Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
№7- Лекция
Тақырыбы: Махамбет шығармаларындағы Исатай батыр бейнесі. 
Жоспары: 
1.
 
Ақын ӛлеңдерінде Исатай батыр бейнесінің жырлануы. 
2.
 
Лирикалық ӛлеңдеріндегі ақынның ӛз бейнесінің сомдалуы. 
3.
 
Махамбет ӛлеңдеріндегі жыраулық, ақындық дәстҥр. 
 
Махамбет – тілге шебер ақын. Ол - ӛзіне дейінгі ақындар шешендігін, халық 
даналығын игерген, тұспалдап сӛз айтуға мейлінше ұста. Әрбір ӛлеңі оқушысының 
кӛкейіне бірден-ақ қона кетеді. Термелеп сӛз қатып, ӛміршең жыр толғайды. Ӛмір, 
табиғат, қоғам ӛзгеріс-құбылыстары, табиғи заңдылықтары туралы тұспалды 
шумақтар туғызады. Бұндай жолдары ақынның тек жалаң үгітші емес, терең ойдың, 
зор парасаттың адамы екенін танытады. Асылы, Махамбет заманының озық ойлы


терең сырлы табиғи таланты болған. Оның әрбір шығармалары осы бір 
тұжырымымызды растайды. Халық даналығы мен ақын парасаты ұштасады. 
Ермін деген жігітті, 
Келмейтұғын нәрсеге, 
Кеңшілікте сынама. 
Жаныңды қинап жылама... 
Немесе: 
Тоқсан тарау су ақса, 
Жайық үшін жандастық, 
Дария болар сағасы. 
Қиғаш үшін қырылдық, 
Исатайдың барында 
Теңдікті, малды бермедік
Қара қазан, сарбала 
Теңдіксіз малға кӛнбедік. 
Қамы үшін қылыш сермедік. 
Ақын Исатайды суреттеген толғауларында неше алуан теңеу, эпитет, 
метафоралар қолданады. Исатайды небір халықтың асыл сӛздерімен суреттеп, батыр 
тұлғасын танытар айқын теңеулер табады. Мысалға ақынның «Тарланым» деген 
ӛлеңін алайық. Осы ӛлеңнің ӛзінде-ақ Исатай ӛз бойының барлық кӛрінісімен кӛз 
алдыңа елестейді. Батырдың сырт тұлғасы ғана емес, ішкі сыры, қайтпас қайсар 
мінезі, жайдары жарқын жүзі, ақылы мен ӛнері, жауға деген айбары, ашуы, ел 
ішіндегі беделі – барлық жағынан ӛте сүйкімді сипатта бейнеледі 
Кермиығым, кербезім,
Хиуадай базарлым, 
Келіскендей шандозым,
Теңіздей терең ақылдым, 
Құландай ащы дауыстым
Тебіренбес ауыр мінездім... 
Қырмызыдай ажарлым,
Адырнасын ала ӛгіздей мӛңіреткен... 
Махамбет әрбір ӛлеңін ой толқынына сай құрады. Ақын ойының толқыны 
күрес толқынымен сабақтас еді. Күрес оның ӛлеңінің мазмұнына да, құрылысына да 
ӛз ықпалын тигізді. Ал мұның ӛзі күрес идеясын беруге ыңғайлы ӛлең құрылысын 
керек етті. Сӛйтіп, Махамбет батырлар жырының құрылысын қолданды. Күреске 
аттанған батырлар тілегіне шығарма әуені де ұштасты. Сондықтан да профессор Қ. 
Жұмалиев ӛзінің зерттеулеріне «Махамбет ӛлеңдері, кӛбіне жыр (7,8 буынды) 
ағымымен келеді», - деп қорытады. Бұл пікірдің негізі дұрыс. Жыр формасы ақынға 
біраз жеңілдік беріп тұр. Онда шумақ ӛлшемі, буын мӛлшері, тіпті ұйқас тәртібі, онша 
қатал сақталмайды. Ақын бұл жағынан ӛзін еркін ұстап, ӛлеңнің буын санын да, 
ұйқасын да, шумақ мӛлшерін де ӛз ойына бағындырып алады. Осыдан болса керек, 
жырларда мӛлшерлі шумақ болмайды, буын саны кӛбіне 7-8 болғанымен, онда басқа 
да мӛлшерлер (11, 12 буын) ұшырай береді. Жырлардың буыны 11 болса да, ол тӛрт 
жолды бір шумақ қара ӛлеңмен шатаспайды, ӛзінің жыр қалпын сақтайды.
Махамбет ӛлеңдерінің ұйқас ерекшелігі де бар. Оның кӛп қолданатыны – 
шұбыртпалы ұйқас. «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» тағы басқа ӛлеңдері. Бұдан 
басқа ұйқас түрлері де ақынға жат емес. Ол кӛп жерде кезекті, қаусырмалы, асқақ, 
ерікті, аралас ұйқастарды қолданған, сондай-ақ кейбір ӛлеңдерінде егіз не қатар ұйқас 
та (а, а, б, в) кездеседі. 
Махамбеттің «Мұңайма» деген ӛлеңінде де ӛзіндік ұйқас сезіледі. 
Ханның ісі қатайды, (а)
Ұрандап жауға тигенде (в) 
Азамат ерден бақ тайды (а) 
Кім жеңері талайды, (а) 
Қанды кебе киініп, (б) 
Жолдастарым мұңайма! (в) 
Бір аллаға сиынып, (б) 


Бұл ӛлеңнің алғашқы екі жолы және алтыншы жолы ӛзара ұйқасады, одан 
кейінгі 3-4 жолдары да үйлесіп келген, ал бесінші және соңғы бір жолы ӛзінше бӛлек, 
дара жатыр. Әрине, бұл поэзияға Махамбет қосқан жаңалық емес, ол – халық 
жырларында жиі ұшырайтын құбылыстар. Ақын соны жақсы пайдаланған. 
Махамбет ӛлеңдеріне, оның жыр үлгілеріне Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, 
Нұрым, 
Аралбай, 
Қашаған, 
Ғылман 
сияқты 
ақындар 
еліктеген, 
оның 
шығармашылығын жақсы біліп, әдеби үлгі алған. 
Махамбет поэзиясы – хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, 
ол озық идеяны, халықтық күресшіл поэзияның ӛріс алуына елеулі үлес қосты. Ӛз 
кезіндегі және кейінгі дәуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты 
ықпал етті, ӛміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті.
Махамбет поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына ӛзіндік, жаңа леп пен тың идея 
қосқан жаңашылдығымен құнды. 
Махамбет поэзиясына тән ӛжеттік, ӛрлік, ӛткір сын, әр кезде де кейінгі 
жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлға-тұрпаты, ісі, сӛзі – бәрі ерліктің мәңгі символы 
деуге боларлық. 
Махамбеттің кӛптеген ӛлеңдерінде кездесетін ақындық «Меннің» мәні терең. 
Оған халық ерлігі, халықтың ең асыл қасиеттерінің бірі түгел сыйып жатады.
«Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Мен тауда ойнаған қарт марал», «Боз 
ағаштан биік мен едім», «Томағалы сұңқар мен едім», «Таудағы тарлан шұбар біз 
едік», «Мен бір шарға түскен қара балта едім», «Мен ақсұңқар құстың сойымын», 
«Мен кескекті ердің сойымын», «Шамдансам жығар асаумын», «Шамырқансам сынар 
болатпын» деп келетін кӛптеген тропа, метафора (ауыстырулар) ақын тіліндегі 
кӛркемдеу құралдардың сан алуан құбылып отыратынын танытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет