Люминесценттік ультракүлгін.
Интерференциялық
микроскоп.
Электронды.
- Стереоскопиялық бинокульды микроскоп объектінің үш өлшемді кескінін алу үшін пайдаланылады. Ол екі жеке микроскопиялық жүйеден тұрады, оның үлкейтілуі 100-ге дейін, ол хирургиялық операцияларда пайдаланылады.
- Поляризациялық микроскоп микрообъектілердің поляризацияланған жарықпен өзара әсерін оқып үйрену үшін қолданылады. Онда оптикалық рұқсат етудің шегінің сыртындағы объектілерді көруге (бұлшықет ұлпасы) болады.
- Люминесценттік микроскоп ультракүлгін немесе көк жарықпен үлгіні жарықтандырады. Бұл жарықты жұта отырып үлгі люминесценцияның көрінетін жарығын шығарады. бұл микроскоп медицинада диагностика үшін пайдаланылады.
- Интерференциялық микроскопты интерференция құбылысын пайдаланылады. Микроскопқа түсетін әрбір сәуле қосарланады. Микроскоптың окулярлық бөлігінде екі сәуле қосылады да, өзара интерференциаланады. Сонда тірі объектілердің зерттеудегі өте пайдалы ақпараттарды алуға болатын боялған кескіндер алынады.
Электрондық микроскоп микрообъектілердің кескінін өте үлкейтіп көрсетеді.Кәдімгі микроскопта жарық сәулелері қолданылса, электрондық микроскопта жылдамдығы өте үлкен электрондар, сондай-ақ шыныдан жасалған линзаның орнына, бұл микроскопта электрондық линзалар пайдаланылады.Электрондық микроскоп вирустарды зерртеп білуге мүмкіндік береді.
Электрондық микроскоп жарық микроскопына карағанда 100 000 есе үлкейтеді.
Қазіргі электронды микроскоптың көрсеткіштік кабілеттілігі 0,1-0,3 нм-ге дейін жетеді. Объектіні
150 000 есеге дейін үлкейтеді.
Клетканың барлық ультрақұрылысын молекулалық деңгейде зерттеуге мүмкіншілік береді.
Электрондық микроскопты 1930-1960 жылдары неміс ғалымдары Девиссон мен Калбин құрастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |