Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 
7.
Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А., 2000. 
 
 
 
 
 
 
 №9- Лекция 
 
Тақырыбы:Шортанбай Қанайҧлы(1818-1861). 
Жоспары: 
1.Шортанбай Қанайҧлының ӛмірі мен шығармашылық жолы. 
2. Шортанбай- патшалық отарлау саясатын әшерлеуде реалистікпен жырлаған 
ақын. 
3. Ақынның адамгершілік, тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары. 
Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын 
ӛзіндік сӛз ӛрнегі бар ӛнерпаз.
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың 
семясында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы 
білім алған. Ӛзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас ӛнерлі, ӛнегелі ӛлке 
мәдениетін жете игеруге талаптанып, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, 
жақсылар қатарына ерте ілескен. Қазақтың әрі астанасы , әрі әулиелік орны ретінде 
танылған Түркістанның берер тәлімі де, әсері де мол еді. Кӛкірегі ояу, кӛркемдікке 
әуес, сезімтал жас естіген есті сӛздерін құлағына құйып, кӛрген ғажайыптарын ойына 
орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Мұсылманшылдық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық 
дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға 
қарасты Бесата жайлаған Жамантай тӛренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. 
Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағынан шағын 
мешіт салдырып, медресе ашады. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, 
талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, ӛзге ӛлке жағдайына кезігеді. 
Адамдары шетінен ділмар, сауыққой, әнші, жыршы, ӛлеңші келетін. Сонау 
Қаздауысты Қазыбектің ізін басып жалғасып жатқан билер тобының ӛнерлерінің ӛзі 
қандай?! Бұл ӛлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын 
қыз бен жігітті кездестіру де қиын. Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлері қандай ойлы, 
сырлы? Жанақ, Шӛже, Орынбай, Кемпірбайлардың ақтарылған ақпа жырлары ше? 
Ғажап дүние! Не деген байлық? Ӛмірдің қызығы, мән-мағынасы деген осы емес пе?! 
Жас ишан үшін бұл – ерекше ӛмір болатын. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт 
ашып, діни жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Жастық шақтың 
қызығы оны ойын-сауыққа жетелейді. Ел толған тӛкпе ақындардың айтыстары, 
жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары ӛнерге әуес, сӛзге жүйрік, тілге 
шешен Шортанбайдың жанына жағады. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден кӛрі 
тӛкпе ақын атап кетеді.
Қазақтың бір ӛлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші 
ӛлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы 


тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың ӛсу, жетілу жолы бірден-бір 
куә.
Шортанбай - ӛз заманының жалынды ақыны, ақылгӛй шешен жырауы. Ӛзі ӛмір 
кешкен замана шындығын барлық кӛрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік 
маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы XIX ғасырдағы қазақ 
ӛмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің 
шынайы куәгері.
Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған 
аса ауыр кезең болатын. Ең алдымен, туған ел Россия патшалығына отар, тәуелді, 
бұратана ӛлке боп, ӛзінің иелігімен мүлде айрылған-ды. Отаршылар ӛктемдігі күн 
санап ӛршіп, ел еңсесін зар мен шерге толы мұң басты. Қазақ ең әуелі ел билігінен 
айрылды, одан соң жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал-жан есепке алынып, оған 
да қауіп – қатер кӛбейді. Халық басына ауыр күн туды. XIX ғасырдағы тарихи ұлттық 
қозғалыстардың қандай қасіреттерге ұшырағаны мәлім. Исатай мен Махамбет, 
Кенесары мен Наурызбай, Есет пен Бекет, Жанқожа мен Құлбарақ, Науша мен 
Сүйінқара, Саурық пен Сұраншы, т.б. батырлардың қанжығалары қандады. Жоңғар 
шапқыншыларынан жадап-жүдеп, бірлігі мен тірлігін қалыптастыра алмай, ыдырап 
жатқан әлсіз ӛлкені патша ӛз қарамағына оп-оңай кӛндірмек болған еді.
Тап осындай әлеуметтік жағдайда ӛмір сүрген жазушының халқына берер 
кеңесі қандай болуға тиіс еді және оны Шортанбай дұрыс танып, тап басты, еліне-
жұртына қамқор болады. Шортанбай - ӛз заманының шындығын ақтара ашып, оған 
ӛткір сын айта білген кӛреген суреткер. Бізге жеткен шығармаларының жалпы 
сарыны бұған толық куә бола алады. 
Шортанбайдың шығармалары ӛткен ғасырдың соңғы ширегіне кейбір 
жинақтарда баспа бетін кӛре бастады. 1882 жылдардан бастап, ӛлең, толғаулары 
жинақталып, бӛлек кітап кӛлемінде жарық кӛреді. Кӛрсетілген жинақтарға ақынның 
«Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», 
«Ӛсиет-насихат сӛздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т.б. енген. Қазан 
қаласының ӛзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық кӛріп жатты. Оның 
шығармаларын, әсіресе, патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті 
жақтаушылар, мұсылманшылықтың сойылшылары құшағын жая қарсы алды. 
Шортанбай кітаптарының негізгі сарыны олардың кӛкейіне бірден ұялады. Қаналып, 
тоналып, қорлық кӛріп жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай 
шығармаларына құлақтарын түрді. Ӛздерінің ойынан шыққан ақын сӛздері жатталып, 
елге жайыла түсті. 
Шортанбай шығармалары жиі-жиі қайталанып, баспа бетін кӛргенімен, жалпы 
кӛлемі кӛп емес. С. Мұқановтың есебі бойынша, бар болғаны 1500 жолдай. 
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел 
ӛмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа 
қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы 
топтар, т.б. 
Ең алдымен, Шортанбай - ӛз дәуірінің шынайы сыншысы. Қазақ қоғамын 
билеп тӛстеушілерге, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын. 
Ақынның бағалауынша, ол жасаған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман 
Мынау заман қай заман –
Азусызға тар заман. 
Азулыға бар заман... –


Шортанбай ӛз тұстастарын оларда иман жоқ, ұятсыз, арсыздар, құдайға да 
күнәкерлер деп сынайды. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын, 
елубасы старшындарын, дүниеқоңыз қайырсыз байларын, ақшаның құлы 
жылпостарды ӛткір сӛзімен түйрейді.
Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатар, саудагерлер 
екенін ақын айқын суреттейді, оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып 
жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегі қайғы-
қасіреттің де шынайы суреті жасалады. 
Арам арсыз жан шықты,
Мініп кӛрер күші жоқ, 
Қайыры жоқ бай шықты.
Ақша деген мал шықты 
Сауып ішер сүті жоқ, 
Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны ӛмірден түңілген 
жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген ӛлең жолдары 
ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл 
күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін кӛрсетеді. Шортанбай жасаған 
заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет кӛрсету екіталай. 
Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. 
Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол 
тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет етіп, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, 
ілгері жетеледі.
Ақынның түсінігі бойынша адам ең алдымен ӛзінің үй іші, бала-шағасы қамын 
қарастырмақ. Сол үшін ол кәсіп етеді, мал ӛсіреді, дала кезеді. Ұрпағын адалдыққа 
тәрбиелейді: 
Елін, жерін аман боп, ұрпағың халал (адал) ӛссе, ол азамат үшін ғанибет, үлкен 
жақсылық. Ол үшін жағдай, құнарлы ӛлке, тӛзімді орта, ел-жұрт тыныштығы, береке-
бірлігі қажет-ақ. Қазақтың бұрын-соңды ел боп, жауларын бетіне қаратпай, 
тәуелсіздігін сақтап келгені де осыдан еді, - дейді.
Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының 
ақылгӛй, ӛсиетшіл келетінін айтқан жӛн. Адамгершіл ақыл айтып, халықты түзу 
жолға салуды ӛзінің зор мақсаты санағандықтан болу керек. Ақын әр тұста терең 
толғап, ӛрнекті де, ӛнерлі сӛз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. 
Шортанбайдың ӛлерде айтып кеткен ӛсиет сӛздері де бар. Ол ӛсиеттерін қалың 
қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Ӛз атынан 
барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Бір мысал: 
Сәлем айттым бәріне
Бауырлас туған ініме, 
Қызмет етіп жүріңдер 
Жұрт тамаша болушы еді, 
Басшы, біткен кәріңе...
Жалғыз ауыз сӛзіме, 
Дүние ыстық кӛрінді, 
Құрғыр менің кӛзіме... 
Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет 
ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - ӛлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас 
бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға 
үлестіруді ӛсиет еткен. Ақын кӛз жұмғалы ғасырдан астам уақыт ӛтсе де, оны халық 
қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.
Әдебиеттер 


1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Б
ес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет