Әңгіме және әңгімелесу әдісі



Дата29.05.2020
өлшемі22,81 Kb.
#71581
Байланысты:
Әңгіме және әңгімелесу лекция


Әңгіме және әңгімелесу әдісі

Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
•    ес пен тілді дамытуы;
•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
•    оқушылардың білімінің белгілі болуы;
•    жақсы диагностикалық құрап;
•    үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
•    уақыттың көп кетуі;
•    қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.

Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет.Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады. Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
•    конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
•    мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
•    тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
•    цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
•    аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
•    рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
•    справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
•    формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
•    тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру. Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі – мәтінді талдау.
Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:
1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.
2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі.
3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру.
Әңгіме – бұл нақтылы материалды жүйелі баяндау немесе табиғи обьектінің

не табиғат құбылысарының біреуін сипаттау. Мұғалімдер көбінесе материал

оқушыларға онша таныс болмаған жағдайда әңгімені қолданады. Мұғалімнің

әңгімесі оқушылардың маетериалымен ретті, үйелі түрде танысуына

мүмкіндак береді. Оларды дұрыс және логикалық ойлауға үйретеді.

Әңгіме ғылыми жағынан дұрыс болуы керек. Мұғалім балаларға қандай

болмасын бір білім туралы айтқанға дейін оқулықта жазылғандарды талдап

және толықтырып, мағлұматтардың дұрыстығын оқулыққа сәйкес келетін

анықтама кітабынан алдын ала қарап, тексеріп алады.

Әңгіме балалар түсінігіне жеңіл де, қарапайым болуы керек. Мұғалім

балалармен сөйлесу арқылы тілдің барынша қарапайым және түсінуге жеңіл

болуын қамтамасыз етеді, егер мұғалім материалды нақтылы түсінбесе, онда

ол білімді оқушылардың санасына толық жеткізе алмайды. Әңгіме айқын,

көкем, сезімге әсер ететіндей болуы керек. Әсерлі әңгімені балалар жақсы

түсінеді, есінде ұзақ уақыт сақтайды.

Сабаққа дайындалғанда мұғалім қажымай – талмай өзбетінше ұзақ іздену

керек, көркем шығармаларды үзіндң оқуды қосу керек.

Әңгіме міндетті түрде көрнекі құралдарды: суреттер, макеттер, кестелер,

компьютерлік технология пайдалану арқылы жүргізіледі.

Әңгімені тәжірибемен қатар жүргізуге немасе тәжірибені алдын ала

көрсетуге де болады.

Әңгіменің ұзақтығы I-II-сыныптарда 8-10минут, III-IV-сыныптарда 10

15минут.

Егер оқушыларды оқулықта жоқ көлемді оқу материалымен таныстыру

қажет болса, онда оны бөлімдерге бөлу керек. Бірінші бөлім біткеннен кейін

өзбетінше жұмыс істеуге немесе суреттерді қарауға, ол туралы әңгіме етуге,

тәжірибе жасауға көшіру керек. Екінші бөлімнен кейін суреттер бойынша

жұмыс жасауға немесе әңгімені компьютерден оқуға болады, содан кейін

әңгіменің ең соңғы қорытынды бөліміне көшеді.

Әңгімені артық, керексіз материалдармен ауырлатуға болмайды, негізгі

мазмұны ашылуы тиіс. Әңгімеде қолданған барлық географиялық атауларды

оқушылар картадан көрсетеді. Әңгіме қарқыны, нашар оқитын оқушыда,

оның мазмұнын түсіне алатындай болуы керек. Өте шапшаң айтылған әңгіме

қажытады, өте баяу баяндаса ұйқы келтіреді. Сондықтан да мұғалім сөйлеген

сөзінің белгілі бір мөлшерде, бірақ бір сарында болмай белгілі бір қарқында

айтылуы тиіс. Әңгіме барысында көрнекілік құралдар пайдаланылып, карта,

кестелер, картиналар, кинофильмдер, диафильмдер көрсетіледі және талдау

жасалады. Көрнекі құралдардың әңгімеде пайдалану орнын ойластыру керек.

Мұғалім әңгімеге тиянақты даярлану керек: әңгіменің сабақтағы орнын

анықтайды, мақсаты мен тақырыптарын белгілейді. Баяндалуға тиісті мәселе

мазмұнының өзіне қаншалықты түсінікті екенін тексереді; оқытылуға тиісті

мәселеер бойынша өзінің түсінігін кеңейтетін қосымша әдебиет оқиды;

әңгімеде пайдалану үшін көркем әдебиеттер, үзінділер іріктеп алады;

әңгіменің жеке көріністерін иллюстрациялау үшін қжетті көрнекі құралдарды

белгілеп тауып алады; әңгіменің жоспары мен конспектісін жасайды.

Сабақтың мақсатына байланысты әңгіме түрлі-түрлі болады. Көбіне сипаттау

әңгімесі пайдаланылады. Сипаттауды көркем және ғылыми көпшілікке

арналған әдебтеттерді пайдалану кезінде құруға болады.





  1. Сипаттау әңгімесі – объектіні, табиғат құбылыстары туралы түсінік беруге пайдаланылады.

  2. Түсіндіру әңгімесі – аса қиын мәселелерді ашып көрсеткенде, заттың қасиетін анықтағанда пайдаланылады.

  3. Суреттеу әңгімесі – белгісіз затты суреттеу кезінде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет