Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы



Дата29.11.2016
өлшемі114,35 Kb.
#2842
Қазақ лиро-эпостарын салыстыра зерттеудің теориялық мәселелері //Қазақ ұлттық университеті хабаршысы. Филология сериясы. Алматы, Қазақ Университеті, 2014, № 4(138 ). -24-28 бб.

Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің доценті, филология

ғылымдарының кандидаты

«Манас» эпосы қазақ ғалымдарының зерттеуінде.


Қырғыз халқының ұлы рухани мұрасы «Манас» эпосын зерттеудегі М.Әуезовтың алатын орны ерекше. Ол туралы Ш.Айтматовтың: «Мұхтар Әуезовты қырғыздар аса зор құрметпен өзіміздің туған перзентіміз деп таниды. Біз Әуезовтың көзі тірісінде солай дейтінбіз, қазір де солай дейміз. Халқымыздың мұншалық қалтықсыз құрметі Мұхтар Әуезов «Манас» эпосының асқан білгірі және аса зерттеушісі немесе қырғыз әдебиетшілерінің досы және ұстазы болғандықтан ғана емес. Қазақ пен қырғыздың домбыраның қос ішегі секілді өз ара жақын және үндес, біз көшкен тағдырлар, біз өткен жолдар, біз кешкен тұрмыс- тіршілік әрқашан біртұтас; өткенде де бірдей еді, қазіргісі де бірдей» - деген (1.220) жазушының жүрек жылы лебізі М.Әуезовке арналған зор құрмет белгісі. Оның өзіндік себебі де бар. 1952 жылы 10 шілде күні Бішкек қаласында «Манас» эпосын талқылауға арналған ғылыми конференция өтті. «Манас» эпосының тағдыры талқыға түскен осы жиын қырғыз халқының жүрегіне үміт пен күдік ұялатты. Мыңдаған жыл қырғыз халқының ақыл ойымен эпостан айырылу- аспандағы күні қараңғы жатқанмен бірдей еді. Елдік намыс пен білім сарапқа түскенде М.Әуезовтың жан салып «Манас» эпосын қорғауын қырғыз халқы қалай ұмытсын.

«Манас» эпосын қалай зерттегені туралы М.Әуезов: «Мен 30- шы жылдардың басында «Манасты» зерттеуге кірістім де, 1935 жылға дейін өз зерттеулерімнің алғашқы нұсқасын тәмамдадым, ал, 1937 жылы жөндеп шықтым.1942-1943 жылдары мұнда мен жоқта оны біреулер үстіне тағы қарапты. Бірақ 1944 жылы мен өзім тағы өңдедім де, тіл- әдебиет институна тапсырдым.( 2.237)»- деген.

Бұл жерде тағы бір айта кететін жай Мұқаң, өзінің «Манас» эпосын зерттеу кезіндегі тап болған өзгеше жайларға оқырман назар аударған:

«... отызыншы жылдарды бас кезі мен орта шенінде «Манастың» Сағымбай нұсқасынан басқа варианты болған емес. Қаралаев варианты 1936 жылы жазылып алына бастады.Мен сол жылы жазылып бітпеген нұсқаны оқыдым. Ал Молдабасанды тыңдап көрдім, бірақ оқыған емеспін» (1.2523)- дейді.

М. Әуезовке « Манас» эпосын зерттеу жолында кездескен кедергілер мен қиындықтар аз болған жоқ. Соның бірін серпіп тастап қайткенде ұлы туындыны халықтық асыл мұра қатарына қосуға тәуекел еткен.

М.Әуезовты «Манас» эпосын зерттеуге құлшындырған да Ш.Уалиханов зерттеулерінің өзіне тән ерекшелігі мен ой тереңдігі, талант қуатының биіктігі болса керек. Шоқанның сұңғыла зерделілігі мен Әуезов пайымдауларында іштей табысқан үндестік барын аңғарамыз. М.Әуезов пайымдауынша «Манастың тұтас күйінде бір кісі шығара салмаған. Ол сан ғасыр бойына, сан буын жомықшылардың қатысуымен ұлғайып дамып отырған.Бұл жерде Мұқан «Тарыдан тау, тамшыдан көл құралар деген» халық даналығының ұлылығын меңзеп отыр.

Ғасырлар қойнауында әдебиет көшінің жоғалған бір бөлігін М.Әуезов, Ш.Уалиханов бағдары арқылы тоғыз жолдың түйіскен торабы сияқты қырғыздардың «Манас» эпосынан табады.

«Манас» эпосын зерттеп білуге талпынған жас М.Әуезовтың өз бойында болашақ ғылым болуға жетелер талант барын танытқан алғашқы ғылыми баяндамасын айтсақ та жеткілікті болар.

Ташкентте ашылған алғашқы ағарту институтында М.Әуезовтен дәріс алған шәкірттерінің бірі кейінірек ғалым Сейділдә Телжанов «Мұхтар аға туралы» деген мақаласында: Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы естігеннің қоспасы көп қой.Біз көргенімізді ғана айта алдық. Мұхтар аға 1922 жылдың аяқ шенінде Ташкентке келді. Алғаш көргеніміз сол еді. Бір күні кешке таман қазақ ағарту институтында мәжіліс болды. Сонда: Қырғыз елінің ұлы эпосы «Манастың» бұдан жетпіс, сексен жыл бұрын қазақтан шыққан ғалым , әрі жазушы, әрі этногроф Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов зерттеген болатын. – деп бастады Мұқаң,- «Манастың» ол – «Сахараның Илиадасың,оның жалғасы семетейдегі – Орта Азияның «Одессеясы» деп атаған. Біздің елдегі батырлар жыры «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын», махаббат күйін шертетін лироэпостар: «Қозы-Көрпеш- Баян- сұлу», «Қыз- Жібек», «Айман- Шолпан» бар. Ескі түркі- шағатай тілінде жазылған «Көрұғлы Сұлтан», «Зарқұм», «Сал- салдар» бар, міне, осылардың бәрін зерттеу керек. Халық қазынасының тоңын тазартып, асылып аршып алуымыз мақұл,- деп еске алған. (3.57-59)

Қырғыз халқын, оның «Манас» эпосын зерттеуде елеулі мұра қалдырған Ш.Уалиханов жазбаларының берері әлі де мол. Соларға алғаш көңіл аударып «Манас» эпосын ұлы мұраға тән асылын ажыратқан да М.Әуезов. 1920 жылдың басында қазақ фольклорына зерттеуге белсене араласқан кезінде тарихи байланыстары әріден танылатын, ауқымы кең түркі текті халықтардың қазақ фольклорына жанасатын ежелгі ескерткіш тарихи мұраларымен салыстыра қарастырған екен. Қырғыздың «Манас» эпосы да жазушы назарына сонда іліккен көрінеді. Сол жылдардан бастап М.Әуезов «манас» эпосын да қатысты дерек жинап, халық шежіресін көп білетін дана көкірек, кәрі құлақ қариялардан сұрастырып, хатқа түсіріп, қойын блокнотына жазып ала беріпті.

М.Әуезов «Манас» эпосын зерттеу бағдарының әлі ашылмаған соңы соқпағы лекциялары арқылы көрінеді. Мұқаң оқыған лекциясының ғылыми жоспарын, конспектілерін әуелі қойын дәптеріне жазып отырған екен. Жазушының архив қазынасы саналатын сол блокноттың бірінде «Қырғыз туралы дерек», «Қырғыз туралы ескі хабар» (лекцияға) деген екі үлкен тақырып рет санымен 16 кіші тармаққа бөлінген (1.240). М.Әуезовтың ғылыми еңбегі алтын сандықтағы асыл қазына сияқты «Манас» эпосын зерттеушілер үшін таптырмайтын аса құнды материал.

«Манас» жырының ғажайып құпиясы ашылып, ғылыми қауым игілігі ету жөнінде Шоқаннан басталып, Мұхтар еңбегі арқылы жалғаса түскен тамаша дәстүр тарихшы, этногроф, археолог, әдебиетші – академик Әлкей Марғұланның еңбегінде жалғасын тапты. «Шоқан және Манас» фольклористика ғылымына өз жаңалығымен, қайталанбас сан бітімімен қосылатын үлес. Кітаптың әр тарауы, әрбір беті бағалы мағұлматтарға толы. Еңбекті ұқыпты оқыған кісі фактілерді қадірлей білудің, бір ғана емес, бірнеше ғылымның жетістік деңгейін есепке ала отырып пікір түюдің, кесек қорытындылар жасаудың үлгісін көрсетті.

Кітап «Манас» жырын жазып алу тарихынан, «Жырдың мазмұны, сюжет құрлысы», «Жырдағы ерлік бейнелер, кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы» деген төрт тараудан тұрады. Монография соңында Көкетай ханның ертегісі берілген. Аталған тараулардың қай- қайсысында да оқушы ойын байытарлық деректер, салыстырулар, білікті болжамдар мол. Тек әдебиетші немесе тарихшы көзімен қарап қоймай, автор қоғамдық ғылымның түрлі саласын меңгерген оқымысты биігінен шолып, терең талдауларға барады. «Манасты» тікелей зерттеп отырып, Орта Азия халықтарының тарихына ортақ қаншама құбылыстар заңдылығын ашады.

Ә.Марғұланның қазақ ғылымының өткендегі жарық жұлдыздарының бірі- Шоқан Уалихановтың ғылыми, әдеби мұрасын жинап, жариялаудағы қызметі ерекше. Ш.Уалихановтың сан архивте жатқан, жоғалдыға саналып келген қолжазбаларын тірнектеп тауып, оларды бүгінгі жұртшылыққа ұсынуы ғалымдық, азаматтық ерліапен барабар. Осының бір күрделі нәтижесі «Көкетай ханның ертегісінің» табылуы.

Шоқан архивінен табылған «Көкетай ханның ертегісі» қашан және қандай жағдайда, кімнен жазып алынғанын анықтауға ғалым көп уақытын сарп еткен. Қырғыз манасшыларының айтуында жырдың түрлі айырмьашылықтары бар екенін ескерген автор Шоқан жазып алған нұсқа дәл кімнен келгенін тексеруді үлкен ғылыми міндет етіп қойған. Автор Шоқанның қырғыз әдебиеті мен тарихына байланысты жазған материалдарын: аңыздар, шежірелер, жырлар деп негізгі үш топқа бөліп қарады, осылардың әрқайсысына қатысты қыруар қызғылықты мысалдар келтіреді. «Манас» жырының тұтас тұлғасын таныған Ш.Уалихановтың «Көкетай ханның ертегісін» ғана жазып алу себебін аса дәлелді, ғибратты етіп кемел әңгімелейді.

Ә.Марғұланның пайымдауынша «Көкетай ханның ертегісі» - қырғыз тарихы мен тұрмысының бұрынғысынан бейқисап дерек беретін аса көркем кесек жыр. Шоқанның жыр кестесін неғұрлым анық та, табиғи қалпында жазып алуын автор тарихи іс деп бағалайды. Бұл бағаның әділдігіне кітаптың келесі тарауларында көз жетеді. «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің одан кейінгі жазулардан көп ерекшелігін де Ә.Марғұлан қапысыз дәлелдеген. Шоқан жазып алған нұсқаның айрықша қымбаттылығы неде екеніне монография бойында талай рет көз жеткіземіз. Уақыт өткен сайын «Манастың» айтушылар жырдың кестесіне елеулі өзгерістер енгізіп, байырғы қалпынан көп алыстатып әкеткен көрінеді. Бұл пікірді дәлелдеу үшін автор тағы да көп мысалдар келтіреді. Жырдың өзгермеген түп нұсқасы және оның ғылым үшін пайдасы деген қағиданы Ә.Марғұлан кітаптың келесі тарауларында жіліктеп шешеді.

Монографияның алғашқы тарауында автор «Манас» жырының ғасырлар бойында зерттелу жайын шолады, бұл саладағы белгілі еңбектердің сипатын ашады, ерекшелігін ескертеді.

«Манастың» 1856 жылы Ш.Уалиханов жазып алған үзіндісінің тарихын әңгімелеу үстінде академик Ә.Марғұлан жырдағы көне сарындарды кең баяндаған. «Көкетайдың асы» суреттелетін бөлімге арнайы тоқтала келіп, ғалым мұндағы салт- ырымдардың көбі ертедегі ғұндар дәуірінен бері жалғасып келе жатқандығын дәлелдеген.(1.196).

Ә.Марғұлан өзінің «Манас» туралы зерттеуінде жырдағы көптеген тұрмыстық- салттық дәстүрлердің исламнан көп бұрынғы кезде орын алғанын нақтылы мысалдармен тұжырымдаған. Батырлардың достасқанда «түсі түкті жер ұрсын, төбесі ашық күн ұрсын» деп қарғауының өзіне жерге, көкке табынудың ізі байқалатынын ғалым жақсы аңғарған. Манастың қырық Шораны қасына ертіп жұру мәселесі де көне жырларда кездесетінін Ә.Марғұлан кең салыстырулар жасап көрсеткен.

Ә.Марғұлан «Манастағы» соғыс суреттерінен де көнелік қабаттарын көбірек көреді. Ежелгі ғұндардың көбірек ерлік өмірін еске түсіретін тарихи бейненің бірі сол заманда қолданылғанын соғыс әдістері.Бұл « Манас жырында әдемі, өзінің дәстүрлі түрінде кездеседі. Әскерді оң қол, сол қолға бөлуде солардан басталған... «Тарихтың барлауынша ғұндар соғыста бірыңғай боз ат, таран ат пайдаланған, жауға ылғи ай жарық күндері боз атпен ай астына тиіп, күндіз күн жағынан тиетін болған. Мәне, осы әскери әдіс Манастың ерекше қолданған әдісі.» (4.68)- дейді Р.Бердібаев.

Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісі» жырының мазмұнын тыңдай келіп, қырғыз халқының таризына байланысты маңызды байқаулар айтады. Ел басшысының Көкетайдың қартайып өлер шағында елімен қоштасуы, Көкетай өлген соң билік үшін таластар, халықтың дана жолбасшы іздеуі, ас беруге даярлық рәсімдері, Алатаудан ,Алтай, Қанғайға дейінгі көш жолының суреттері, Енисей бойында «Түпкі ханға барып, Көкетайға ас берудің түрлі көріністері, мал сойыс, ойын, ат шабыс, мереке салтанаты- бәрі де халық өмірінің аса қызғылықты тұстарын, мәдениет, ұғым- наным, әдет- ғұрып дәрежесін бейнелейтін куәліктер ретінде қаралады. Автор «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінінң екі түрлі айрықша белгісін бөліп көрсетеді. Соның бірі елдің бір замандағы патриархалдық салт- санасының қоспасыз, «таза» қалпында көрінуі: екіншісі- халықтың көне дәуірдегі тіл ерекшеліктерінің алғашқы көркімен сақталуы. Автор Шоқан жазып алған «Көкетай ханның ертегісі» «Манас» жырының бір бөлігі ғана болғанымен эпопеяның бас идеясы бұдан анық аңғарылатынын ескертеді. Ол – сыртқы жаулар ішкі алауыздықтарды жоюға бастай алатын ерді ерді аңсау, халық бірлігі мен тәуелсіздігін жоғалтпау идеясы. Көкетайдың асына байланысты көл- көсір салтанат бір жағынан халықтың сол дәуірдегі дархан мінезін, ерлікке толы тарихын көрсетсе, екінші жағынан қырғыз қауымының ішкі қайшылықтарын да сездіреді.

Ә.Марғұлан келтірген фактілердің әр тобы жеке – жеке зерттеулерге тақырып болғандай. Мәселен, Көкетай ханның асына, сонау алыстағы Енисей өзенінің бойынан шақырылған. Елдің аумағы мен құрамына көз жіберсек, Түркі қағанаты кезіндегі бірлестіктер еске түседі.

Монографияда «Манас» жырының қаһармандары, олардың тарихи негізі туралы да мәнді, ғибратты әңгіме қозғаған. Автор бас қаһарман – манастың өмірбаяны мен ерлік істері суреттеріне талдау бере отырып. Жалпы түрік халықтарынынң эпосындағы ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Манастың туысына, тәлім- тәрбиесіне, ел бастауына қатысты деректердің бәрі де түркі халықтарының, соның ішінде қырғыз халқының Ерте ғасырлардағы шындығына сәйкес келетінін дәлелдейді. Автор «Манастың» түпкі нұсқасына кейінгі заманда қосылған түрлі қаттамаларды білгір ажыратады.

Жырдағы әрбір қаһарманның түп негізін, шежіресін арнайы әңгімелеп, қыруар жазба, ауызша туындылармен салыстра қарайтынын, өз пікірін түйетін жерлерде ғалымның мол білімі еркін аңғарылады. Ең бастысы – бұл зерттеу еңбек оқушыны кең ойлауға баулиды, ғылымның асыл мұраты обьективтік шындықты ашу екенін үйретеді.

«Манас» жырының беретін мағұлматтары бір ғана қырғыз халқының аумағымен шектелмей, Қазақстан, Орта Азия елдерінің бәріне де қатысты екенін дәлелдеуі- монографияның құнды қорытындыларының бірі.

Атап көрсетерлік тағы бір мәселе- автор «Манас» қаһармандарының тегін іздегенде кейінгі кезде анықталып, тексеріліп болған Орхон-Енисей тас жазуларының дәлелдемелеріне де арқа сүйейді. Жырдағы ұнамсыз кейіпкер Жолайдың белгілі ұйғыр ханы, қытай басшыларының қол Шоқпары – Иоллықтан алынғанын айтатын тұстар да сенім естіледі. Түркі халықтарының қас жаулары тек сырттан келген жат жұрттықтар ғана емес, өз ішінен шыққан мансапқор, дүниеқор, сатылғыштар екенін және олардың бәрінен де залалы болғанын заман жәдігері « Манастан» ескертіп тұрғандай.

Зерттеу еңбегінде сөз болған ірі ғылыми проблеманың бірі – «Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы мәселе. «Манас» бір дәуірдің туындысы емес. Ол- көп заман оқиғаларын, көп ғасырдың аңыздарын, эпикалық сарындарын тұтастырып, айтқан жойқын эпопея. Оның сюжет құрлысы мың жыл ішінде Орта Азия көлемінде болған оқиғалардан тізіліп, көп ақындар ұрпағы соны жүйелі түрде ежелгі заманнан алып, Манастың төңірегінде топтпстырып айтқан. (5.87).

Жырдың оқиғалық негізі ҮІІ-ІХ ғасырларда Орта Азиядан Сібірге дейінгі ұлан байтақ өлкеде өткенін, әр дәуірдің ақындары белгілі жағдайларға байланысты сол ескі дүбір сарынды құбылтып, өзгертіп, толықтырып, өз кезінің қажетіне жақындатып жырлағанын монография авторы өте нанымды баяндайды.

Монографияда жырдың бас идеясы не деген сауалға да жауап айтылған. Кейбір шетел ғалымдарының «Манас» шапқыншылықты дәріптейді- мыс деген долбарының шындыққа жанаспайтындығын, ондай тұжырымның түркі халықтарының тарихи даму процесін білмеуден туғанын аңғарта келіп, Ә.Марғұлан былай дейді: «Жырдың негізгі идеясы шапқыншылық емес, қайта сыртқы жаудың шапқыншылығына қарсы тұрып, көп тайпалар қоныстайтын қадірлі отанды қорғау, өз ұлттық еркіндігін,тәуелсіздігін мұрат етіп ол үшін күресу, соның жолында бар өмірін сарп ету, сол үшін өлу. «Манас» сияқты үлы жырға себеп болатын мұндай ұлы оқиғалар Орта Азия қыраты мен даласына аз болмаған. Оған ауық-ауық шығыс жақтан қаулаған басқыншылық сүрендері айқын дәлел бола алады». (5.87).Бұл қысқаша тұжырымда терең мағына жатыр. «Манастағы» басты тартыстардың бірі Бесбалық (Бейжін) өлкесі үшін түркі халықтарының, тайпаларынынң бірлесе күш жұмсауы, күресуі төңірегінде болады. Негізгі жау түркі елдерінің жерін, суын, еркіндігін басып алмақшы болған қытай басқыншылары болып көрінеді. Жазба тарихтың дерегіне үңілсек те, жүздеген жылдар бойы Шығыс Түркістан мен Орта Азияның түркі халықтарының өз тәуелсіздігі үшін қытай озбырларына қарсы жан алмай күрес жүргізіп келгенін, соның арқасында ғана, Сібір Алтайдан бастап Кавказға дейінгі көз жеткісіз өлкенің азаттығын сақтай алғанын оқимыз. Ендеше «Манас» - сол күрестің ең бір жанды тұстарын елестетін, шындығы мен қиялы аралас көркем ескерткіш. Түрік қағанаты қарахандар мемлекеті оқиғаларына қазіргі түркі тілдес халықтардың көбі ортақ болатыны секілді сол ғасырлардың қаһармандық жешіресі де көп ретте ортақ мұрадай. «Манасқа» мәңгілік өмір беріп отырған идея- елдік, отаншылдық, ынтымақ идеясы...(6)

Ә.Марғұлан кітабының соңында «Көкетай ханның ертегісі» атты қолжазбаның факсимилесі тұңғыш рет жарияланған. Бұл «Манасты» зерттеушілер үшін аса бағалы жаңалық болып иабылады. Академик Ә.Марғұланның «Шоқан және Манас» атты кітабы кемел оқымыстының көп жылдық ізденістері нәтижесінде туған шын мәніндегі терең ғылыми еңбек. Бұл- Манастану ғылымына қосылған күрделі үлес.

Қазақ ғалымдарының «Манас» туралы қалам тартпағандары кемде кем. Біз солардың ішінде басты – бастыларына ғана тоқтадық.
Әдебиеттер.


  1. «Адамзаттың Манасы» Алматы «Рауан» 1995ж. «Манас» мәлімет //Егемен Қазақстан 1995 ж 28- шілде

  2. М.Әуезов «Уақыт пен әдебиет» Алматы Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасы 1962ж.

  3. Ж.Дәдебаев «Манас» жыры мен өмір шындығы // Қазақ әдебиеті 1995ж 22- тамыз 7-б

  4. Н.Мұхамедханұлы «Мұхаң Манасты қалай қорғап қалды?»// Ақиқат 1997ж 56-59 б.

  5. Р.Бердібаев «Мың жасаған Манас» // Қазақстан жоғарғы мектебі 1995ж 65-74б «Манас және қазақ эпикалық дәстүрі» атты еңбектен үзінді. Ә.Кекілбаев «Бағзыдан жеткен баба жыл» // Егемен Қазақстан 1995ж 29- шілде 1-2 б

Ә.Марғұлан «Шоқан және Манас» Алматы «Жазушы» 1975
Rezume

He scientific study of the epic began in the second half of the XIX century Ch.Valikhanov and V. Radlov. Valihanov wrote one episode ("Funeral for Kёkёtёyu") in 1856 and partially translated it into Russian. Texts published Radloff in 1885 in St. Petersburg (in Kyrgyz and German) occupy 12,454 lines (including 9449 lines actually "Manas") [1]. Full texts of the trilogy "Manas" was carried out in 1920, but fixing versions manaschy and especially their complete publication are far from complete.

Peru Kazakh writer MOAuezov belongs after the first works Chokan Valihanov monograph on the Kyrgyz epic "Manas", the creation of a free version of its texts. Both Kazakh researchers in Bishkek were erected monuments. Of Russian scientists involved in the study of the epic, it should be noted V. Radlov (author of the first Russian translation of the epic fragments), P. falevye (author of the first Soviet research on the "Manas" - the article "How is the Kara-Kyrgyz epic") and S. Malov.

All-Union Scientific Conference 1952 in Frunze came to the conclusion that the epic "is basically a national" [2].

Among the interpreters of the epic in Russian - S. Lipkin, L. Penkovsky Tarlovskii M. et al. The biggest so far in terms of Russian translation (prose) is made in 4 volumes of AS Mirbadalevoy and NV-Kidaysh Intercession for bilingual edition in the series "Epic peoples of the USSR" (1984-1995) and covers about 50 thousand lines (according to S. Orozbakov).

First performed the epic "Manas" in Russian translations Polivanova E., L. Penkovsky, M. and S. Lipkin Tarlovskaya People's Artist of Kyrgyzstan Valery Rovinskii.

There are abridged versions of the epic in the Kazakh (4 volumes in the presentation M.Auezov, including 2 pieces of Manas and parts of Semetei and Seytek) and Uzbek (poet Mirtemir); individual episodes were translated into German, Hungarian, English and other languages.

Time to create, as well as the genesis of the epic is not well established. One of the initiators of the study Manas M.Auezov Kazakh writer (1897-1961) on the basis of the central episode dedicated to the campaign against Uighurs, put forward the hypothesis that the epic was created no earlier than 840. It reflected the events of 9 and 10 cc., That is, period "Kyrgyz great power" when the Kyrgyz were numerous and powerful people (in some historical sources claim that at the time they were 80 thousand. up to 400 thousand. soldiers (from Genghis Khan, who created the invincible state, there were 125 thousand. soldiers).

Episode Jong-Kazat (Long March) tells the story of the fight with a strong east by the state (the Mongol-Chinese or Mongol-Turkic), which are located within the city Beydzhin distant from the Kyrgyz state for forty or - alternatively - ninety days' journey.

Based on the fact that the 840 Kyrgyz Uighur kingdom conquered and took it the central city of Bay Tin M.Auezov conjectured that died in 847 the conqueror of the city and there is Manas. The first song poems of Manas, who was he may originally have been established in the year of death of the historical hero, as required by custom. A reservation is important, because from that era have not saved any own behalf generals or AWS (then called Kirghiz khans). So maybe the hero's name was different and left for posterity only later nickname (the name of a deity or shamanic pantheon of Manichaeism, then widespread in Central Asia).

Just as the poet-warrior of Lay sang another historic campaign, Warriors Manas sang event, which was attended. Chief among them - Yrymandyn-yrchi-Uul (or Jaisal-yrchi, I mean the prince-poet), associate Manas. He is a fighter-hero, but because the mandatory dream that sees storytellers before execute epic, can be interpreted symbolically - they participate in the feast, and so on., As would also ranked as choro, associates Manas. Thus, "Jong-Kazat" created either during the campaign itself, either directly behind him.

The main core of the epic, which is characterized by a set of historical strata, formed in 15-18 centuries.

Collection, study and publication of the epic. The first records of Manas, namely passage Funeral for Koketeyu, published in 1856 Kazakh educator and ethnographer Ciocan Valikhanov (1835-1865). The publication came out in Russian and in prose translation.

Russian Orientalist-Turkologist Vasily Radlov (1837-1918) also collected fragments of the epic in 1862 and 1869. These records were published in the Kyrgyz language in Russian transcription in 1885. The full version of Manas, according to some estimates, the population of about 600,000 lines of verse. There are records about two dozen variants of Manas. In the codification of different variants of this grand epic participated Kyrgyz writer Kubanichbek Malikov (1911-1978), Aaly Tokombaev (1904-1988) and Tugelbai Sydykbekov (1912?).



The fate of the epic in the 19-20th centuries. dramatic. The study of it, as well as publication in the Kyrgyz language, as well as Russian translations were largely determined by political and purely opportunistic reasons. Before the 1917 revolution to promote the epic, in which, according to the poet S.Lipkina, one of the translators of Manas in the Russian language, embodied "the desire of the people, scattered oppressors, unite", it was not true. Later, when they began to be approved by the ideals of the Soviet internationalism and active interest in the cultural heritage of the "strong national state" was interpreted as a bourgeois or feudal nationalism (plays a significant role and that the Manas raised acute problems of mutual relations of Kyrgyz and Chinese, while the Soviet Union and China has close and complicated relationship).

Even so, through the efforts of enthusiasts, as well as part of the national policy, the epic was recorded and promoted. In the early 1920's. Turkestan Scientific Commission, and later the People's Commissariat of Education Kyrgyz, have taken steps to record the epic (in part specially seconded for this teacher Mugalib Abdurakhmanov).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет