Дулат ӛлеңдері ойлы, нәрлі, образды. Нысанасына дәл тиерлік ӛткір. Ақынның
шығармаларын оқығанда кӛз алдыңнан қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы
тізбектеліп ӛтіп жатады. Кердең-кербез құркеуде ұлықтары, малын жанына балап,
жалаң-жадағай жылмаңдаған, сүмеңдеген сараңдары, ойлағаны-сұмдық, істегені-
қулық, алаяқ би-болыстары, дӛң-дӛкір, ұры-қары, қу-сұмдары ӛздеріне ғана тән
мінездірімен ерекшеленеді. Ұлық алдында ұяңсып, жуасып, қылықтана қалатын, ал
ұлық кетсе, елген қасқырша шабатын Сүлеймен болыстың екіжүзді мінезін дәл басып,
шебер бейнелейді.
Ақындық сӛздің рухани күшіне мән бере білген Дулаттың ӛз ӛлеңіне қояр
мақсаттары да айқын. Ол сусағандарға сусын боп, таңдайын жібітер сӛзді,
шаршағанды тынықтырар, күш-қуат берер жырды шығаруға талаптанған. Ӛлеңнің
мақсаты ел-жұрттың жүрегіне жылы тиіп, олардың кӛңіліне дем, қайғысына ем болу,-
деп ұғады. Яғни, ӛлеңді еріккеннің ермегі емес, рухани керегі деп біледі.
Асылы, Дулат шығармаларының басым бӛлігі-дидактика. Әсіресе, ақынның
“Ӛсиет нама” жинағына енген шығармалары осындай.
Дулат ӛлеңдерінің мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды.
Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай, Мұрат сияқты кейінгі ақындарға
жалғасып, пікірлесіп жатады.
Дулаттың “Он бес деген жас қайда” деген жыры адам ӛмірі жайлы айтылатын,
Бұқар, Шал,Шортанбай, Сүйінбай толғауларымен үндесетін тақырыптас ӛлең.
Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына ӛз үлесін қосты. Ол
поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның кӛркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне
кӛмектесті. Сын-сықақты жиі қолданып, ӛлеңдердің бұл саласының дамуына да ӛз
үлесін тигізді. Әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты, образдылық, кӛркемдік
бояуын күшейтті.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
Достарыңызбен бөлісу: