Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, оргаикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті. 1. жарық көзі 2. Линза-корректор 3. Айна 4. Объект 5. Конденсор 6. Зат қоятын үстелше 6 ' Объективтен алынған объектінің нақты, төңкерілген және үлкейтілген кескіні 6''Окулярдан алынған объектінің екіншілей үлкейтілген, жалған кескіні 7. Объектив 8. Окуляр Микроскоп құрылысы:
Микроскоптардың ажыратқыш қабілеті мына формуламен анықталады: L(min) = 0,6λ /nsinU L(min) = екі заттың ең жақын арақашықтығы,
λ = жарықтың толқын ұзындығы,
n = линзаның сыну көрсеткіші,
nsinU=сандық апертура
М И К Р О С К О П Стереоскопиялық. Поляризациялық микроскоп.