Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 
 
№ 2-лекция. 
Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 
Жоспар:
1.
 
ХІХ ғасыр әдебиетінің ӛзіндік ерекшелігі. 
2.
 
ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі. 
3.
 
ХІХ ғасыр әдебиеті- сан жанрлы әдебиет 
4.
 
ХІХ ғасыр әдебитінің ӛкілдері. 
Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді , түрленіп, 
түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет 
тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан 
бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды : шұқшия зерттелді. 
Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері , оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау
емес, кӛркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің
сан-саласы, оны туғызушылардың ӛмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым 
назарына ілікті. Ӛкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып
бері тартып саясаттың, идеологияның кӛкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ:
ол уақыттарда кӛркемдік әлем , сӛз ӛнері жайлы ғылым жаландыққа, жасандылыққа 
барды, тоқыраған сәттері болды. 
Соның ӛзінде әдебиеттану ғылымы әдеби мұраны жиып, теріп, жариялап, 
бастырып: зерттеу ісін тоқтатқан жоқ. 
Қазіргі күнде қолымызда ХІХ ғасырда жасаған қазақ әдебиеті үлгілерінің қырау 
мұрасы бар: сол әдебиетті туғызушылардың ӛмірбаян, шығармашылық ғұмыры 
жайлы толып жатқан мәнді, маңызды мәлімет бар. Негізігі, басты сипаттары
ерекшелектері қамтылған ғылыми-зерттеу еңбектер бар. 
Соңғы уақыттарға шейін ХІХ ғасыр әдебиеті түрлі атауларымен бӛлініп 
келгені мәлім. Бірақ ол атауларға кӛбіне сол әдебиеттің кӛркемдік негізі , әдеби 
үлгісі емес, кӛбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз болды. 
Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік
деген атаулар әдебиет ерекшелігін 
ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, ӛз мәнінде қолданылды 
деуге болмас. Бір кездерде біздің әдебиеттану ғылымымызда, кӛркемдік 


танымымызда реализм тек Абайдан басталды деген ұғындыру басым болды. Кӛркем
әдебит реалистік негізсіз тумайтынын, жасамайтының мойындағымыз келмеді. 
ХІХ ғасырдағы әдебиеттің ӛзіне шейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы 
бола тұра , кӛркемдік жӛнінде де, басылым, шығармашылық тақырып, мазмұн 
жӛнінен де, бірнеше ерекшелігі, айырмасы бар. Негізінен, ХІХ ғасырға шейін ауыз 
әдебиеті, жыраулар поэзиясы болып келсе, енді әдебиет сырт түрі, үлгісі жағынан
бірнеше түрлі болды. Ішкі кӛркемдік сапа жӛнінен де кӛп ӛзгеріс, жаңалық туды 
Х. Досмұхамедұлы халық әдебиетін кӛркемдік жӛнінен жіктеп отырып, ХІХ 
ғасыр әдебиетінің бір қырын кӛрсетер мына бір жайларға тоқталады. 
«Халық әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде хатқа
түсе бастады. Әдетте оны қызығушылар мен Радлов, Потанин, Ильминский, 
Мелиоранский сияқты шығыстанушы мамандар жазып алды.Қазақ халық әдебиетінің
нағыз жинаушысы этногроф Әубәкір Ахметжанұлы Диваев болды. Қырық жылдан 
астам уақыт бойы ол шаршамай-талмай қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинады, 
жүйеледі және орыс тіліне аударды». 
Халық әдебиеті үлгілерін Омбыдағы орыс оқымыстыларының, зиялыларының
тапсыруымен Шыңғыс Уәлихановтың, Шоқан Уәлихановтың жиыстырғаны белгілі. 
ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақ тіліндегі баспасӛзде «Түркістан уәлаятының 
газетасы», «Дала уәлаятының газетасы » беттерінде әдебиет материалдары, оларға
қатысты пікір, сыни ойлар жарияланды.Орыс тіліндегі түрлі басылымдарда, қазақ 
тіліндегі басылымдарда Алекторовтың, Диваевтың, Радловтың, Лютшьтің
еңбектеріндегі әдебиет үлгілері жарық кӛріп жатты. 
ХІХ ғасырдың соңын ала, тӛңкеріске шейін Қазанда кӛптеген ӛлең кітап, 
жинақтар басылып шықты. Дулаттың «Ӛсиетнамасы», Шортанбайдың «Бала зары», 
түрлі қиссалар. 
ХІХ ғасырда жазба әдебиет туғанын М.Әуезов те нығыздай айтты. 
М.Әуезов түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар әлеуметшілдік, азаматтық 
бағыт әкелгенін айтты. 
ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты Сәбит Мұқанов 1942 жылы мынандай 
тұжырым жасады. ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың
әдебиет дәуірлеріндей кӛмескі емес, айқын, ашық. Мәселен: ХІХ ғасырдың алғашқы
жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 
жылдарында «Зар заман» әдебиет басым болды. ХІХ ғасырдың 70 жылдардан бастап 
просветительдік (мәдениет үндеуші) әдебиет туды. 
С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінде Айтысқа айрықша тоқталды.
Айтыс- ХІХ ғасырда жасаған әдебиет үлгілерінің бір түрі. 
Мұқанов жіктеуінде, бӛлуінде (1942ж) сыншыл реализм атауы жоқ, Абай дәуіріндегі 
әдебиетті мәдениетке үндеу деп бӛледі. 
ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі бітім-болмысы, саяси-тарихи жағдайлары Х. 
Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. 
Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Бердібаев, 
М.Мырзахмедов. М. Мағауин, А. Жақсылықов, Б. Омарұлы т.б ғалымдар 
еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.
ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. ХІХ ғасырда қазақ 
әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа ӛлең түрлері туып 
дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық ӛлеңдер, сатира, айтыс 
түрлері қатар жасады. Кӛркем прозаның үлгілері (Ыбырай әңгімелері), сыни
мақалалар, түрлі баспасӛз жанрлары, аударма әдебиет ғылыми-публицистика туып, 


қалыптаса бастады. Мазмұн мен түрдің жалпы сырт сипатына қарағанда әдебиет 
мынадай үлгілерде , салаларда кӛрінеді: 
1.
Жыр үлгісінде келген түрлі толғау, терме, үгіт-насихат ӛлең: Ерлік, бостандық 
күрес жырлары. Тарихи жырлар: жоқтау, естірту, зар: 
2.
Ақыл-нақыл , афоризм: 
3.
Айтыс ӛлеңдер 
4.
Сал-серілердің ән ӛлеңдері. 
5.
Қиссалар 
6.
Саяси-әлеуметтік кӛңіл-күй лирикалары 
7.
Поэмалар 
8.
Кӛркем қара сӛз 
9.
Публицистика 
10.
Сын 
11.
Аударма. 
ХІХ ғасыр әдебиетінің аса кӛрнекті ӛкілдері бостандық рухты жырлаған 
Махамбет ақын, Шернияз. 
- зар заман әдебиетінің айтулы тұлғалары Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әубәкір. 
- әйгілі айтыс ақындары Шӛже, Орынбай, Кемпірбай, Түбек, Марабай. 
- атышулы сал серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері.
- қиссашыл ақындар: Қоқан езгісіндегі ӛңірдің әдебит ӛкілдері Сүйінбай, Мәделі, 
Құлыншақ, Майлықожа , Базар: 
- жаңа жазба әдебиет ӛкілдері: Абай, Ыбырай, Шоқан. 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 
7. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. (ХҮ-ХІХ ғасырлар) –А. 1993 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет