Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
«Исатай-Махамбет» жыры 
Баспаға шыққан тарихи ӛлеңнің бірі- «Исатай-Махамбет» Исатайдың жорығын 
жыр қылған жыр. Мұнда кӛмескілеген жасырын жоқ.Болған оқиғаны ӛлең 
ӛлшеуіне түсіру жыршының алдыңғы мақсаты болған сияқты. Ығылман Исатай 
жырын тізуіне қарағанда, кейде Кенесары қолындағы Нысамбайға ұқсайды. Бұл
да батыр сапарына тілеулес, соның ісінен жеміс күтіп, үміт етеді. Бұл жағынан ел 
мұңын жоқтап шыққан қолдың ақыны сияқты. 


Исатай ӛз заманыда зор іс істеп ӛтті. Ол құр ғана сӛз сӛйлеуді қанағат қылған 
жоқ. Барлық ақыл мен қайратын іске жұмсады. Сол іс пен мақсаттың жолына 
басын бағалап, оның қадірін ұққан болса, ең алдымен сол жақсысын ұмытпау 
керек. Соның аруағы қалың елдің аузында үнемі аталып, үнемі еске алынып жүруі 
керек. Олай болса, Исатайдан соңғы бір алуан жақсының міндеті сол батырдың 
аруағын тірілту. Елге арналған жақсы сӛз ӛлеңмен жақсы ұғылады, ӛлеңмен 
айтылса ұмытылмайды. Сондықтан Исатайдың жорығын жыр қылуды екінші түрлі 
батырлық міндеті деп санаған ақын шығады. Исатайды қадірлеген ел соның 
жүрісін ӛлең қылуды ақынға міндеті сияқты қылып артады. Осы сияқты ел 
ортасында ертеден орнаған салт бойынша қазақтың ӛлең ӛлшеуіне түскен тарихы 
жасалады. «Исатай» жырының тарихи ӛлең болатын зор себебінің бірі-осы. Осы 
хал Ығылман жырында ӛзге ӛлеңдерден анығырақ, ашығырақ кӛрінеді.Ел айтқан 
соң Ығылман Исатайдың ісіне ӛлеңмен күмбез орнатуға кіріскен. Батырдың 
басына зират салған ісмер сияқты ӛз қолынан келетін ескерткіш жасаған.
Жырдағы әңгімені алсақ: тарихи оқиғаның жылы ізі суымай тұрған уақытта
сол оқиғаның ӛкшесін басып шыққандықтан үлкен шыншылдықпен жазылған. 
Ӛмірде анық болған оқиға кӛмескісіз, күңгіртсіз, айнаға түскендей ашық 
түскен.Бұрынғы батырлар жырының жасырынды сүйетін тұманды сарыны 
Исатай жырында суалып, жоғалған сияқты да ,оның орынына ел тіршілігі мен ел 
салты кӛлемірек болып кӛрінуге айналған. Бұл жағынан қарағанда Кенесары, 
Исатай жырлары сияқты тарихи ӛлеңдер әдебиетте жаңа бағыт туғызып, ӛмірге 
жанасуды мақсат қылған сияқтанады. Ел әдебиетіндегі ӛміршілдік, нағызшылдық 
толық пішінде ең алғашқы рет осы ӛлеңдерден шығады. Исатайдың Жәңгір ханға 
астамдық сӛз айтып, айып тартып, алпыс атан тӛлеуі. Ел билерінің кесім айтуы, 
онын соң жырдың ішінде шай мен жылы үй , құс тӛсектің кіруі барлығы да 
әдебиетке ел ӛмірі кӛлемді суретпен кіре бастағанының белгісі. Бұлардан басқа 
орыс әскері, зеңбірек, қазақша соғыстың суреттері болсын, бәрі де бүгінгі заман 
адамдарына Исатай оқиғасы кеше ғана болған іс екенін анық білдіреді. 
«Ағайынның арына, 
Қарындастың қамына, 
Қысқа күнде қырық шапқан. 
Қысылғанның панасы- 
Асыл едің Исатай 
Ер Тайманның баласы». 
Исатай, Махамбеттің жыры ӛзге халіне қарағанда, жоғарыда айтақан жаңа 
заманның жаңа түрлі жыры болды. Заманның толық суреті сияқты болып түскен 
әңгімелі ӛлең- тарихи белең болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет