Оқу сабағындағы көрнекі құралдар



Дата18.05.2020
өлшемі293,86 Kb.
#69271
түріСабақ
Байланысты:
Оқу сабағындағы көрнекі құралдар

Оқу сабағындағы көрнекі құралдар


Мақсаты: Оқу сабағында көрнекі құралдарды тиімді қолдану арқылы білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту.

Міндеті:

Әр түрлі әдебиетті зерттеу барысында көрнекілік деген ұғымға анықтама беру.

Оқу сабағында көрнекі құралды қолданудың тиімділігін анықтау

Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға байланысты педагог ғалымдардың іс – тәжірибесімен танысу.



Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған нәтижелі көрнекі құралдарды іріктеу, белгілеу.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу әдістері: талдау, анализ – синтез.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, пайдаланған әдебиеттер тізімі.


І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Оқу сабағында көрнекілікті қолданудың тиімділігі 2.1 Бастауыш сыныпта көрнекілікке қойылатын талаптар 2.2 Әдебиеттік оқу сабағына көрнекілік арқылы қызықтыру жолдары 2.3 Көрнекілік арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту. ІІІ.Қорытынды

Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да, әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал.

Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да, әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал.

Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:

Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:

1.Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар білім алушыларға толық көрінетін болуы керек.

2.Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, соның мазмұнын ашатын болуы тиіс.

3. Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.

4. Көрнекі құралға білім алушының назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет ерекше бояумен берілуі керек.

5. Бір сабақта бір, не екі ғана көрнекі құрал қолдануы тиіс.

6. Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болу керек

7. Көрнекі құралда жүйеліктің, хронологиялық реттің сақталуын қатты қадағалау.

8. Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын, түсінікті, өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы керек.

9. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.

10. Көрнекі құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтіндей етіп жасау (іліп қою, алу, қайта пайдалану).

Көрнекіліктің маңызы, тиімділігі неде?

  • Білім мазмұнын байыта түседі.
  • Есту арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі.
  • Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем тілін дамытады.
  • Эмоциясына әсер етеді.
  • Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді.

Модельдердің түрлері.

Л.И. Фридманның модельдердің түрлерін жіктеуі

Көрнекі құралдар түрлері
    • Иллюстрациялар, бейнелеу өнерінің туындылары, мүсін, сәулет өнерінің шығармалары, графикалық материалдар (сызба, кесте-плакат), портрет, фотографиялар, макеттер, альбомдар

Көруге негізделген көрнекіліктер
    • Ақын-жазушылар даусы, шығармалары жазылған күйтабақтар, не олар туралы үнтаспаға жазылған естеліктер, музыка туындылары, ертегі, батырлар жыры, әңгіме, өлеңдер, артистер оқуындағы басқа да шығармалар

Естуге негізделген көрнекіліктер
    • Кино, телехабарлар оқу фильмдері

Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне де жататын

Я.А.Каменский “Алты ереже” атты еңбегінде: “Көрінетіннің бәрін көзге, естілетіннің бәрін құлаққа, сезілетіннің бәрін қолға беру керек”, -деп атап көрсеткен.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • .Қ.Бітібаева. Басты мақсат – көрнекі құралдар. //Қазақстан мектебі. Алматы, 2002, №4, 14б
  • Педагогикалық ізденіс. Көрнекіліктер Алматы, 1989.Алматы, 2003,№6, 16-17б
  • 11.С.Н.Имашев. Республикада білім мазмұнын қайта қарау//Қазақстан мектебі.
  • 12.С.Рахметова. Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми- әдістемелік негіздері. Дис. Докт. —Алматы, 1994. — 432 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет