Проприорецепторлар мен ноцирецепторларға және олардың түрлеріне анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз


Жыныс бездерінің орналасуы, гормондар мен қызметтерін атаңыз. Қандай аурудары болатынын және олардың туындауына себептерін ашып көрсетіңіз



бет4/27
Дата15.06.2023
өлшемі67,94 Kb.
#178862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
3 деңгейдегі ОФД

234. Жыныс бездерінің орналасуы, гормондар мен қызметтерін атаңыз. Қандай аурудары болатынын және олардың туындауына себептерін ашып көрсетіңіз.
Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады. сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары -әйелде аналық клетка ерлерде аталық клеткалар –сперамтозоидтар өніп дамиды. Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары түзіледі. Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап, баланың өсуіне, дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Ерелердің жыныс бездері-қос мүше. Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпалардан тұратын капсуламен қапталған, мұны белоктық қабық деп атайды. Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны өнеді. Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон және басқа жыныс гормондары түзіледі. Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобына жатады. тестостерон гормоны ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, әр адамға лайық сақал-мұрттың, денедегі түктердің көмейдің дыбыс жарғақтарының өсуіне әсер етеді. әйелдердің жыныс бездері жатырдың оң және сол жағында орналсқан. әдетте, оң жағындағы безден сол жағындағысы кішілеу келеді. Аналық без екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты және ішкі милы қабат. Қыртысты қабатта аналық жыныс клеткалары өніп дамиды да, милы қабатта гормондар түзіледі. Қыртыс қабатында түрлі даму дәрежесіндегі Графф фолликулдері мен басқа көпіршік клеткалар, сары дене болады. Аналық бездерде эстрогендер мен прогестерон горондары өндіріледі. Эстрогендер (грек, эструс-күшті, құштарлық+генес- тудырушы) тобына эстрадиол, эстрон, эстриол гормондары жатады. аналық безде аздаған мөлшерде ерлердің жыныс гормоны тестостерон да түзіледі. Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып, жатырдың еттеріне әсер етеді, жатыр түтікшелерін өсіріп, олардың қозғалысын қамтамасыз етеді, әйелдердің жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс белгілерін тудырады, жыныс рефлекстерін қамтамасыз етеді, қыздардың бойын өсіреді, клеткалық бөлінуді күшейтеді, орталық жүйке жүйесін қоздырады, зат алмасуына әсер етеді. Прогестерон минерал заттары мен судың алмасуына қатысады, орталық жүйке жүесінің қызметін сақтап, жүкті әйелдің жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет