Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л


Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
7.
Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000. 
 
 
 
№ 6 -Лекция. 
Тақырыбы: Махамбет Ӛтемісҧлы (1803-1840). 
Жоспары: 
1.
 
Ӛмірі туралы мәлімет. 
2.
 
Ақын шығармаларын жариялау, зерттеу жҧмыстары. 
3.
 
Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік,романтикалық 
толғау ақыны. 
 
Бұқарашылдық идеясын айқын танытып, қазақ қауымындағы таптық 
қайшылықтың шиеленіскен кезін, хан-феодалдар мен еңбекші халық арасындағы 
кескілескен күресті нағыз шындық тұрғысында жырлап ӛткен ақын Махамбет еді.Ол-
езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын, Исатай Тайманов 
бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір 
табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, ӛз кезеңінің ірі қоғам қайраткері. 
Махамбет Ӛтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты 
Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Бірақ бір ағасы-
Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол жағында 
болып кӛтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындылары кӛтеріліс 
жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгеннен бастап 
Махамбет ӛмірдің жай-жапсарына ой жіберіп, сын кӛзімен болжай білген озық ойлы 
албырт жас ретінде кӛзге түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында ӛскен ол 
бұқара халықтың зары мен мұңын жақсы білді, жігіт шағында хан ордасы маңында 
болып, ӛзгеше ӛктем ортаға кездесіп, ондағы сән-салтанат, байлықтың сырын терең 


түсінді. Байлық пен салтанатқа, сарайдың жалтырауық сыртқы сәніне қызыққан жоқ.
Махамбет халық қозғалысы тұсында ӛсіп, күрес-тартыста шынығып, әдебиет 
майданына келген ӛршіл идеяны алып күшті, ӛрен ақыны болатын. 
Махамбет ұл болып туған жастың масаты:”Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға 
алу, алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн кӛріп, ашаршылық шӛл кӛріп” жүріп, 
жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай білу деп түсінеді. Махамбет XIX 
ғасырдың алғашқы жартысында ӛмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи 
оқиғасының жалынды жаршысы, насихатшысы болды. Махамбет ел тарыққан 
заманда одан шығар жолда батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған 
қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды. 
1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған “Исатай-Махамбет” атты кітаптағы 
пікірлер бойынша, “Махамбеттің ӛзі де жас кезінде Жәңгірдің нӛкерінде болған екен. 
Исатай ханға қарсы бола бастағанда – ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің ӛзі әрі 
батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; ӛте қызулы адам екен...”-делінген. 
Сондай-ақ Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы 
деректі материалдар бар екені мәлім. Олардың бірі тарихшы А.Ф.Рязанов тауып 
мәлімдеген Махамбеттің 1939 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты; 
екіншісі , 1845 жылғы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға 
алуын сұрап, ӛз қолымен жазып жолдаған арызы. 
Махамбет ӛз кезінің алдыңғы қатарлы, кӛзі ашық, білімді адамы болған.Хан 
сарайы айналасында жүрген Махамбет жас кезінен оқуға мүмкіндік алған.
Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы туралы соңғы жылдары жаңа 
деректер табылып, олар баспа бетін кӛре бастады.Сол деректердің ең ұстамдысы деп 
біз Никита Савичев (1821-1855) қалдырған еңбекті атамақпыз. Никита Федорович 
Савичев XIX ғасырдың екінші жартысында Орал қаласында әскеи қызмет атқарған, 
тарихшы-этнограф, архив ісімен шұғылданушы, сурет ӛнерімен, жазушылықпен әуес, 
жан-жақты талапкер адам болған.Исатай мен Махамбет кӛтерілісі туралы алғаш 
тарихи шынайы пікір түйіндеген прогресшіл зерттеуші. 
Исатай қозғалысын біз бұрын батыр ӛлген 1838 жылмен аяқтап жүрдік. Ал 
Савичев материалдары бойынша кӛтерілістің жалғасы 1842 жылы Аббас Кучиев және 
Муса Айбулатовтар басшылығымен хан Жәңгірдің қатал жауыздығына қарсы 
болыпты.Бірақ сәтсіз аяқталған. 
Савичевтің мәліметі бойынша, Исатай Тайманов 1838 жылы 12 шілде күні 
Ақбұлақты оқиға үстінде “ӛз ерлігінің құрбаны ретінде қаза тапты” деп, Исатай 
Таймановты ол аққан жұлдызға (метеорға) балайды, “Дауылпаз батыр” санайды. 
Н.Савичев Исатайдың серіктері ішінде Махамбетті ерекше еске алады. Ол кӛп 
жерде екеуін қатар атап, нағыз пікірлес, мақсаттас, қайтпас қайсар батырлар 
санайды.”Кӛтеріліс тәмамдалғаннан соң,-дейді Савичев, -Исатай нӛкерінің аман 
қалған қазақтары Қиылға қарай жол тартты. Бұлардың ішінде Таймановтың бірден-
бір жанашыр жолдасы, әрі жолын қуушы шәкірті ретіндегі ақын інісі Махамбет 
Ӛтемісов те бар еді”. Исатай қазасынан кейін Махамбеттің жауына берілмей, батыр 
ісін қайта бастап, кӛтеріліс туын жықпау жолында жан аямай күресіп, ат арқасынан 
түспегенін, ақыры қатыгез жаулары оны да құтқармағанына аяныш білдіреді.”Ықылас 
бастаған Б.Айшуақовтың жендеттері оны 1846 жылы 16 қазан күні (Қаройда) 
сатқындықпен ӛлтіреді”,-деп батырдың ӛлімін де ӛкінішпен аяқтайды. 
Махамбет-суырып салма ақпа ақын. Ӛлеңдері ауызша тарап келген. Сӛйтсе де 
ақынның кейбір ӛлеңдері ӛзінің мазмұны жағынан да, түр ӛзгешелігі жағынан да 
бұрынғы ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары, жазба әдебиетке біртабан жақын тұр. 


Махамбет ӛлеңдері баспа бетін кейін кӛрді.Кейбір ӛлеңдері XX ғасыр басында, 
Қазан тӛңкерілісі алдында шыққан қазақ ақындарының жинақтарына енеді. 1908 
жылы қазанда басылып шыққан “Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны” деген 
жинаққа Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы енген.Бұл басылымдағы ӛлең 
“Борайда-борай қар жауса” деп басталады. “Беріш батырының сұлтанға айтқаны” 
деген атпен қазір бӛлек басылып жүрген бірнеше ӛлеңі осы жинақта біріктіріліп 
беріледі.Бұлардың Мұрат ақынның айтуы бойынша басылғаны ескертіледі. Жалпы 
мазмұнында ерекше ӛзгешелік жоқ... Тек кейбір жолдары ғана қазіргі басылуынан 
біраз бӛлегірек. 
Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан 
“Шайыр” жинағында да басылған.Осы жинақта “Исатайдың әндесі Махамбет 
жыраудың сӛзі” деген атпен ақынның “Ереуіл атқа ер салмай”, “Мен, мен едім, мен 
едім” толғаулары берілген. 
Махамбет ӛлеңдерінің тиянақты жиналып бастырылуы, оның ӛмірі мен 
шщығармашылығын зерттеу революциядан кейін ғана құнттап қолға алынды.Атап 
айтсақ , Халел Досмұхамбетұлы құрастырған “Исатай, Махамбет” кітабында 1925 
жылы, “Аламан” жинақтарында 1926 жылы Ташкентте басылды және осы тұста 
жарық кӛрген “Жаңа мектеп” , “Сәуле” журналдарында Махамбет ӛлеңдері түгелге 
жақын жарияланып, Исатай кӛтерілісі туралы мәліметтер, Ғылман ақын поэмасы 
және басқалары шықты.
1927 жылы шыққан М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” атты еңбегінде Махамбет 
шығармасына бірінші рет талдау жасалды. Кейінірек, Махамбеттің ӛмірі мен 
шығармашылығына М.О.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев,И .Жолдыбаевтар оқулықтарында да 
(1933-1934) біршама орын берілді.
Жазушы С.Мұқанов Махамбет творчествосын ӛзінің “XVIII-XIX ғ. әдебиет 
тарихының очеркінде” кең талдады. 1939 жылы Махамбет ӛлеңдерінің жинағы жеке 
кітап болып басылды.
Махамбет заман шындығынан бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист 
ақын болды. Оның шыншылдығын әрбір ӛлеңінен кӛреміз. Халық бақыты, ел мүддесі 
үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын ӛлеңі ӛмір шындығынан аулақ болуы 
мүмкін де емес еді. 
Ақын ӛзі бастаған қозғалысты бастан аяқ жырлау арқылы сол тарихи оқиғаның 
шындық кӛрінісін түп-түгел кӛз алдыңнан ӛткізеді. Мысалы, ӛзінің “Соғыс” деген 
ӛлеңінде ақын Бекетай құмына ту тіккен кӛтерілісшілердің дүбірін, алғаш бас қосып, 
жауға қарсы аттанған сәттерін жырлайды.
Әскер жиып аттандық,
Жау қарасы кӛрінді,
Бекетай еді тұрағым. 
Жиылған әскер бүлінді. 
Айқайлап жауға тигенде,
Исатай-басшы,мен-қосшы... 
“Ағатай беріш” ұраным... 
Махамбет-қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық 
қозғалысын батыл да ашық айтқан ақын. Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз 
талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян 
бейнесінде суреттеді. 
Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық 
халықтың алып күшін кӛз алдыңа елестетеді.”Мінген ер”,”Тарланым”,”Тайманның 
ұлы Исатай”,”Біз неткен ер”,”Ұл туса”,”Туған ұлдан не пайда”,”Исатай деген ағам 
бар”,т.б. ӛлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады.


Махамбет ӛлеңдері жігерлі де асқақ романтикаға толы. Ақын қиялы алыс қияға 
самғап, ӛмір ӛрін кезеді. Оның халықтық беті де айқын. Ол – халық үшін бар ӛмірін 
сарп еткен, ел үшін туған ер ақын. Махамбат поэзиясының реализмі оның 
халықтығымен ұштасып жатады.Оның поэзиясы-нағыз халықтық-реалистік поэзия. 
Махамбет-ақындық мақсатын ел мүддесімен ұщтастыра білген азамат ақын.Халық 
қамы үшін атқа мініп, жауға қарсы ӛзінің жалынды сӛзін жай оғымен қатар 
жұмсады.Ақынның ӛжет сӛздері батырдың беліндегі ақ семсер , алмас қылыштай 
қиып түсер ӛткір қарудан кем емес еді. 
Махамбет ӛлеңдеріне, оның жыр үлгілеріне Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, 
Нұрым,Қашаған, Ғылман сияқты ақындар еліктеген , оның творчествосын жақсы 
біліп, әдеби үлгі алған. 
Махамбет поэзиясы-хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, ол 
озық идеялы, халықтық күресшіл поэзияның ӛріс алуына елеулі үлес қосты.Ӛз 
кезіндегі және кейінгі дәуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты 
ықпал етті, ӛміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті. 
Махамбет поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына ӛзіндік жаңа леп пен тың идея 
қосқан жаңашылдығымен құнды. 
Махамбет поэзиясына тән ӛжеттік, ӛрлік, ӛткір сын әр кезде де кейінгі жастарға 
үлгі. Ақынның бітім тұлғасы, ісі, сӛзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық. 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 
7.Ә.Әлімжанов “Махамбеттің жебесі”. –А.,1978. 
8. Махамбет. Ерулі атқа ер салмай. Ӛлеңдер. –А. 1974 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет