ҚР азаматтық құқық бойынша емтиханның жауаптары 1 сурақ


сұрақ. Мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге н/е тоқтатуға багытталған әрекеттері мәмілелер



бет7/21
Дата08.02.2022
өлшемі103,5 Kb.
#98122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
азаматтық құқық ответы-1

18 сұрақ. Мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге н/е тоқтатуға багытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Түрлері: бір жақты, екі жақты н/е көп жақты болуы мүмкін. 1 жақты – заңдарға н/е тараптардың келісіміне сәйкес, жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет ж/е жеткілікті болатын мәміле.148 бап.
19 сұрақ. Азаматтық құқық объектілері – мүліктік игіліктер ж/е жеке мүліктік емес игіліктер болады. мүліктік игіліктер – заттар, ақша,сонын ішінде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс,қызмет, шығармашылық интеллектуалық қызметтің объектіге арналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер. жеке мүліктік емес игіліктер – жеке адамның өмірі, деңсаулығы,қадір-қасиеті, абырой,игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия, отбасы құпиясы,есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы.
20 сұрақ. Жарамсыз мәміле – мүдделі тұлғалардың тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талап-арызы б/ша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. (157 бап)Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылуы күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.
21 сұрақ. Мәміленің нысандары - ауызша н/е жазбаша болады. Жазбаша жай немесе нотариалды куәләндірілуі мүмкін. Ауызша мәмілелер – жетон, билет арқылы расталуы мүмкін.
22 сұрақ. Құқықты жүзеге асыру осымен бір мезгілде құқық берілген адамның міндеті бола алмайды, өйтпеген жағдайда құқық мәжбүрлі түрде жүзеге асырылған болар еді. Алайда құқықты жүзеге асырмау, заң актілерінде көзделген жағдайларда, құқықтың тоқтатылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, жалға алушы дәлелді себептерсіз тұрғын үйде алты айдан астам тұрмайтын жағдайда сот оны тұрғын үйді пайдалану құқығынан айрылған деп тануы мүмкін (Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 87-бабы). Азаматтық қүқықтарды жүзеге асыру шегі.Заң азаматтық құқық субъектілеріне өздерінің құқықтарын жүзеге асыру бостандығын бере отырып, осымен бірге оларды жүзеге асыруға белгілі бір талаптар қояды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыруға қойылатын талаптар АК-ның 8-бабында баяндалған. Ең алдымен, субъективтік азаматтық құқықтар құқықты жүзеге асыру құралдарына, әдістеріне, оның субъектілеріне, оны қорғаудың мүмкін болатын әдістері мен нысандарына қатысты заңдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтарды жүзеге асыру қоғамның ізгілік принциптерін бұзбауы тиіс, ал кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда, сонымен қатар, іскерлік әдеп ережелері сақталуға тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі құқықтарын адал, парасатты әрі әділ жүзеге асыруы тиіс. Заң теріс пиғылды, қисынсыз не әділетсіз әрекеттердің бәріне бірдей сипаттама бере алмайды.
23 сұрақ. Басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа , зңдарға, сот шешіміне, не әкімшілік құжатқа негізделген өклеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді ж/е тоқтатады. (164-166)
24 сұрақ. Сенімхат - бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін екінші вдамға берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Тараптары: сенім білдіруші, сенім білдірілген адам. Түрлері: бас сенімхат (әр түрлі мәмілелер жасауға), арнайы сенімхат – (бір текті мәміле№ мысалы көлік жүргізу), бір мәртелік сенімхат – (1 ғана әрекет жасау үшін арналған). Мерзімі: жалпы уш жыл; қолдану мерзімі белгленбесе 1 жыл; берілген күні белгіленбесе жарамсыз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет