Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л


Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000



Pdf көрінісі
бет13/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
7.
Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000. 
 
 
 
№5-лекция 
Тақырыбы: Дулаттың дастандары. 
Жоспары: 
1.
 
«Еспембет» дастанының әдеби-фольклорлық сиапты. 
2.
 
Дулаттың мысал ӛлеңдері . 
3.
 
«Шаштараз» дастанындағы дидактикалық сарын. 
 
Дулат шығармасынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты толғау. Бұл ӛзінің 
кӛлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл 


шығармасында да жетім бала тағдырын сӛз қылады. Дастан халық аузында жүрген 
Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған. 
Дастанның негізгі қаһарманы – жетім бала, Еспембет. Ол ӛз елінен жырақта, 
нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді. Ер жете келе Қарасай 
елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт ӛзі туған Арқаға кері 
оралмақ болады. Қарасай оның басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп, 
ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет оны қостамайды, Қарасай 
ұсынған дүние-мүліктің бәрін де алмай, тек жалғыз Ақбӛрте деген тайды қалайды. 
Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты әуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай 
мінгізіп қайтарғаны не қылғаны деп Қарасай байды да кінәлай ӛсекке таңады. Бірақ 
Еспембет оның бәріне де мән бермейді. Ақбӛртені баптап бағумен болады. Ақбӛрте 
жақсы ат боп ӛседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбӛрте бәйгеден 
жалғыз келеді. Бас бәйгеге келген жүз тайлақты Еспембет түгелімен бес арыс 
Сыбанға бӛліп береді. 
Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Аталмыш дастан ӛзінің 
құрылысы жағынан да ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақты, мазмұны тартымды.
Дастанда Еспембет бас кейіпкер ретінде, ерлік қимылдар үстінде танылады. Ол 
жауға аттанғанда тегін олжаға, опасыз дүние-мүлікке қызықпайды, елінің жауын 
жеңуді, дұшпанын мұқатуды армандайды. Сол асқақ арманына жетпей тынбайды: 
Қалмақтың басы белінде,
Бақ құсы қонып басына, 
Еспембет келді еліне. 
Дулаттың «Еспембет» дастаны - ӛз кезіндегі әдебиетте елеулі орны бар, 
батырлар жыры үлгісіндегі патриоттық мәні зор шығарма. 
Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын болып саналады. 
Оның бізге жеткен қызғылықты тӛрт, бес мысалы бар. Бұл жағынан оны әдебиетке 
жаңа бір форма әкелуші, жаңалық енгізуші деп қараған жӛн. 
Дулаттың мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, ӛнеге беру, ақыл айту 
ретінде келіп отырады. Онда кіші пейілділік, бірлік, әділеттік жақталып, 
мақтаншақтық, мен-мендік, бейшаралық, орынсыз пысықтық саналады. 
Нысапсыз патша туралы шығарған «Бір патшаның бір кезде» деп басталатын 
аңыз мысал ӛлеңінде ақын дүниеқор, баққұмар патшаның пайдақорлық жолында ӛз 
түбіне жеткенін мысқылдайды. 
Дулаттың «Шымшық пен бӛдене» туралы ӛлеңі де осындай мысал сӛз ретіндегі 
шығарма. Ақын мұнда орынсыз мақтан, желбауыздыққа қарсы шығады. Кішіпейіл, 
адал болуға баулиды. 
Мысал стилінде жазылған тағы бір шығармасы – «Шаштараз». Бұл да қысқаша 
сюжетке құрылған ӛнегелі, ӛрнекті туынды. Оның да оқушысына тәлім берерлік
мәні бар. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең тараған Ескендір патша 
туралы бір аңыз негіз болған.Аңыз бойынша Ескендірдің басында қос мүйізі болыпты 
– мыс. Патша оны жасырып жүріпті. Шашын қиып, тарап, күтіп тұру үшін сыр 
шашпайтын, аузына берік шаштараз таптырып, одан ант алып, сұрағанын беріп, 
шашын алдырып жүреді. Шаштараз уәдесін біраз күн ұстап жүргенмен күндердің 
күнінде уәдені бұзып алады. Қанша айтпайын деп жүрсе де, ол ішін кернеген сырды 
жасыра алмай, ақыры далаға оңаша шығып, жерге етпеттеп жатып: «Патшаның 
басында мүйізі бар» - деп қалады. Аузынан құпияның шығуы мұң екен, жел естіп
желден ел естіп тарап кетеді. Бейшара шаштараз аузына ие бола алмай басынан 
айрылады. 


Ақынның бұл мысалы да адамгершілік тәлім береді. Уағдаға берік, ұстамды 
болуға үндейді. Бұл тұста Дулаттың аталмыш шығармасына ұқсас Мағжан 
Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» - атты мысал ӛлеңі бар екенін ескертеміз. 
Бұлардың екеуі сарындас. Сондықтан бұрынғы түсінік үстем кезінде біз аталмыш 
шығарма туралы аузымызды аша алмадық. Мағжанның қадірлі есімін атауға жағдай 
туған соң ғана біз «Шаштаразды» сӛз ете бастадық. 
Осылайша, Дулат ӛзінің мысал ӛлеңдерімен де халықты жұғымды мінезге 
тәрбиелеп, ақыл-кеңестер берген. Мысал жанрының алғашқы үлгісін жазып, қазақ 
әдебиетінде бұл жанрдың қалыптасуына септігін тигізген. 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет