциплин по специальности 5В061200 метеорология


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Pdf көрінісі
бет28/121
Дата13.09.2022
өлшемі1,09 Mb.
#149358
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   121
Байланысты:
5В061200-Метеорология
Документ (1), Өлкетану 3 апта
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
№ 
Тақырып атауы 

Синоптикалық метеорология пәні мен негізгі түсініктері 

Метеорологиялық ақпарат және оны синоптикалық талдау және 
болжау үшін ыңғайлы түрде көрсету тәсілдері. 

Қысым алқабы мен жел алабы. 

Ауа температурасы мен ылғалдылық алқабы. 

Атмосферадағы вертикальды қозғалыстар және оларды есептеу. 

Жоғарғы фронтальды аумақ және жылғалы ағыстар (ЖФА және 
ЖА). 

Ауа массалары. 

Атмосфералық фронттар. 

Атмосфералық фронттардың пайда болу жағдайлары 
10 
Фронттардың жылжуы
11 
Циклон мен антициклонның даму теориялары 
12 
Уақыт бойынша жер беті қысымының және изобаралық беттіктің 
биіктігінің өзгеруі 
13 
Циклондар 
14 
Антициклондар 
15 
Қысым жүйелерінің жылжуы мен эволюциясын болжау 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
Синоптикалық метеорология деп ауа райын болжау мақсатында 
ірімасштабты атмосфералық процестердің даму заңдылықтарын зерттейтін 
ғылымды айтады. 
Ауа райының өзгеруі атмосферада болатын термодинамикалық 
процестермен анықталады. Атмосфераның термодинамикалық күйі, оның 
Жердің қатты және сұйық қабықшасымен әрекеттесу нәтижесі болғандықтан, 
ауа райын анықтайтын процестер географиялық жағдайлармен тығыз 
байланыста зерттеледі. 


Физика заңдары ауа райы болжамын құрастырудың негізі болады. 
Сондықтан синоптикалық метеорологияның негізгі бөлімінің бірі болып 
болжау әдістері туралы бөлімі табылады және синоптикалық метеорологияны 
ауа райы болжамы туралы ғылым деп атауға болады. 
Ғылым синоптикалық деп аталады, өйткені онын зерттеу әдісі болып бір 
уақытта үлкен географиялық кеңістікте өтіп жатқан процестерді шолу болып 
табылады. Бұл әдіс заманауи зерттеулердің негізі болып қалады. 
Синоптикалық метеорологияның зерттеу пәні – күрделі динамикалық 
және термодинамикалық процестері бар атмосфера. Синоптикалық талдаудың 
негізгі объектілері: ауа массалар, ЖФА мен жылғалы ағыстар (ЖА), 
атмосфералық фронттар, циклон мен антициклондар. 
Синоптикалық 
зерттеулердің 
бастапқы 
материалдары 
болып 
метеорологиялық және аэрологиялық станциялар жүйесінің бақылау 
нәтижелері табылады. Ауа райын болжағанда, динамикалық метеорологияда 
жүргізілетін теоретикалық зерттеулердің нәтижелері сәтті қолданылады. 
Синоптикалық 
метеорологияда 
сонымен 
бірге 
физика, 
математика, 
гидромеханика, аэрология, жалпы метеорология, климатология және т.б. 
ғылымдарда жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері де кеңінен қолданылады. 
Ұлы географиялық ашылулардың кезеңінен (XIV ғ. соңы – XV ғ. басы) 
бастап әртүрлі ендіктердің ауа райы мен климаты туралы ақпараттардың 
жиналуы, сосын негізгі метеорологиялық шамаларды өлшеу үшін құралдарды 
ойлап шығару (XVII–XVIII ғғ.) ауа райын ғылыми түрде болжауға жол ашты. 
Синоптикалық метеорология жеке ғылым ретінде XIX ғасырда ғана дами 
бастады. Ауа райы туралы ғылымның тарихында маңызды оқиға болып XIX 
ғасырдың ортасында телеграфты ойлап шығару табылды. Мәліметтерді өлшеп 
және жинап қана қоймай, олармен алмасу мүмкіндігі де пайда болды, ол үлкен 
ауданда ауа райын бір уақытта шолуға жол ашты. Бірнеше елдерде осы кезеңде 
метеорологиялық 
бюллетеньдер 
шығарылып, 
штормдық 
ескертулер 
құрастырыла бастады, ауа райы қызметтері ұйымдастырылды. Ұлыбританияда 
ауа райы қызметінің ұйымдастырушысы Фицрой болған, ол ең алғаш рет бір 
уақыттағы 
метеорологиялық 
бақылаулардың 
мәліметтері 
түсірілген 
географиялық картаны синоптикалық деп атаған.
Жер бетінде ауа ағындарының қосылу сызығы ретінде атмосфералық 
фронттардың болуы 1850 ж. айқындалған, ал «фронт» ұғымы тек 1915 ж. 
Анзельмен ұсынылған. Ал циклондардың фронтальды құрылымы, фронт 
аймағында метеорологиялық шамалардың таралуы мен ауа райы жағдайлары 
ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарында ғана айқындалған. Дәл осы уақыттан 
бастап атмосфералық фронттардың жылжуы мен эволюциясын болжау ауа 
райы болжамының негізгі элементі болып табылды. Синоптикалық 
метеорологияның елеулі дамуына 30-шы жылдардың соңында биіктік 
карталарды қолдану болысты. Синоптикалық процестерді үш өлшемді 
талдаудың жаңа әдістерін қолдану ауа райының қысқа мерзімді 
болжауларының жетістіктерін маңызды өсуіне алып келді.
50-шы жылдардың басынан бастап синоптикалық метеорологияның 
дамуы ең біріншіден ғылыми-техникалық революциясымен байланысты. 


Метеорология саласында бұл революция метеорологиялық ақпаратты алудың, 
жинаудың және тарату тәсілдерінің өзгеруіне алып келді. Жылдам есептейтін 
техниканың пайда болуы болжамның гидродинамикалық әдістерінің дамуына 
үлес қосып, атмосфера күйінің болжау және талдау процестерінің жалпы 
математизациялануына алып келді. Алғашқы метеорологиялық серіктерінің 
жіберілуімен атмосфералық құбылыстарды үлкен географиялық кеңістіктерде 
шолу мүмкіндігін беретін спутниктік метеорология саласындағы зерттеулер кең 
тарала бастады. Спутниктік ақпарат синоптикалық талдауды объективті түрде 
жүргізуге, ауа райының қауіпті және өте қауіпті құбылыстарының пайда 
болуын 
уақытылы 
айқындауға 
мүмкіндік 
берді, 
әсіресе 
кәдімгі 
метеорологиялық ақпарат жоқ жерлерде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет