18
Цезарьдың уақытында германдықтар егіншіліктің қара-
пайым түрімен айналысқан. Егістік жерлер тұрпайы түрде өң-
деліп, бір-екі жыл пайдаланылған. Жерге жеке меншік орна-
маған, рулық меншік қалыптасқан. Мал бағу мен аңшылық үл-
кен рөл атқарған. Цезарьдың айтуынша: «Олар (германдықтар)
егіншілікпен онша ыждағаттылықпен айналыспайды.Олар нан-
нан гөрі сүт, ірімшік және етпен көбірек қоректенеді».
Цезарьдың кезінде германдықтарда қандық-туыстық қа-
уым өріс алған болатын. Қауымның мүшелері жерді бірлесіп өң-
деп отырды, жер жыл сайын қайта бөлініп отыратын. Әскери кө-
семдердің рөлі әлі әлсіздеу болатын, оларды тек соғыс кезінде
ғана тағайындады. Бейбіт жағдайда ру, тайпаларды ақсақалдар
және көсемдер (principes) басқарды. Әкімшіліктің жоғарғы ор-
ганы халық жиналысы саналды. Оған қару-жарақ асынуға жа-
райтын барлық ересек ере адамдар қатыса алатын еді. Ру ақса-
қалдары негізінен сот қызметін орындады.
Достарыңызбен бөлісу: