233. Тимус (айырлы без) пен бүйрек үсті бездерінің орналасу орны, гормондары мен олардың қызметтерін сипаттап жазыңыз. Ауытқушылық болғанда қандай аурулар болатынын жазыңыз. Тимус (айырлы без). Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұрады (оң және сол жақ бөліктер) бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысында орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмаы 23 г., 15 жаста 37 г. болады. Одан әрі қарай без клеткалары солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда не бары 6 г болып қалады.Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі кальций тұздарын –сүйектің құрамында сақтап, оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Бұған қоса, бүйрек үсті бездерімен бірге С витаминінің қоры ретінде де қызмет атқарады. Тимустың қызметіне байланысты бездің гипертрофиясы кезінде байқалатын тимус-лимфатикалық статус деп аталатын ауру бар. Тимус безінің ісініп өскендігінен нәрестінң өлгендігі туралы ақпаратты ХІХ ғасырға дейін ең алғаш Пиит есімді дәрігер ғана жазған.
Жалпы алғанда тимустың аурулары өте аз кездеседі. Бұл бездің ауруларының негізгі белгілері: шектен тыс семіздік, әлсіздік, ауруға төзімсіздік, без ұлпасының ұлғаюы, сүйектің жұқаруы, сүйек сынығының нашар бітуі. Дәрігерлердің бақылауына қарағанда тимістың аурулары организмде қан айналысы бұзылғанда қабынудың ауыр асқынған түрлеріне, туа пайда болған даму кемшіліктеріне, ісіктерге байланысты пайда болады.
Бүйрек үсті бездері қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г. , әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар, ә) минералкортикоидтар, б) адренокортикоидтар. Глюкокортикоидтар бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа өте белсенді гормон-кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады. адренокортикоидтар-андростерон, эстрол және прогестерон гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы зонасының клеткаларында түзіледі.