Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л


№3-лекция.  Тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ҧлт-азаттық кҥрес жырлары



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
№3-лекция
Тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ҧлт-азаттық кҥрес жырлары. 
Жоспар:
1.
 
Тарихи ӛлеңдер. 
2.
 
«Кенесары- Наурызбай » жыры. 
3.
 
«Исатай-Махамбет» жыры. 
4.
 
«Бекет батыр» жыры. 
 
Ел ескілігінің бір алуаны тарихи ӛлеңдер. Тарихи ӛлеңдер, ең алдымен, ел
тірлігінде анық болып ӛткен тарихи оқиғадан туады. Сол дәуірде арнаулы
оқиғаның қақ ортасында болған атақты адамдардың басынан кешкен ӛмір, 
қолымен істелген істің жыры болады. Тарихи ӛлеңдердің ішіндегі адамдар 


жалпақ елге аты белгілі , жалпақ елге қадірлі сүйікті адамдар. Сол адамдардың 
істеген ісі, беттеген мақсаты, кӛптің ӛміріне қозғау салған әсері, кӛптің аузында 
неше алуан әңгіме болып қалады. Бұл әңгімелердің кӛбі сол оқиғалардың ішінде 
болған, кӛзі кӛргеннің әңгімесі. 
Сондайлық тарихи оқиғалар ӛз тұсында кӛпке жайылған жанды әңгіме болып 
жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, ӛлең ӛлшеуіне түседі. Тарихта болған 
оқиға, ӛлеңге айналған соң ӛзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады. Бұл 
күнгі қазақ ескілігінен бізге қалып отырған тарихи ӛлеңдердің барлығы да, осы 
жолмен туып ӛскен. Нағыз тарихи ӛлеңдердің басталатын кезі Абылай заманынан 
бері қарай деп санасақ , қазірде Абылайдың ӛз жорығын баяндаған ӛлеңдер, онан 
соң Сырым қозғалысын айтатын ӛлеңдер біздің қолымызға тиген жоқ. Жалпы 
тарих ӛлеңдері, ӛз сынан қарағанда, ескі батырлар ӛлеңінен аз болмауға керек. 
Бірақ бұл күнде қолдағысы Кенесары, Бекет ӛлеңдері болғандықтан, тарих 
ӛлеңдері турасындағы жалпы сӛзді осы айтылған екі-үш ӛлеңге қарай 
топшылаймыз. 
Әуелі бұл ӛлеңдерді бас-басына қарастырудан бұрын, осыларды туғызған 
тарих, дәуір туралы біраз айтып кетпей болмайды. Себебі, бұл ӛлеңдерді туғызған 
ел тіршілігінің тарихы, тарихта орын алған ұлы оқиғалар. Сол себепті тарих 
ӛлеңдерін толық ұғу үшін алдымен солардың мезгілін, сол заманның шартын білу 
керек. Тарихта екі дәуірдің жапсары Әбілқайыр, Тәуке, Қайып, Абылай 
хандардың заманына келеді. Бұл дәуірдің басы 1723 жылғы ақтабан шұбырынды. 
Екінші сатысы шет жұртқа бағынуға айналып, елдің алдында «темір ноқта мен 
қайыс ноқтаның » таңдауы шыққан заман. Ақыры: орысқа бағынып, ноқтаға бас 
иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған уақыты болады. 
Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер кӛп. Бір жағынан қалмақ 
сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта Азия халықтарының 
қысымшылығы; үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат 
қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың ӛз хандарының алалығы. 
Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасынан шығады. Абылай 
маңына жиналады. Себебі сол аласапыран дәуірде қалың елдің «қайраңдап жан 
қала ма» деген «Қазы құрттай» үміті, жалғыз ғана Абылай басында қалған 
болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін, ту кӛтеріп бір араға жиған 
Абылай болатын. Бұлай болса кейінгі заманда туатын үлкен тарихи оқиғалар мен
тарихи жырлары түгелімен Абылай заманынан суат алады. Қазақтың жат елге 
бағынбай ӛз елдігін сақтап қалып, іргесін бӛлек салуы, Абылай заманынан бері 
қарай ХІХ ғасырдың ортасынан ауғанға шейін, жаңа саяси бет сияқты болады. 
Тарихтың дәл суретімен толығырақ танысамын деген кісі болса, қазақ тілінде 
шыққан Халел Досмұхаметовтың «Исатай-Махамбет» жырының басына жазған 
баяншысы мен Қошмұхамбет Кемеңгеровтың «Қазақ тарихынан» деген еңбектерін 
қарастыру керек. 
Түр жағынан қарағанда , тарихи ӛлеңдер, бұрынғы батырлар ӛлеңдерімен
туыс. Мұнда да сондай елден асып туған ерлердің, ел қамы үшін аттанып, ел 
тілеген артынан ертіп қастасқан дұшпанға шабуыл жасаған жорықтары
жырланады. 
Тарихи ӛлеңдерден біздің қолымыздағысы –«Кенесары», «Исатай-Махамбет», 
«Бекет». Енді осы үшеуін жеке-жеке қарастырып шығамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет