Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет151/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

10 жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қазір арамыздан біреуіміз өз еркімен, арамызда кейбіреулерінің бойында бар, ал кейбіреулерінде жоқ белгіні ойланып, шеңбердің ортасына шығады да, әрқайысысына кезекпен жақындайды. Әрқайысымыз оған тек бір сұрақ қана қоямыз: (мысалы, шеңбердің ортасына Торғын шығады) «Торғын мен пум-пум-пумменмін?- дейді, және Торғын ол адамның бойында ойлаған белгі бар ма әлде жоқ па екендігіне байланысты «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Белгілер нақты, бізге белгілі болуы керек».

Біздің міндетіміз- қандай пум-пум-пум ойда жасырылғанын түсіну. Жаттықтырушы әрқайысысына жақындап келіп және қойылған сұраққа жауап бергеннен кейін, біз ойымызда туындаған болжамдарды айтамыз.

«пум-пум- пумды» іздеу процесі барысында, бойыңызда пайда болатын жағдайға назар аударыңыз және жауаптың пайда болу сәтін ұстап қалуға тырысыңыз.

Жаттықтырушы өзі жаттығуға белсене қатысуына болады, сонымен бірге шеңбердің ортасына өзінің «пум-пумымен» шығуынада болады, дегенмен де алдымен топ мүшелеріне белсендік танытуына мүмкіндік бере отырып, бірден араласпаған жөн болар.

Аталмыш жаттығудың көпқырлы тиімділігі бар. Ол мәселелі, белгісіз орта тудыруымен креативтілік тренингі мазмұнымен сәйкес келеді, өте көңілді өтеді, қатысушылардың, икемді, өнертапқыш болуына жетелейді, олардың қиялы мен бақылампаздығын дамытады.

Алайда біз бұл жаттығуды жұмыстың негізгі мақсаты креативтілік не екенін түсінуге, оның көрінісінің кедергілері және креативтілік процесінің кезеңдері қандай екендігін сезіну болатын нысаналау кезеңінде өткізуді ұсынамыз.

Бұл жағдайда жаттықтырушы топ мүшелеріне қоятын екі сұрақ тиімді болады. Олардың бірі «Жауап қалай туындады?» жауапты тапқан топ мүшелеріне қойылады. Екінші сұрақты жауап жолын іздестіргендердің барлығына қоюға болады: «Қандай сезімдер, қалып сізде туындады және олар жауапты іздеу барысында қалай өзгеріп отырды?».

Бірінші сұраққа жауап шешімі қисынды жолмен табылуы мүмкін емес мәселелік жағдайда жауап табу механизмінің шетін ашуға мүмкіндік береді. Атап кетсек, тренинг топ мүшелері бұл жағдайда салыстырмалы механизмнің аса маңызды екендігін бірден табады.

«Жауап қалай туындады?» сұрағына жауап бере отырып, қатысушылар креативтік процесінің кезеңдері туралы айта бастайды. Жауап табу үшін толық ақпарат жинау қажет деген ой туындайды: психологиялық бақылампаздықты қолдана отырып барлық варианттарды қарастыру, бір мазмұнды саладан келесіне көшу. Осы жолмен дайындық кезеңі туралы әңгіме қозғалады, және жаттықтырушының осы тақырыпты іліп алу, айтылған ойларды жазып алуы мүмкіндігіне ие болады. Бұл жердің өзінде –ақ қатысушыларға осы кезеңде пайдаланған тактикасын сезініп, және олар туралы айтып беруін ұсынуға болады.

Екінші сұраққа жауап креативтік процесінің кезеңдері туралы әңгімені жалғастыруға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, қатысушылар көп жағдайда, қандай да бір сәтте оларда «пум-пум-пумды» таба алмайтындай сезім туындағанын айтады, шиеленіс жағдай туындағаннын, жауапты іздеуді тоқтату сәттері туындағанын жиі айтады. Бұл жолмен, фрустрация кезеңін белгілеу мүмкіндігі пайда болады және қорытындыны жасай отырып, креативтік процесінің осы кезеңінде пайда болатын жағдайларды тізбектеу мүмкіндігі туады.

Әдетте, қатысушылардың бірі талқылау барысында келесі пікірді айтады: «Бір сәттерде мен «пум-пум- пум» жайлы ойлауды қойып, өзімнің басқа бір ойларымды ойлай бастадым, бірақ кенеттен бұл Нағиманың сөзінен кейін болар, менде жауап өздігінен пайда болды». Бұл жағдайда кейде бұл қатысушының дайындық кезеңін толығымен өтіп, фрустрация кезеңінде ұзақ болмай, инкубация кезеңіне көшкенін анықтау мүмкін болады. Бұл кезеңде болған сәтте оның ішкі санасы Нағиманың айтқанын «естіді», ол ақпаратты бар ақпараттпен «біріктірді», және жауабын «тапты».

Тренингке қатысушылар сондай-ақ жауапты анықтау барысында бойынан көрініс тапқан сезімдер мен эмоциялар: қуаныш, таң қалу, «жақсы болғандығы» және т.б. туралы айтады. Бұл әсерлерді жаттықтырушы инсайт кезеңімен сәйкестендіре алады.

Жаттығу аяқталғаннан кейінгі әсерлермен алмасу процесі барысында әдетте, талқылау кезеңі (верификация, толықтай ену) туралы ойлар айтылады.

Қатысушылардың бірі шамамен төмендегідей пікір айтуы мүмкін: «Маған жауапты тапқандай болып көрінді, мен оны тексере бастадым, тапсырманың талаптарымен салыстырды да, оның сәйкес екендігін түсіндім (жарамайды)». Мұндай пікірге сүйене отырып, жаттықтырушы пайда болған ойларды тексеру, оларға қорытынды форма беру қажеттігі туралы айтады.

Креативтік тренинг тобының бірінде біздің өткізген «пум-пум-пумды» іздеуімізден мысал келтірейік.

Жасырушы «пум-пум-пум» ретінде тренингке қатысушылардың толық есімдеріндегі бірінші дауысты дыбысты таңдады. Осы жағдайда, топта Айка деп атаған Айнур, Орынкүл және Аружан (топта оны Ару деп атады) «пум-пум-пумның» иегерлері болды. Топ іздеуді сыртқы келбет белгілерін таңдаудан бастады. Шаштарының түсі, шаш қою қалпы, көзінің түсі, бетінің қалпы (дөңгелек), әшекейлерінің болуы, сағатының болуы, көйлегінің, жейдесіндегі арнайы жырықтар және басқа көптеген белгілер аталғаннан соң, топтың кейбір мүшелерінің бойында: «Мүмкін сен бізге бірнәрсені айтарсың», «Егер біз жауап таппасақ не болады?», «Бұл «пум-пум-пум» шынымен бар ма?» деген сөйлемдермен жеткізілген қобалжу орын алды.

Қатысушылардың кейбірі бұл кезеңде өздерінің белсенділіктерін бәсеңдетті, олардың вербальды емес мінез-құлықтары арқылы олар «пум-пум-пумға» қатысты емес басқа бірнәрсені ойлап тұрғанын анықтау болды. Кейін, талқылау барысында, ол қатысушылар өздерінің бір сәтте тапсырмаға деген қызығушылықтарын жоғалтып алғандықтарын, оларға бұл мәселемен ары қарай айналысу жалқаулық тудырғандығы туралы айтты.

Алайда, топ мүшелерінң басым көбі шешімді іздеуді жалғастырды. Олар жаңа салаларға көшіп отырды.

Шешімді іздеу процесіндегі сапалы ілгері басу топтың назарын бұған дейін іздеу тек бір мазмұндық салада - сыртқы келбетіне қатысты болғандығына аударуы мен «пум-пум-пумды» басқа салаларда: бөлмеде орналасуынан, жұмыс орнынан, қызығушылығының сипатынан (өздерінің хобилері мен қызығушылықтары туралы топ мүшелері дәрістің басында бір-біріне айтқан болатын) іздеуді ұсынған Асылжанның жауабынан кейін туды. Бұдан кейін жаңа ойлар пайда болды, бұл соңында «есімдер» мазмұндылық саласына шығуға және әрине бірден емес, жауабын табуға мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет