0
Р.Т.АЙТБАЙ
Еуропаның орта
ғасырлық тарихы
Алматы, 2014
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Р.Т.АЙТБАЙ
Еуропаның орта ғасырлық тарихы
Оқу құралы
«Қыздар университеті» баспасы
Алматы, 2014
2
УДК 94(100)
»
05(075.8)
ББК 63.3(0)4я73
А 32
Баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Редакциялық баспа кеңесі мақұлдап ұсынған
Пікір жазғандар:
Г.К.Көкебаева
–
т.ғ.д., профессор;
Р.С.Мырзабекова
–
т.ғ.к., доцент
А32
Р.Т.Айтбай
Еуропаның орта ғасырлық тарихы:
оқу құралы
.
/ Айтбай Роза Түймебайқызы − Алматы: «Қыздар университеті»
баспасы. 2014.- 179 бет.
ISBN 978-601-224-556-1
Еуропаның орта ғасырлық тарихы әр түрлі тарихи оқи-
ғаларға толы ұзақ дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар батыс қоға-
мындағы жаңа экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеріс-
тердің пайда болуымен және дамуымен сипатталады. Қазіргі
кезеңдегі Еуропа елдерінің ұлттық мемлекеттері мен мәдение-
тінің, әлеуметтік-саяси құрылымдарының, экономикасының не-
гіздері, аймақтық шекараларының алғаш қалыптасуы мен дамуы
Орта ғасырлар кезеңінде орын алды.
ISBN 978-601-224-556-1
УДК 94(100)
»
05(075.8)
ББК 63.3(0)4я73
© Айтбай Р., 2014
© «Қыздар университеті» баспасы., 2014
3
КІРІСПЕ
“
Орта ғасырлар
”
деген тіркесті естігенде көз алдымызға
сауыт-сайман киген еуропалық рыцарьлар мен тас қамалдар,
отқа өртелген күпірлер мен ғалымдар, крест ұстаған діндар-
лардың бейнесі келеді. Шындығында
“
Орта ғасырлар
“деген
терминді ХҮ-ХҮІ ғғ. Италияның филологтары латын тіліне
байланысты қолданып, ал ХҮІ-ХҮІІ ғғ.гуманист-тарихшылар
оны Батыс Еуропа тарихының антикалық дәуірден өздері өмір
сүріп отырған Қайта Өркендеу кезеңіне дейінгі аралығын си-
паттау үшін тарих ғылымына енгізген. Латынның «
medium
aevum»(орта ғасыр
) деген сөзінен алынған.
«Орта ғасырлар» тек Батыс Еуропаға тән құбылыс па
деген сұрақ туады. Гуманистер бұл терминді антикалық және
Қайта Өркендеу өркениеті бар Еуропаға байланысты қол-
данғаны әрине рас. Ағылшын ғалымы А.Тойнби әр аймақтың өз
дамуы, өркениеті бар, ал өркениеттің жалпы ортақ заңдылыққа
бағынатындығын айтады.
Маркстік тарихнамада «Орта ғасырлар» феодализмнің үс-
темдік еткен дәуірі, қоғам дамуының барлық аймақтарға мін-
детті кезеңі, сондықтан феодалдық Орта ғасырлар барлық жерде
Еуропада, Азияда, Африкада да болды деп тұжырымдалды. Бұл
көзқарастың кемшілгі батыс Еуропаға тән орта ғасырдың бел-
гілері мен заңдылықтарын Азия мен Африкадан табуға тыры-
сушылық еді. Сонымен бірге таптық бағыттағы ұстаным көп-
теген тарихи оқиғаларды шынайы сипаттап бағалауға кедергі
жасады. Орта ғасырлардың хронологиялық шеңберінде
Шығыста өзіндік өркениет қалыптасты. Бұл өркениеттің дәре-
жесі Еуропадан анағұрлым жоғары болды. Еуропаның шығыс-
тық өркениеттен көп нәрсені үйреніп барып, одан әрі дамы-
туына тура келді.
Тарихнамада орта ғасырлардың шеңбері жайында әр түрлі
пікірлер қалыптасқан. Көпшілік пікір ІҮ-ХҮ ғғ. мақұлдайды.
4
Еуропалық және кейінгі ресейлік тарихнамада да осы аралықты
құптайды. Маркстік тарихнамада Ү ғ. - ХҮІІ ғ .бірінші жартысы
яғни 476 жылы Батыс Рим империясының құлауы мен 1640
ағылшын төңкерісінің аралығы қабылданған. ХҮІ ғ. мен ХҮІІ
ғ.бірінші жартысын ерте жаңа заман немесе орта ғасырдан жаңа
заманға өту кезеңі деп те атайды.
Орта ғасырлардың негізгі белгісінің бірі жерге жеке
феодалдық меншіктің орнауы. «
Феод
» деген сөз жерге жеке
меншіктік иеліктің түрін білдіреді. ХҮІІ ғ.француз тілінің
түсіндірме сөздігінде тұңғыш берілген «
феодализм
» деген сөз
феодтың иесіне берілетін заңдық құқықтардың жиынтығы деген
мағынада сипатталған. Ал, «
феодал
» деген феодалдық құқық
бойынша жерді иеленуші.
1727
жылы алғаш рет француз
тарихшысы граф
Анри де Буленвильенің
еңбегінде «
феодалдық
құрылыс
» деген сөз тіркесі қолданылған. Бұл сөздің атағын 1748
жылы француз ағартушысы, философы
Шарль Луи
Монтескье
шығарды.
Ұлы француз революциясының кезінде «
феодализм
» сөзі
саяси
сипат алды. Ол түсінікті де еді. Себебі бұл төңкерістің өзі
«феодализмге» қарсы бағытталған болатын. Тарих ғылымына
«феодализм» термині біржолата ХІХ ғасырда ірі француз та-
рихшысы және мемлекеттік қайраткері
Франсуа Гизоның
еңбек-
терінен енді.
Феодализмнің мәні жер кімнің иелігінде болса, биліктің
де соның қолында болуы. Феодалдық меншік шартты. Өзінен
жоғары тұрған мырзасына әскери қызмет атқару арқылы жер
меншігін иеленді. Осылайша қоғамның сатылық жүйесі қа-
лыптасты. Еуропада жерді меншік иелері белгілі бір шарт
бойынша ұсақ, жеке шаруаларға бөліп берді. Шаруалар жерді
пайдаланғандығы үшін міндеткерліктер атқарып отырды. Олар-
дың үш түрі болды: жұмыспен өтеу, заттай, ақшалай. Ал,
Шығыс елдерінде жер көбіне мемлекеттің меншігінде яғни пат-
шаның, шахтың, императордың қолында болды.
Тарихнамада орта ғасырлар тарихын үш кезеңге бөліп
қарастыру орын алған. Біріншісі ерте орта ғасырлар. Бұл
антикалық дәуірден орта ғасырға өту кезеңі. Оның шеңбері
Ү-ХІ ғғ. қамтиды. Екіншісі дамыған орта ғасырларға ХІ-ХҮ
5
ғасырлардың аралығы жатқызылған. Ал үшінші кейінгі орта
ғасырларға ХҮІ-ХҮІІ ғғ. бірінші жартысы кіреді. Қарастырылып
отырған пән бойынша типтік бағдарламада орта ғасырлар
тарихына Үғ мен ХҮІІғ. бірінші жартысының аралығы жатқы-
зылған. Сондықтан оқу құралында осы кезең басшылыққа
алынды.
Орта ғасырлық деректер
табиғи-географиялық
,
этногра-
фиялық, заттық
,
сурет-бейнелеу
,
жазба
болып жіктеледі. Орта
ғасырлық жазба деректер:
баяндаушы,
құжаттық
,
заңдық
деп
үш топтан тұрады.
Орта ғасырлық жазба деректердің антикалық немесе жаңа
дәуірдің деректерінен ерекшеліктері бар. Жазу латын тілінде
жазылғандықтан Еуропаның көп халқына түсініксіз болды. Орта
және кейінгі кезеңдерде ғана халық тілдерінде жазба деректер
қалыптаса бастады.
Орта ғасырлық деректерді ішкі және сыртқы сынмен қа-
растырудың маңызы зор. Жазба деректерді пайдалануда қосым-
ша тарихи пәндер зерттейтін деректердің де көмегі бар.
Ү-ХІ ғғ. ерте кезең тарихының деректері
.
Бұл кезеңге бай-
ланысты жазба деректердің қатарына ҮІ ғ.өмір сүрген гот тай-
пасына шыққан Иорданның «Гетика » деп аталатын шығармасы-
жатады. Бұл туындының атының латын тілінен аудармасы
«
Геттердің шығуы мен іс-қимылдары жайында
», қысқартқанда
«Гетика». Иордан өзінің негізгі мақсаты готтардың тарихын
баяндау екендігін ұмытпайды.Осы бағыттан алғанда еңбекте қа-
растырылған мәселелерді төрт топқа бөлуге болады:
1)готтар туралы, олардың Скандинавиядан Висланың са-
лаларына жүзіп барғандығы, одан әрі оңтүстікке жылжып «Ски-
фияға»көшкені, ғұндардың шапқыншылығына дейін Қара теңіз
жағалауында тұрғандығы айтылған;
2) вестготтар жайлы, Қара теңіз жағалауынан Дунайға
өтіп, Италия, Галлия, Испанияға қоныс аударуы баяндалған;
3)остготтар туралы, олардың Мезияға және Паннонияға
келіп, Италияға орналасуы көрсетілген;
4) ғұндардың батысқа жылжуы, Аттила және оның мем-
лекеті жайлы айтылған. Иордан Присктің еңбегінің құнды бет-
терін сақтап жеткізген. Каталун шайқасының ең ұзақ сипатта-
6
масы, Аттиланың солтүстік Италияға жорығы, Аттиланың порт-
реті, оны жерлеуі баяндалған.
Иордан ғұндарға байланысты мәліметтерді келтіргенде,
фракиялық тарихшы Присктің жазбаларына сүйенеді.Приск
448 ж. император Феодосийдің ІІ (406-450) Аттиланың ордасы-
на Паннонияға жіберген елшілігінің, мүшесі болған. Ол осы ел-
шілік жайында бізге дейін сақталған жазбаларын қалдырған.
Бұл жазбаларда ғұндар,Аттила туралы мәліметтер бар. Бұл мә-
ліметтерді Иордан өз шығармасына енгізген.
Жалпы ғұндардың ІҮ-Ү ғғ. Еуропа мен Еуразиядағы та-
рихын латын тіліндегі деректер арқылы біле аламыз, Бұлар не-
гізінде хроникалар (жылнамалар) ретінде жазылған. Олардың
авторлары Аммиан Марцеллин, Клавдий Клавдиан, Приск
Панийский, Проспер Тиро т.б. Сол деректердің ішінде әсіресесе
Ү ғ.І- ші ширегінде Фракиядағы Паний қаласында туылған,
472 ж.кейін қайтыс болған Приск Панийский үлкен орын алады.
448 жылдан Аттилаға, ғұндарға жіберілген Византия империя-
сының елшілігінің қатарында болған Приск Панийский өзінің
Аттила ордасына барған саяхатын, онымен кездесуін, ғұндар-
дың тұрмысын, әдет – ғұрпын суреттейді. Оның шығармасынан
бізге үзінділері жеткен. Келесі деректердің бірі – Проспер
Тироның жазбалары. Сол аласапыран дәуірдің замандасы хро-
нист Проспер Тиро Галлияның оңтүстігінде Аквитанияда 390 ж.
шамасында туылып, 450 –ші жылдардан кейін қайтыс болған.
Рим папасы Лев І–нің хатшысы ретінде қызмет еткен.[10,25-26 бб.]
Византия императоры Юстинианның ретке келтірткен
рим императорларының заң жинағы: «
Юстиниан Кодексі
»,
Юстинианның өзінің заңдары «
Жаңа заңдар
» (новеллалар),
«
Дигестер
», «
Институциялар
» ерте орта ғасырлардың дерек-
теріне жатқызылады. Бұл жинақтың жалпы аты «
Азаматтық
құқық жинағы
» деп аталады.
Ү ғ. аяғынан ІХ ғ. аралығында Рим империясының аума-
ғында орналасқан герман, кельт тайпаларының әдет-ғұрып заң-
дары жазылды. Олар: Бургунд, Вестгот, Салийлық, Саксондық
ақиқаттар.
Германдық тайпалардың әдет-ғұрыптарының ежелгі заң-
дық жинағының бірі «Салий ақиқаты». Бұл жинақта герман-
7
дықтардың бұрыннан сақталған әдет-ғұрыпттық заңдары жақсы
сақталған.
Франк корольдерінің бұйрықтары «капитулярийлер» де
құнды деректер. Бұларда мемлекттік және жеке меншіктік бел-
гілер сақтала отырып, шарушылық, әлеуметтік құрылыс, саяси
институттар, әскери іс туралы мәліметтер береді.
ҮІІІ-ХІ ғғ. аралығын қамтитын бізге дейін жеткен грамо-
талар, актілер, хартиялар бар. Олар негізінен латын тілінде жа-
зылған.
Тарихнамалық шығармалардан Прокопий Кесарийскийдің
«
Юстиниан соғыстарының
тарихы
», Франк мемлекетінің та-
рихын оқудағы негізгі деректердің қатарына Григорий
Турскийдің «
Франктер тарихы
» атты туындысын жатқызуға
болады.
Григорий Турский – ескі галло-римдік ақсүйектерден
шыққан жазушы. Оверн қаласында туылып, өз заманына сай
жақсы білім алған. 573 жылы Тур қаласында епископ қызметін
атқарды. Григорий Турскийді «француз тарихының атасы» деп
атайды. Себебі оның еңбегінде франктер тарихының меровинг-
тік кезеңіне қатысты деректер көп келтірілген.[13,24,б.]
Өмірбаяндық шығармадан, Эйнгардтың «
Ұлы Карлдың
өмірі
»деген туындысы өте құнды. Эйнгард (768-840 жж.)
Карлдың әдеби Академиясының құрамына кірген монах. Импе-
ратор Людовиктің сарайында мемлекеттік хатшы қызметін атқа-
рып, ханзада Лотарьды тәрбиелеген. Сол кезде Карлдың өмір-
баянын жазған.
Орта ғасырлық
анналдар
-маңызды оқиғалардың тізбесі,
белгілі бір жылдарға байланысты саяси және шіркеулік оқиға-
лардан мағлұмат береді.
Агиографиялық шығармалар мен жолдаулар, трактаттар
да деректердің бір тобын құрайды. Ерте орта ғасыр кезеңінің
оқиғаларына арналған халықтық «
Нибелунгтар туралы жыр
»,
«
Ролланд туралы жыр
» т.б. шығармалар бар. Бұл туындылар
өте құнды деректерге жатады.
Өндіргіш күштердің дамуы, қалалардың өсуі,бір орта-
лыққа бағынған мемлекеттердің қалыптасуы деректердің си-
патына да әсерін тигізді. Деректердің түрі көбейді, құрылымы
күрделенді. Мемлекеттік және жеке актылар бұл кезеңнің негізгі
8
деректерінің бірі. Бұл деректерге императорлардың, корольдер-
дің, феодалдардың грамоталары жатады.
Шаруашылық тарихына байланысты деректер: жер описі
мен кадастры (халық санағы,салық төлемдері). Бұл топтағы де-
ректерге ағылшынның «
Қорқынышты сот кітабын
»-король-
діктегі жалпы халық санағының материалдарын жатқызуға бо-
лады.
Деректердің келесі тобына қалалық хартиялар мен статут-
тарды жатқызамыз. Мәселен хартиялардың ежелгісі король ҮІ
Людовигтің Лорис қаласына берген хартиясы. Алғашқы цехтық
статутке византиялық «
Эпарх кітабы
»жатады. Батыс Еуропалық
статуттардың мысалына ХІІІ ғ.«
Париж қаласының қолөнер кі-
табын
»жатқызуға болады. Әулиетті монархияның қалыптасу
кезеңінде деректердің жаңа түрі парламенттік
актылар
және
статуттар
қалыптасты. Бұлардың қатарына Францияның Бас
штаттарының протоколдары, Кастилия т.б.кортестерінің шешім-
дері кіреді.
Бұл кезеңде құжаттық істер дұрыс жолға қойылған бо-
латын. Кітапханалар мен жеке қорлар көбейіп, дамыған еді.
Жазба деректердің негізгі бөлігі ұлттық тілдерде жазылды.
Документті деректер көп сақталып бізге дейін жетті.
Деректердің негізгі бөлігі феодалдық жер қатынасын рет-
теуге арналды. Олар -
ренталилер
,
шаруалар міндеткерлік-
терінің жазбалары
,
қауымдық жарғылар
. Орталық органдар-
дың және жергілікті әкімшіліктің құжаттарында әлеуметтік -
экономикалық өмірдің әр жақтары туралы мәліметтер көп.
Гуманистік тарихнаманың алтын қорына Н. Макиавеллидің
(«
Флоренция тарихы
»), Гвиччардинидің («
Италия
тарихы
»),
Ф.Бэконнің («
Генрих ҮІІ-нің патшалық құрған кезінің тарихы
»)
еңбектері жатады. Мемуарлық әдебиет бұл кезеңде гүлденді.
Герцог Сюллидің, кардинал Ришельенің естеліктері бар. Бұл
кезеңге жататын маңызды деректердің бірі экономикаға, саудаға
арналған трактаттар.
Деректердің келесі түрі тарихи-философиялық эсселер,
мысалы М.Монтьеннің, Ф.Бэконның шығармалары. Құнды
тарихи деректерге әлеуметтік утопия жанры, Т.Мор («
Утопия
»),
Т.Кампанелла («
Күн қала
»), Томмазо Кампанелла (1568-1639
9
философия, жаратылыстану мәселелерін әлеуметтік мәселелер-
мен байланыстыра білген, Испания монархиясына қарсы күрес-
кен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі –
«Күн қаласы». «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде
құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз – жердің тері». «Күн қаласы»
еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: |