ҚР азаматтық құқық бойынша емтиханның жауаптары 1 сурақ


сұрақ. .Азаматтық қүқықтарды қорғау



бет8/21
Дата08.02.2022
өлшемі103,5 Kb.
#98122
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
азаматтық құқық ответы-1

25 сұрақ. .Азаматтық қүқықтарды қорғау.Өз әрекеттеріне құқықпен немесе талап ету құқығымен қатар, субъективтік құқықты қорғау құқығы кез келген субъективтік құқық мазмұнының құрылымдық элементі болып табылады. Заңда көзделген, қүқықтың қол сүғылмаушылығын қамтамасыз етуге, бүзылған қүқықты қалпына келтіруге және қүқықты бүзатын әрекеттердің жолын кесуге бағытталған шаралар жүйесін азаматтық қүқықтарды қорғау деп түсінеміз.
Азаматтық қүқықтарды қорғау әдістері.Азаматтық құқықтарды қорғау АК-ның 9-бабында көрсетілген мынадай әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістер. Олардың тізбесі мұнымен аяқталмайды, Азаматтық кодекс, басқа заң актілері АК-ның 9-бабында көзделгендерден басқа да әдістер ұсынуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет