167
королі Густав Адольф болды. Одақтастығы үшін Ришелье швед
короліне көп ақша төледі. 1630
жылдың жазында швед әскер-
лері Померанияға енді. 30 мыңға жуық швед әскерлері соғысқа
жақсы дайындалған қатаң тәртіпті және швед шаруаларынан
құралған бір ұлтты әскер болатын.
1631
ж.17 қыркүйегінде
Густав Адольф
католиктік лиганың қолбасшысы
Тилли
бас-
қарған әскерді Лейпцигтің жанында күйрете жеңіп, Дунайдың
жоғарғы ағысы мен Рейн бойын жаулап алды. 1632 ж. көк-
темінде Лехе көлінің жағасында шведтер тағы жеңіске жетті.
Алайда,
1634
ж.империя әскерлері швед әскерлерінің құрамын-
дағы
тәртіпсіздікті пайдаланып
Нордлинген
түбінде шведтерге
күйрете соққы берді. Шведтер Оңтүстік Германия жерінен
қуылды.
Бұл соғыста Швеция, Голландия, Савойя, Венеция,
Венгрия Франция жағында болды.
Әскери қимыл Германия,
Испания, Нидерланды, Италия жерлерін қамтыды. 1643 жылы
француз әскерлері батыста испан әскеріне күйрете соққы беріп,
бүкіл Эльзасты алды. 1645 жылы Чехияның Янковица қала-
сының маңында швед әскерлері король әскерлерін жеңді. 1646
жылы француз-швед біріккен әскери күштері Баварияны басып
алғанынан кейін ІІІ Фердинанд соғыста жеңілгендігін мойын-
дап, бітім жасауға мәжбүр болды.
Вестфаль бітімі
.
Келіссөздер
1645
жылдың маусым
айынан басталып Вестфалияның 2 қаласында
Оснабрюкте
және
Мюнстерде
жүргізілді. Оснабрюкте-императордың
елшілері
швед үкіметі мен герман протестанттарының өкілдерімен, ал
Мюнстерде француз үкіметі мен келіссөз жүргізді. Келіссөздер
1648
жылдың күзінде аяқталды.
Вестфаль бітімі жеңімпаздардың үлкен аумақтарды ием-
денуіне жол ашты.
Швеция
Батыс Померанияны,
шығыс
Померанияны Штеттин қаласымен және Рюген аралымен қоса
иемденді. Висмер қаласы, Бремен және Верден архиепископ-
тары
Швецияға
қарады. Сонымен бірге Швецияға 5 млн.талер
көлемінде контрибуция төленді.
Франция
Эльзасты, жоғарғы
Лотарингияны, Мець, Туль, Верден қалаларымен бірге алды.
Вестфаль бітімі бойынша
герман кнәздері
өз бетінше басқа мем-
лекеттермен
келісім шарт жасауға
рұқсат алды. Сөйтіп
168
Германия Еуропалық елдердің күшімен бөлініп кетті. Осы
келісім бойынша
Швейцария одағы
мен
Голландияның тәуел-
сіздігі
де заңды түрде мойындалды.
Достарыңызбен бөлісу: