Онтологиялық көзқарастарындадеизм бағытын ұстанды, болмыс өзгерісте болатындығын, оны өгеріске келтіретін қозғалыс екендігі, ал сол қозғалыстың өзінің тіпкі мәні болатындығын айтады. Түпкі мән тек қозғалысты тудырып, әрі қарай еш нәрсеге араласпайтындығын, сондықтан ол ешбір өгеріссіз қалатындығын тұжырымдады.
Таным мәселесінде, қоршаған дүнені тануда таным процессінің сезімдік және рационалды деңгейлерден өтетіндігін, танымның негізі ақиқатта, сол ақиқатқа жету жолында қажырлылық танытуды ескертті.
Шәкәрімнің этикалық көзқарастары негізінде «Үш анық» концепциясы қалыптасып, рухани ізденістерінің аумағы айқындалды.