Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л


Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А., 2000.   №10- Лекция



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
7.
Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А., 2000. 
 №10- Лекция. 
 
Тақырыбы: Сҥйінбай Аронҧлы(1822-1895). 
Жоспары: 
1. Ақын ӛмірінен мәлімет. 
2. Ақын мҧрасының жариялануы, зерттелуі. 
3. Толғауларының тақырыптық мазмҧны. 
4. Айтыстары. 
Белгілі қазақ ақындарының бірі – Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, 
Майтӛбе жайлауында 1822 жылы шілде айында туған. Ӛз әкесі – Аран Күсепұлы, 
арғы атасы – Жиенқұл деген кісілер. Ол кедей жанұядан шыққан. Әкесі Аранның 
шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Ӛзінің ӛмірі 
туралы айтқан ӛлеңдерінің бірінде ақын бұл жайды және екей елінің түгел кедей 
болғанын толық бейнелейді.
Сол момынның біреуі,
Малға кедей жан едім, 
Екей деген ел едім. 
Кӛже қатық қой сұрап. 
Сүйінбай деген мен едім,
Дүйсен деген біреуге 
Әкем Аран тұқымы. 
Кеше күндіз кеп едім.
Сүйінбайдың Тезек тӛремен кездесуі – кейінірек, ақынның ер жетіп, елге 
танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сӛйлеп, Тезек тӛрені де 
жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас кӛтертпей жалынды 
сӛзінің күшімен бӛгеп отырады. Тіпті кӛрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ 
ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшін 
күресіп, хан-тӛре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. Әр түрлі дауға түсіп, әділ 
қазыдай әмірлі билік айтады. 
Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды.
Болашақ талант иесінің шығармашылық ізденуі басталады. Оңтүстік, Шығыс, 
Орталық Қазақстан жерін ол түгел аралайды. Ӛз кезіндегі халық ақындарының 
біразымен кездесіп тілдеседі. Ӛзіне дейінгі ақындардан ӛз атасы Күсептің жырларын, 
Жанкісі жыраудың ӛлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан, Жанақ, 
Түбек, Шӛжелермен кездескен. Ал, ӛзіне тұстас Майлықожа, Майкӛт, Қаңтарбай, 
Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан. 
Сүйінбайдың соңғы кезде табылған ӛлеңдерінің ішінде оның ӛмір белестерін 
танытатын кейбір толғаулары кездеседі. 
Сүйінбай ӛлерде айтқан бір ӛлеңінде мұрасының қағаз бетіне түсіп, жазылып 
қалмағанына ӛкінеді. Ӛзі қайтыс болғаннан кейін ӛлеңдері елдің есінде қалмай, 
ӛзімен бірге жойылып кете ме деп қауіптенеді. Ӛлеңінде ақын кесір мінезді Жұмаққа 
реніш те білдіреді. 


Сүйінбайдың аталмыш ӛлеңдері - ӛзінің мәнімен де, кӛркемдігімен де елеулі 
шығармалар. Ақынға тән сыншылдық пен шыншылдық бұл ӛлеңдерде де айқын.
Сүйінбай Алатаудай, атым дардай, 
Жатқанымда боламын шӛккен нардай. 
Еңбегімнен екі ауыз із қалмастай, 
Кӛктемдегі жер тартып кеткен қардай. 
Ақылымды қараңғы басып қалған, 
Сау күнімде құдайым еске салмай, 
Ауру билеп бойымнан әлім кетті-ау, 
Бауырсаққа иленген кескен нандай. 
Сүйінбай – халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның 
билер мен тӛрелерді сынап, мысқылдап айтқан ӛлеңдерінің ӛзі дәлел. Ақынның 
«Кәрілік» атты ӛлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған ӛмір 
белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сӛйлеуге ұста екенін танытады. 
Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, кӛрші Орта Азия халықтары да жақсы 
білген. Әсіресе, оның есімі – туысқан қырғыз халқына жете таныс. Қырғыз 
айылдарын ӛз аулындай аралап, олардың басындағы ауыртпалықтарды да жақсы 
ұғынған. Қырғыз кедейлері мен қазақ жатақтарының тағдырластығын түсініп, оларды 
қанап отырған хан, тӛре, датқаларды бірдей сынаған. 
Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр ақындары айтыстары ішінде бір тӛбе жоғары 
тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл ӛткірлігінен байқалады. Ол ӛзінің 
ӛлеңдерінде кейбір ақындарша ӛз елінің байларын бедел тұтып, тілге тиекті сол бай 
мен тӛрелер маңынан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Ӛтеген, 
Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады.
Сүйінбай шығармаларының ішінде ӛзінің мәнділігімен ерекше кӛзге түсетіні – 
оның Тезек тӛремен кездесіп, дидарласуы. Мұның ӛзі әлеуметтік мәні жағынан екі 
ақынның айтысы деуден гӛрі, елдегі қоғамдық екі тап ӛкілінің саяси тартысы деуге 
тұрарлық шығарма. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді. Мұнда бір-бірінен 
жыр ӛнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан-ашық қоғамдық екі тап ӛкілі 
егеседі. Қара халық, еңбекші ел атынан бұқара тілегін кӛтере Сүйінбай шықса, 
Абылайдай атақты атаның баласы текті тӛре Тезек ӛз табының туын ұстап, тіл 
безейді. Қоғамдық екі таптың ӛкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі. 
Сүйінбай хан-сұлтандар алдында қасқиып тұрып, батыл сӛйлеген Махамбет 
пен Шернияз типтес талант иесі. Әсіресе, ол – Шернияз ақынмен тағдырлас. Екеуі де 
ел батырларын жақтап, ел мұңын жоқтаған. Екеуі де ӛз елінің хан-сұлтанын түйреген 
ӛлеңдерімен белгілі.
Сүйінбайдың айтыстары ішінде оның Қаңтарбай ақынмен тілдесуінің мәні 
ерекше. Қаңтарбаймен айтысқанда Сүйінбай да ӛз елін бай, ӛз руын күшті етіп 
кӛрсетуге тырысады. Қаңтарбайды кедейсің деп кемітеді. Албан, дулаттың кӛптігін 
айтып састырмақ болған Қаңтарбайға Сүйінбай екей аз болса да, оның Сұраншыдай 
батыры бар екенін, талай жауды тойтарып, ол дулатқа да қорған болғанын айтады. 
Мен ол тірі тұрғанда ешкімнен қорықпаймын деп Сұраншыны мақтайды. 
Қорықпаймын дулаттан Сұраншы ӛлмей, 
Қара шұбар жігітке қаза келмей. 
Мың кісіңе бір кісім болар, дулат, 
Шуылдап Сұрыншыны жерге кӛмбей.


Бұл айтыста Сүйінбай ӛзінің ақындық ӛнерін асырып, Қаңтарбайды жеңіп 
кетеді.
Сүйінбайды жалайыр, албан, дулат елдерінің ақындары ұстаз тұтып ардақтаған, 
Бақтыбай деген жалайырдың жас ақыны Сүйінбайдан бата алып, ӛнер жолына түскен. 
Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санап, «пір» тұтқан. Сүйінбайдың 
ақындығын Жамбыл аса жоғары бағалаған. Бұл ретте Жәкеңнің мына бір ӛлең 
жолдары кӛбірек еске оралады: 
Ақындардың ақыны, 
Айдын кӛлдей ақылы. 
Жыр тұлпары – Сүйінбай. 
Сүйінбайдың кӛпшілікке мәлім, баспа бетін кӛрген ӛлеңдері тым аз және 
кӛркемдігі жағынан да онша мәз емес еді. 1940 жылдардан бастап, Сүйінбай 
шығармашылығын орта мектепке оқу құралдарына енгізу әрекеттері де істелді. Бұл 
салада Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов тұңғыш қадамдар жасаған болатын. 
Сүйінбайдың ӛмірбаянына қатысы бар кейбір мәліметтерді жазушы С. 
Бегалиннің Жамбыл Жабаев ӛмірі туралы қолжазба кітабынан да ұшыратамыз. 1960 
жылдан кейін Сүйінбай шығармашылығына біз жаңаша талдаулар жасап келеміз. 
Сӛйтіп, ақын шығармашылығын зерттеудің 1960 жылдардан жаңа кезеңі басталды. 
1975 ж. «Жазушы» баспасы «Ақиық» атты ақынның жаңа жинағын шығарды. Бұл 
жинақ 1990 ж. қайта басылды. Сүйінбай Аронұлының шығармаларының жаңа 
басылымы халық сақтаған қымбат мұраны бірқыдыру мол қамтып, ақынның алып 
бейнесін толық танытты.
Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш 
салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар. 
Бірінші саласына ақынның жиырма шақты толғау-жырлары жатады. Оның 
мазмұны шет жұрттық басқыншыларға қарсы қол бастаған қазақ батырларының 
ерліктерін жырлау, ӛмір сырларын ақтарып, дүние-әлем, бақ-дәулет, талап-талғам, 
ӛзгерістерін толғау. Ӛмір – қоғам құбылыстарын байқаған, дүние, әлем, адам, оның 
орны туралы толғанысы терең: 
Дүние – ескі сарай-ды,
Кӛшіп ӛткен керуендей, 
Жолаушы жүрген азамат
Аттандырған талайды. 
Кӛркіне оның қарайды,
Ӛміріңнің орағы 
Сондадағы тауарих 
Қуанба кӛріп жаңа айды. 
Ақынның бір арманы еліне әділетті ӛмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке 
ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді кӛрсетіп, бұқара халықты әділ 
жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін, 
әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса 
айтады. 
Сүйінбай шығармалары – образды, сұлу, суретті жырлар. Онда терең мазмұнға 
сай кӛркем бейне, сом тұлғалар дараланып, кӛркемдік шыңға кӛтеріледі. Әсіресе, 
үстемдер бейнесін жасауда олардың типтік мінездерін танытарлық суреттер қонымды 
бояулар арқылы реалистік ӛнер дәрежесінде тұлғаланады. Ал датқа, ұлық, болыс, би, 
ояз сияқтыларды суреттеуде Сүйінбай Абайдың «Болыс болдым, мінекей!» 
классикалық шығармасы дәстүріне лайық, соған пікірлес стильде тамаша сатиралық 
туынды жасайды. Мысал үшін, Сүйінбайдың «Датқаларға» толғауын атасақ та 
болады. 


Адам мінезін жасауда Сүйінбай ӛзі тұстас кӛркем сӛз шеберлерімен бәсекеге 
түскендей, Махамбеттің Жәңгірге, Шернияздың Баймағамбетке, Жанақтың Рүстем 
тӛреге, Шӛженің Бәйтікке айтқандары сияқты Сүйінбайдың тӛре-сұлтандар алдында 
айтқан тебіреністері – үндес те мұңдас; түрі – тілі, стилі де бір қалыптас шығармалар. 
Хан емессің, қиықсың,
Ұры-қары, залымның, 
Қалың елді айдап жеп,
Жаныңа барын жиыпсың, -
Теріңе зор сиыпсың
деп басталатын Сүйінбай тебіреністері «Хан емессің қасқырсың», «Мен едім» 
сияқты Махамбеттің жалынды жолдарына пара-пар ӛжеттік пен ӛткірлікке толы 
шығарма. 
Сүйінбай шығармаларының халықтық беті – айқын.
Сүйінбай шығармаларының кӛпшілігіне тән қасиет – сын-сықақ, ащы сарказм. 
Бұл сарын ақынның барлық шығармасының негізгі ӛзегі дерлік. Сӛйтіп, Сүйінбай да 
Махамбет сияқты хандар мен тӛрелердің халықтың хас жауы екенін ашық айта алды. 
Сүйінбай әділ билікті керек етіп, халыққа қызмет етер адал азаматты кӛкседі. 
Жастарды әділдік рухта тәрбиелеуге күш салды. 
Сүйінбай – халық батырларын үлгі етіп, қаһармандық жырлар толғаған эпик 
ақын. Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Тотан, Ботбай, Бӛлтірік, Жабай, Ӛтеген батырлар 
туралы жырлар шығарған. Бірақ олар бізге түгел жетпеген. Тек кейбір үзінділері 
мәлім. Оның «Тотан батыр» жырын халық ақыны Сариев Әбдіғали жырлап келген-ді. 
Жамбылдың айтуынан С. Сейфуллин жазып алған ноғайлы батыры Жабай туралы 
жырдың үзіндісі де назар аударарлық.
Сұраншының ерлігін ол ӛмір бойы жырлап ӛткен.
Сүйінбайдың жұртшылыққа мәлім шығармаларының кӛбі – сын-сықақ ӛлеңдер, 
арнау, толғаулар, айтыстар. 
Ӛмірдің қызығы – татулық, бірлік, ізеттілікте екені кӛрсетіліп, адамгершілікке 
үндейді. Кӛркемділікті, табиғилықты дәріптеп, адамның рухани азығы - ӛнер, ӛлеңді 
жоғары бағалайды. Бұған «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері», «Жұмыққа», 
«Құлқайырдай ағарды сақал-мұртым», «Сүйінбай Алатаудай атың дардай», «Кәрілік» 
тәрізді ӛлеңдер циклын жатқызуға болады. 
Кезінде Жамбылға ұстаз болған Сүйінбай ақындығы - ӛз бедері, ӛз сипатымен 
оқшау тұрған мәнді шығарма. Ол – біз үшін Алатаудай асқақ, сарқырама ӛзендей 
екпінді, нәрлі, саялы салқын, жанға жайлы, мәнді рухани азық. 
Сүйінбай - ӛлең техникасына жетік, саңлақ ақын. Оның шығармалары 
әдебиетіміздің тӛрінен орын алады. Ӛлеңдерінің кӛп жолдарында қатар бір жолдан 
бастап, анафора, эпифора, аллитерация үлгілерін шебер пайдаланады. Ал бұл сиқты 
қасиет профессионал жазушыларға тән құбылыс екені мәлім. 
Сүйінбай - ӛзі туып-ӛскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім 
алып, жетілген ӛмір саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген 
шыншыл ақын. Оның шығармалары - ӛзінің ӛміршеңдігі, кӛркемдігімен құнды. 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.


5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Б
ес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет