Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
№ 4-лекция
Тақырыбы: Дулат Бабатайҧлы(1802-1874) шығармашылығы. 
Жоспары: 
1.
 
Ӛмірі туралы мәлімет 
2.
 
Дулат шығармашылығының зерттелу жайы. 
3.
 
Шығармаларының тақырыбы, кӛтерген мәселелері. 
4.
 
Дулат шығармаларының жанры және кӛркемдік ерекшеліктері. 
 
Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап ӛткен қайталанбас 
ақын. Ол патшалық Россияның қазақ ӛлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған 
зобалаңдарды ӛз кӛзімен кӛріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы 
адамдарының бірі. 


Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақ елі бұрынғы дәстүрлі 
басшылықтан (хандық биліктен) , ата-баба жайлаған жер-судан , ұлттық 
меншіктерден айрылып, салт-сана бұзылып, үйреншікті ғадет-ғұрып, наным-сенім 
ӛзгеріп жатқаны ауыр қасірет ретінде танылады. Қоғамның заңды ӛзгеруі жолынан 
тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым-қатынас, сауда-саттық , ақшалы 
алаяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты ұнамаса, ақынға да соншалық 
жат құбылыс ретінде кӛрінеді. Сондықтан да, Дулат - ӛзі жасаған заманға , отаршылар 
зорлығына , ол қауымға қызмет еткен әкімдерге , аға сұлтандық билікке түбегейлі 
қарсы шыққан , халқының тәуелсіздігін кӛксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын. 
Дулат Балқаш пен Аякӛз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Бізге 
жеткен ӛлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, 
сауатты ақын болған. Ол ӛз ӛлеңдерін кейініректе қолжазба кітап етіп тізіп жүрген. 
Дулат-қазақтың кӛп жеріне мәлім ақын. Ол ӛзі туған ӛлкеде тұрып қоймай, 
Шығыс, оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі ақындар 
үлгісінде тәрбиеленіп ӛскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі ӛлеңдер 
шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты 
жырлаудан гӛрі саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан. 
Дулаттың ӛмірі туралы деректер және оның ӛлеңдері Кеңес дәуірінде жиналып, 
зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір ӛлеңдері мен ӛмірбаяны туралы деректі 
біз ең алғаш орта мектептің сегізінші класына арналған С.Мұқанов пен 
К.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор 
Қ.Жұмалиев ӛзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ 
әдебиеті оқулығында Дулаттың ӛмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы 
ӛз қорытындысын жасады. 
Біраз жылдар зерттеушілердің Дулатты нағыз кертартпа әдебиет ӛкілі санап 
келгені мәлім. Ӛз заманына орай ақын кӛзқарасына тән тарихи шындық сырын 
таныттық.Қазіргі уақытта ақын туралы ғылыми жаңа түсініктер орнығып келеді. 
Дулат ӛлеңдерінің қазіргі мӛлшері оның басқа замандастарының ӛлеңдерімен 
салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау ӛлеңдер, нақыл-ӛсиет 
ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау және 
бірнеше мысал сӛздер бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан. Олар 
негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи шындығын қамтиды. 
Дулат “Бірінші сӛз” деп аталатын ӛлеңінде туған ӛлкесінің сұлу табиғатын 
ардақтап, ӛзін соны қорғаған қызғышқы теңейді. 
Дулат ӛзінің “Бесінші сӛз” немесе “Ата қоныс Арқада” деп аталатын ӛлеңінде 
Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Ол қазақ халқының 
жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы.елдігін сақтап келгенін, туған жерін 
қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мадақтайды. 
Ақын шығармаларынан орын алатын маңызды мәселенің бірі-оқу, ӛнер-білім. 
Дулат та басқа ақындар сияқты надандыққа, әдепсіздікке қарсы шығып, қазақ 
қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың ӛріс алу себебі-осы надандық 
індетінің салдары деп түсінген. Сондықтан оқып білім алған адамдардың қоғам 
ӛмірінен алатын орындары ӛзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы даналық пен 
жақсылық-бәрі тәрбиенің, оқудың нәтижесі. Елді оқыған, тәрбиелі6 білімді адам 
басқарса, зұлымдық пен озбырлық дегендерге жол берілмес еді,-деп түйген.Жалпы 
адамның “жақсы” , “жаман” болып бӛлінуі де сол парасаттылығында; Ойлы, 
ұстамды, білімді, ӛнерлі болуы, ақылының ӛсуі-бәрі оның ізденіп тапқанына, содан 
соң бойына дарытқанына байланысты демекші. 


Дулат ӛлеңдері ойлы, нәрлі, образды. Нысанасына дәл тиерлік ӛткір. Ақынның 
шығармаларын оқығанда кӛз алдыңнан қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы 
тізбектеліп ӛтіп жатады. Кердең-кербез құркеуде ұлықтары, малын жанына балап, 
жалаң-жадағай жылмаңдаған, сүмеңдеген сараңдары, ойлағаны-сұмдық, істегені-
қулық, алаяқ би-болыстары, дӛң-дӛкір, ұры-қары, қу-сұмдары ӛздеріне ғана тән 
мінездірімен ерекшеленеді. Ұлық алдында ұяңсып, жуасып, қылықтана қалатын, ал 
ұлық кетсе, елген қасқырша шабатын Сүлеймен болыстың екіжүзді мінезін дәл басып, 
шебер бейнелейді. 
Ақындық сӛздің рухани күшіне мән бере білген Дулаттың ӛз ӛлеңіне қояр 
мақсаттары да айқын. Ол сусағандарға сусын боп, таңдайын жібітер сӛзді, 
шаршағанды тынықтырар, күш-қуат берер жырды шығаруға талаптанған. Ӛлеңнің 
мақсаты ел-жұрттың жүрегіне жылы тиіп, олардың кӛңіліне дем, қайғысына ем болу,-
деп ұғады. Яғни, ӛлеңді еріккеннің ермегі емес, рухани керегі деп біледі. 
Асылы, Дулат шығармаларының басым бӛлігі-дидактика. Әсіресе, ақынның 
“Ӛсиет нама” жинағына енген шығармалары осындай.
Дулат ӛлеңдерінің мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды. 
Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай, Мұрат сияқты кейінгі ақындарға 
жалғасып, пікірлесіп жатады. 
Дулаттың “Он бес деген жас қайда” деген жыры адам ӛмірі жайлы айтылатын
Бұқар, Шал,Шортанбай, Сүйінбай толғауларымен үндесетін тақырыптас ӛлең. 
Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына ӛз үлесін қосты. Ол 
поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның кӛркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне 
кӛмектесті. Сын-сықақты жиі қолданып, ӛлеңдердің бұл саласының дамуына да ӛз 
үлесін тигізді. Әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты, образдылық, кӛркемдік 
бояуын күшейтті.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет