Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет52/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
 
 
Эпидемиологиялық әдіс 


~ 97 ~ 
Эпидемиологиялық әдіс жеке жағдайларды емес, кӛпшілік дертті 
жағдайларды зерттеуге және психикалық патологияға тән жалпы 
заңдылықтарды анықтауға мҥмкіндік береді. Эпидемиологиялық зерттеулер 
нәтижесі барлық популяция мен репрезентативті топты зерттеу нәтижесінде 
алынған жағдайда ғана маңызды болып табылады. Популяция бір аймақты 
мекендеген тҧрғындар немесе қандай да басқа бір белгілері арқылы біріккен 
(мамандық, жыныстық, рассалық және т.б.) топтар болуы мҥмкін. Популяция 
шизофрениямен, эпилепсиямен немесе қандай-да бір басқа аурулармен 
ауыратын адамдардың тобы болуы мҥмкін. Кӛлемді зерттеулерде 
репрезентативті топтар қҧрылады.
Қҧрылған топ барлық кӛрсеткіштері бойынша популяцияға (жынысы, 
жасы, қызметі, білімі) сәйкес келуі керек.
Тҧрғындардың психикалық денсаулығының негізгі кӛрсеткіштері 
ауыру, аурушаңдық және ауыру қауіптілігі болып табылады. 
Ауруға шалдығу
– популяция деңгейінде бір жыл ішінде тіркелген жаңа науқастар санымен 
анықталады. Аурушаңдық - науқас адамдардың жалпы санымен анықталады. 
Аурушаңдық пен ауыру 100, 1000, 10000, кейде 100 000 дейінгі тҧрғындар 
есебінен алынады. Интенсивті кӛрсеткіштер бойынша басқа да 
қҧбылыстардың таралу дәрежесі кӛрсетіледі: ӛлім дәрежесі, мҥгедектік және 
т.б. Ауыру мен аурушаңдық және басқа да кӛрсеткіштер басқа 
сипаттамаларға қатысты кӛрсетіледі: нақты бір жылда немесе қандай-да бір 
уақыт кезеңінде, қандай-да бір жас кезеңіндегі адамдарға және т.б. 
Ауруға 
шалдығу қаупі
– адам жасына қарай аурудың пайда болу мҥмкіндігі және 
аурудың басталу жасы. Қауіп мҥмкіндіктер (50 ішінен 1 мҥмкіндік) немесе 
пайыз тҥрінде кӛрсетіледі.
Психикалық аурулардың қалаларда, аудандарда, елдердегі таралу 
кӛрсеткіштерін салыстыру науқастардың психикалық жағдайын бағалау 
унификациясы іске асырылғанда ғана нақты нәтиже береді. 
Дегенмен мектептердің кӛбеюі мен диагностикалық тәсілдердің 
әрқилылығына байланысты ҧқсас жағдайларды нақты квалификациялауды 
әртҥрлі елдерде емес, бір ғана ел шеңберінің ӛзінде іске асыра алмаймыз. 
Ауру жағдайын бағалауда келіспеушіліктерді болдырмас ҥшін, психикалық 
аурулардың таралуы, формасы, варианты туралы мәлімет алғанда зерттеу 
кезінде есепке алынған сипаттаманың унификациясы қажет. Осыған 
байланысты біздің елімізде, эпидемиологиялықлық зерттеулер жҥргізгенде 
тәжірибеде қолданылатын барлық негізгі нозологиялық формалар ҥшін 
психопатологиялық синдромдар глоссарийлері дайындалған. Кез-келген 
психикалық ауруларды бағалауға қолданылатын стандартты синдромдар 
жинағы қҧрастырылған. Синдромдарды глоссарий бойынша шифрлай 
отырып, диагностикалық бағытқа және мамандық бойынша дайындық 
дәрежесіне тәуелсіз дәрігер суреттелген синдромдардың бірімен науқас 
жағдайын идентификациялайды.


~ 98 ~ 
Осылайша болашақта статистикалық ӛңдеу жҥргізу ҥшін мәліметтер 
алуда бірлік қалыптасады. Әрі қарай мәліметтерді талдауда зерттеу кезінде 
нақты синдромды анықтау ауру дамуының ӛте ерте сатысында науқастың 
алдағы жағдайы жӛнінде нақты қорытынды жасауға мҥмкіндік береді. 
Осындай жағдайда ауру ағымын синдромдардың динамикалық тізбегі 
тҥрінде қарауға мҥмкіндік туады, бҧл психопатологиялық ҥрдістің 
динамикалық тенденциясын, себептерді және клиникалық патоморфоз 
ерекшеліктерін анықтауға мҥмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет