Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат 50. мг эритромицин



бет2/19
Дата23.05.2020
өлшемі45,88 Kb.
#70746
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
антибиотик лекарст
балл
Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эритромицин ішке қабылдағанда жақсы сіңеді. Тамақтану эритромициннің ішекте еритін қабықпен қапталған негіз түріндегі пероральді түріне әсер етпейді. Биожетімділігі - 30-65 %. Ең жоғары концентрациясына (Cmax) ішке қабылдаған соң 2-4 сағ кейін жетеді. Қан плазмасы ақуыздарына жақындығы жоғары, 70 – 80 % байланысады.

Организмде таралуы біркелкі емес. Бауырда, көкбауырда, бүйректе үлкен мөлшерде жинақталады. Өт пен несептегі концентрация плазмадағы концентрациядан оншақты есе жоғары. Өкпе тіндеріне, лимфа түйіндеріне, ортаңғы құлақ экссудатына, қуық асты безінің сөліністеріне, шәуһетке, плевралық қуысқа, асциттік және синовиальді сұйықтыққа жақсы өтеді. Бала емізетін әйелдің емшек сүтінде плазмадағы концентрацияның 50 % бар. Гематоэнцефалдық бөгетке, жұлын сұйықтығына (оның концентрациясы препараттың плазмадағы шамасының 10 % құрайды) нашар өтеді. Ми қабығының қабыну үдерістерінде эритромицин үшін өткізгіштігі біршама өседі. Плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ұрық қанына түседі, онда оның шамасы ана плазмасындағы құрамының 5-20 % жетеді.

Ішінара белсенді емес метаболиттер түзе отырып, бауырда метаболизденеді (90 % астамы). Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) – 1,4-2 сағ, анурияда - 4-6 сағ. Өзгермеген түрде өтпен шығарылуы - 20-30 %, бүйрекпен (өзгермеген түрде) - 2-5 %.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет