Абсолюттік идея – философиясының негізгі категориясы, дүниенің негізін көрсетеді, дүниенің шығармалық бастамасы, болмыстың өзгермейтін, мәңгі, аяқталған бастамасы.
Абсолюттік ақиқат – (лат. absolutus – сөзсіз) «өзінен-өзі жеткілікті», бұл шындықтың дәл, түгел бейнелеуі, ол обьективтік ақиқат.
Аверроизм – Авероэс Ибн-Рушд ақиқаттың екіжақтығы туралы ілімі бойынша адамға философиялық ақиқат пен діни ақиқаттың бір-біріне қарсылықтың жоғын, дінді ұғынуға ұмтылады.
Адаптация – (кейінгі лат. adaptatio – бейімделу) орта, тұлға мен әлеуметтік топтың арақатынасының түрі. Организмді ағза құрылымы мен қызметінің бейімделу сипатының өмір сүру жағдайына дағдылануы – әлеуметтік адаптация айырмашылығы адам, түр ретінде өзінің құрылымы мен қызметін өзгертпейді, тек орта түрін өзгертеді.
Агностицизм – ( гр. А теріске шығару және gnosis – білім) обьективтік дүниені, обьективтік ақиқатты білу мүмкіндігін толық емес, ішінара теріске шығаратын ілім.