Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет60/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
ГАЛЛЮЦИНАЦИЯ 
ПАТОГЕНЕЗІНІҢ 
ТЕОРИЯСЫ. 
Галлюцинацияның шығу тегін 
тҥсіндіруге тырысқанда мынаны байқауға болады, галлюцинациялар патогенезі 
теорияларының бірде-бірі оның кӛптҥрлілігін тҥсіндіре алмайды. Ең кӛнесі перифериялық 
теория болып табылады, оған сәйкес галлюцинацияның пайда болуында анализатор 
аппараттарының дертке ҧшырауы кезіндегі тітіркенуіне кӛп кӛңіл бӛлінеді. Эксперимент 
барысында (механикалық, электор тоғымен) белгілі жҥйкені тітіркендіргенде, жарық, 


~ 109 ~ 
дыбыстық және т.б. сезімдер тудырады, бірақ олар элементарлы, затты тҧтасымен 
қабылдауды қҧрамайды. 
Кейінірек алғашында иллюзия, артынан галлюцинация тәрізді қабылдау 
алдамшыларының пайда болуын, кӛздің мӛлдір қабығының дағы, кӛз жанарының 
бҧлдырлануы, қҧлақта қҧлықтың жиналуымен байланыстырды. Дегенмен бҧл теория 
сезім мҥшелері сау адамдарда анализатордың сырттан тітіркену мҥмкіндігінің толық 
болмауы кезінде (соқыр, саңырау адамдарда) галлюцинацияның пайда болу жағдайын 
тҥсіндіре алмады. 
Біртіндеп галлюцинациялардың шығуы тегі орталыққа байланысты және сезім 
мҥшелерінің жоғарғы орталығының қозуы нәтижесінде пайда болатындығы жӛнінде пікір 
қалыптасты. Осындай кӛзқарасты С.С. Корсаков және В.А.Гиляровский ҧстанды. Әр тҥрлі 
медикаментермен қозуды жою, ауруды тыныштандыру арқылы галлюцинацияны 
бәсеңдетуге немесе жоюға болады. 
И.П.Павловтың тежеулік теориясы негізінде галлюцинациялардың пайда болуы ми 
қыртысының тежелуі негізінде болады деген концепция жасалды. Бҧл жағдайда қозу 
ошағында кҥш қатынастары ӛзгерген: әлсіз тітіркендіргішке жҥйке жасушалары ӛте кҥшті 
қозумен /парадоксальды/ жауап береді немесе сол кҥшпен кҥшті тірікендіргішке де жауап 
береді /теңесу фазасы/. Жоғарыда келтірілген концепцияның авторы Е.А.Попов 
галлюцинациясы бар шизофрениямен науқастарға тері астына кофеинді егіп, оның 
қоздырушы әсерінің жоғарғы шегінде галлюцинацияның жойылғанын бақылаған. 
Кофеиннің әсерімен біршама уақытқа орталық жҥйке жҥйесінің тежелуін тоқтатқанымыз 
және жоғарғы жҥйке қызметін қалыпқа келтіргеніміз рас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет