19
пайдаланды. Әрине бұл римдегідей болған жоқ, патрихалды
сипатта еді.
Германдықтарда Тацит тұсында жоғарғы билік
халық
жиналысының
қолында болды.
Халық жиналысында соғыс пен
бітім мәселелері және т.б. маңызды істер шешіліп, тайпалардың
ақсақалы мен әскери көсемдерін сайлады, тайпаның дәстүріне
сәйкес сот құрылды. Ақсақалдар кеңесі де үлкен мәнге ие бол-
ды. Кеңесте кейбір мәселелер дербес шешіліп, маңыздылары ха-
лық жиналысына талқылауға ұсынылып отырылды.
Тацит дәуірінде герман тайпаларында
корольдік билік
қа-
лыптасты. Король тайпа ақсақалдарының құқына ие болды, со-
нымен бірге әскери көсемдердің де қызметін атқарды. Король-
дің билігі халық жиналысы мен ақсақалдар кеңесімен шектеліп
отырды. Рудың текті адамдары ру жасақтарына сүйенді. Тацит
германдықтардың әскери жиындарын сипаттаған.
Әскери көсем
соғыс кезінде жасақтарға басшылық жасады.
Оған батыл, ай-
бынды адамдар тағайындалды. Алайда ақсүйек жанұяларынан
шыққандардың әскери көсем болуына мүмкіндіктері басқалар-
дан басымырақ еді. Корольдер де көбіне осындай ақсүйектерден
сайланатын. Цезарь кезіндегідей жасақтар тек жорықтар мен
соғыстар
кезінде ғана құрылып қоймай, енді көсемдер мен ақ-
сүйектердің жеке өкілдерінің тұрақты әскери жасақтарына ай-
налды. Дегенмен тайпаның әскери күш-қуатының негізі барлық
еркін адамдардан құралған жасақтар болып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: