Құрамы ұғымына түсінік беру; сөз құрамын оқытудың түрлері



бет5/14
Дата02.02.2022
өлшемі81,25 Kb.
#117042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ана тілі оқыту методикасы қосымша мәліметтер
Сұрақтар
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Тіл дамыту жұмыстарының мақсаты қандай?

2. Балалардың тіліне қойылатын негізгі талаптарды айтыңдар.

3. Бастауыш мектеп балаларына мұғалімнің басшылығынсыз неліктен

шығарма жаздыруға болмайды? Мұғалім қалай басшылық жасайды?

2-тақырып. Мазмұндама, оның түрлері

Мазмұндама дегеніміз - белгілі бір шығарманық, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру.

Мазмұндамамен шығарма жазуға қазақ тілі сабағынан арнайы сағаттар бөлінеді. Шамамен алғанда, әрбір он-он бес күнде 1 сағат бөлінеді.

Мазмұндама

Шығарма

1 2 3 4 1 2 3 4

1 - - - - - - - -2 2 1 2 2 1 2 2 3

3 2 2 3 3 2 2 3 2

4 2 3 3 3 2 2 2 2

Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманық мынадай

түрлерін көрсетуге болады:

1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама.

2. Сурет бойыншамазмұндама.

3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама.

1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама

Мазмұндамалық Бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу принципімен жүргізіледі. Соған орай ол бірнеше сатыға бөлінеді:

1. Мәтіннің құрылысы мен тәртібін сақтай отырып, жазу. Бұл әдіс, көбінесе 1-сыныпта қолданылады. Мазмұндаманық Бұл түрі 1-сыныпта былайша ұйымдастырылады: "Аралардың достыгы".

"Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тү-рыпты. Сондыңтан балдай тәтті өмір сүріпті".

Бұл мәтін сабаққа дейін таңтаға жазылып қойылады немесе мұғалім үлкен қағазға алдын ала үлкейтіп жазып қояды да, тақтаға іледі. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардан араны көрген-көрмегендерін, ол жөнінде қандай ертегі, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да болады. Әңгімені дүниетанудан алған білімдерімен үштастырып, аранық адамға қандай пайдасы бар екеніне де тоқталған жөн.

Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады.

Мәтіннің ішіндегі шырын, балдай тәтті өмір, тату, т.б. сөздері түсіндіріледі.

Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мәтінді балалардың өздеріне оқытудың пайдасы сол, олар мәтіндегі сөйлем құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, яғни балалардың есту, кәру сезімдері қатар қызмет атқарады. Мәтін оқылып болғаннан кейін сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтінмен ол сұрақтарға жауап береді. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін мұғалім оны толықтай бір оқып шығады. Осындай жұмыстан соң мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойған сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманық бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтың, мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұрақтың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы:

1. Орманда қанша ара тұрыпты?

2. Бәрі қандай болыпты?

3. Үнемі не теріпті?

4. Өздері қалай тұрыпты?

5. Сондықтан қалай өмір сүріпті?

Бұл сұрақтарға оқушылар мәтіннен есте қалғандары бойынша тағы да ауызша жауап қайтарады. Қорытынды ретінде барлық сұрақңа бір оқушы немесе 2-3 оқушы жауап береді. Балалар осы қойылған сұрақтарға жауап жазуға кіріседі.

1. Сурет бойынша мазмұндама

Мұнда балалар суреттің мазмұның түсінуге үйренеді. Мазмұндаманық

Бұл түрін бірнеше топқа бөлуге болады.

2. Дайын сурет бойынша мазмұндама

Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді, ал оқушылар сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманық Бұл түрі бастауыш сыныптарда

бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік.

"Булдірген тере барганда суреті бойынша".

1. Мұғалім кіріспе сөзінде балалардың жазғы демалыстарында не істегендері, не көргендері туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі. Онда

көбінесе жазғы қаланық көрінісіне көңіл аударысады.

2. Тақтаға суретті іледі. Оның атын жауып қойып, балаларға суретті қарап шығу тапсырылады. Аздан соң, мұғалім "Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген? деп ойлайсыңдар", - деп сұрақ қояды. Суретте жаз мезгілі көрсетілген. Бұл жауаптың дұрыстығын қуаттай отырып, мұғалім оқушылардың зейінін "ағаш көлеңкесіндегі дем алып отырған балаларға, олардың қастарындағы жидекке толып тұрған ыдыстарға аударып:

- Балалар, не істеп отыр?

- Ал мына тұрған нелер? (шешек, себет).

- Бұл ыдыстардың ішінде не бар?

- Енді бұл суреттерді қалай деп атасақ екен? Балалар түрлі ат айтады

"Бұлдірген тере барғанда",

"Бұлдірген теру", т.б. Балалардың ұсынған аттарының барлығы да дұрыс екенін айта отырып, мұғалім: Осы суретті автор қалай атады екен, соны кәрейік, деп суреттің жабулы атын ашады. Сурет бойынша мазмұндама бастауыш сыныптарда осылай жүргізіледі.

3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама

Кино, диафильм соңғы жылдарда мектеп өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ықпалды құралдардың біріне айналып отыр.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнап шығарылған диафильмдер мен мульт-фильмдердің дені орыс тілінен аударылған. Қазақ мектептерінде оқу-тәрбие жұмысында кино, диафильмдерді пайдалануды дұрыс жолға қойып, көпшілік мүддесіне айналдыру үшін, әрине, алдымен мектептерді қазақ тілінде шыққан кино, диафильмдермен қамтамасыз ету қажет.

Фильм көрсетілер алдында балалардың көңілін сол фильмде болатын оқиғаға аудару үшін кіріспе әңгіме айту керек және бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-бірте үйрету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет