Құрамы ұғымына түсінік беру; сөз құрамын оқытудың түрлері


ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет2/14
Дата02.02.2022
өлшемі81,25 Kb.
#117042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ана тілі оқыту методикасы қосымша мәліметтер
Сұрақтар
ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1-тақырып. Грамматика мен жазу сабақтарының түрлері

Білім мен дағды беруде іске асырылатын оқу жұмысының ең негізгі түрі - сабақ болып есептеледі.

Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мен шығармашылық қабілетін қалыптастыратын сабақ түрлері негізінен мыналар: біріккен сабақ,жаңа сабақ, қайталау, бекіту, жаттығу, Оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу сабағы, жазу сабақтарын талдау сабағы, саяхат, диспут, бәйге, ойын, т.б. сабақтар. Біріккен сабақта үй тапсырмасын тексеру, бұрын өтілген материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау, түрлі жаттығу жұмыстары, өз бетімен орындайтын жұмыстар, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту, т.б. жұмыс түрлері орындалады.

Біріккен сабаққа қойылатын талаптар:

1) сабақтың әр бөлігі жымдасып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтуі қажет;

2) Оқушы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсінуі қажет;

3) сабаққа қажетті материалдарды алдын ала іріктеп алып, толық

дайындалған жөн;

4) сабақтың жоспары жасалуға тиіс.

Сонымен қатар мынадай дидактикалық талаптар да қойылады:

1. Жаңа материал өткен материалмен байланысты және оған негізделіп

келуі шарт.

2. Тәрбиелік мәні күшті мысалдарды іріктеп қолдану қажет.

3. Жаттығудың түрлері, формасы мейлінше түрленіп отырылуға тиіс;

(грамматикалық тапсырмалар, жазба жұмыстары, көшіру, сөйлем

құрастыру, мазмұндама, шығарма).

4. Қайталауды сабақ сайын ұйымдастыру, оқу жылы-ның басында, бөлім сайын, тоңсан аяғында.

5. Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану. Ол үшін алдын ала жүйелі жоспар жасау, оқу құралдарды дайындау.

6. Мұғалімнің түсіндірмесі анық, қысқа, нақты, тартымды болуы керек.

7. Грамматика мен жазу сабақтарында тіл дамыту жұмысы іске асырылып

отыру керек.

8. Қазақ тілі сабақтарында кесте, схема, дидактикалық материал, суреттер, заттар, техникалық-ақпараттық құралдарды пайдалану.

9. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерек-шеліктерін ескеру;

Сабақ бірде өткен материалды жаңа материалмен бай-ланыстырудан басталса, бірде жаңа материалды түсіндіруден не жаттығу жұмыстарынан

басталады. Оқушылар сабақ бойы орындаған істердің негізінде бағаланады. Сабақ барысында байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау, т.б. әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз. Бұлардың барлығын бірден пайдалану мүмкін емес, тиімді деп табылғандарын ғана алуымыз қажет.

Сабақта үй тапсырмасын тексеру бөлігінде оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын, не білгендерін айтады және сыныпта істеген жұмыстарының нөтижесін береді. Жаттығуларды талдап, қателерін түзетеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады. Мысалы, тақырып: "Бір буынды және көп буынды сөздерді буынға бөлу". Мақсаты: бір буынды және көп буынды сөздерді буынға бөлу сөздерін ажырата білуге үйрету.

Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың

арасындағы байланыстарды анықтайды. Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады, оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, топшамалар арқылы жүргізілуі мүмкін.

Үй тапсырмасын оқушылар дәптерлеріне жазып алуы тиіс.

Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылады. Мысалы:

Үй тапсырмасын мұғалім толық және ішінара тексеруі мүмкін.

Егер оқушылар үйге берілген жаттығуды түгел оқып, қалай орындағанына түсінік беріп шықса - толық тексеру, ал кейбір маңызды сөздерді, немесе сөйлемдерді ғана іріктеп оқытып, талдатса ішінара тексеру жүзеге асады. Сонымен қатар тексеру жалпы және жеке де болады.

Алғашқысында оқушылардан түгел сұралып, же-ке тексеруде Оқушы мұғалімге дәптерін тапсырады.

Жаңа материал мұғалімнің түсіндіруі арқылы да, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін әсіресе әңгіме әдісі тиімдірек, әңгіме барысында сұрақ-жауап қолданылады. Қойылған сұрақтарға қарай балаларға кітаптағы ережені оқымас бұрын қорытынды шығарту көзделеді.

Үйге берілетін тапсырмаларда балалардың белсенділігін, өздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты көзделуге тиіс.

Мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты байланысты сабақтың әр бөлімі немесе кезеңі әр түрлі ұйымдастырыл ады.Жоғарыда көрсетілген бөлімнің барлығы бірдей бір сабақта міндетті түрде іске асырыла берілмеуі де мүмкін. Кейбір сабақтарда жаңа материалдар түсіндірілмесе, кейбіреуінде үй тапсырмасы тексерілмеуі де мүмкін.Сирек болғанымен, кейде түгелдей жаңа материалды түсіндіруге арналатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай сабақ жаңа материалды түсіндіру сабағы болады.

Сабақтың бұл түрінде мұғалімнің назары материалды оқушылар санасына жеткізуге арналады да, уақыттың дені осыған жүмсалады. Жаңа материалды өткен материалмен байланыстырып сабақтың басында, жалпылай қойылған сұрауларға жауап алу арқылы немесе кіріспе әңгіме арқылы немесе жаңа материалды түсіндіру процесінде өткен материалдармен салыстыру арқылы іске асырылады. Өткен мен жаңа материалды байланыстыру арқылы мұғалім оқушылардың ықыласы мен ынтасын оятып, жаңа материалды меңгертуге дайындық жасайды.Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, түсіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме әдістері арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің қашан қолданылатыны материалдың көлеміне, сабақтың мақсатына байланысты .

Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді. Материалды оқушылардың қаншалықты түсінгенін байқау үшін, сыныпқа сұраулар қоюға немесе бір-екі сөйлемді талдатуға болады.

Үйге берілетін тапсырма шағын, творчестволық сипатта болуы керек.Жаңа материалды түсіндіру сабағы белгілі бір тақы-рып бойынша оқушыларды бөлшектемей, тұтас білім беру керек болған жағдайда өткізіледі.Оқушылардың білімін бекіту сабағында жаңа білім берілмейді, оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін жетілдіру мен дағдысын қалыптастыра түсу мақсаты көзделеді. Сондықтан мұндай сабақтарда түрлі-түрлі жаттығулар жүргізіледі, арнаулы талдаулар жасалады; өткен материалдардан түсінбей қалған жерлерді пысық-тайды.

Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақы-рыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын есепке алу сабағы жүргізіледі. Бұл сабақтар, бір жағынан, өтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылардың алған білімі мен дағдысы ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Балалар түрлі жаттығулар орындайды, мәтіннен қажетті объектіні табады, мысалдар келтіреді, талдау жасайды, диктант, мазмұндама, шығармаларжазады. Оқушылар жазу жұмыстарында кететін қателерді болдырмау мақсатында кейбір жағдайларда сабақ түгелдей жазу жұмыстарын талдауға арналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет