Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет20/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 
 
 
 
№12- Лекция. 
 
Тақырыбы: Базар Оңдасҧлы (1839-1911) 
Жоспары: 
1.Ӛмірі туралы мәлімет. 
2.Толғау-термелерінің тақырыптық- идеялық мазмҧны. 
3.Дастандарындағы фольклорлық сипаттар. 
 
Қызылорда облысының Қазалыға қарасты Кӛшербай болысы, 6-аулында туып 
ӛскен. Базардың ӛлеңін жинаушылардың бірі Әлқуат Қайнарбаевтың деректеріне 
қарағанда ақын 1839 жылы туып, 1911 жылы ӛлген (бейіті Қызылқұмның Жалпақтау 
деген жерінде). Шыққан тегі кедей. Тек 16 жасынан бастап ӛнер жолына түскен. 
Базардың ұрпағы Ӛзбекстанның Бұхара облысы, Тамды ауылы, Қосбармақ деген 
жерінде тұрады. Базар ӛз бетімен оқып, сауатын ашқан. Ер жеткен шағында діни 
кітаптарды, қолына түскен шығыс әдебиет үлгілерін бас алмай оқып жүрген. Ӛзі – 
белгілі суырып салма ақын. Базар ӛлеңдері кеңес дәуірінде ғана жинала бастады. 
Ә. Диваев, С. Сейфуллин, Ә. Марғұлан ақын ӛнеріне алғаш назар аударып, жазып 
алушылар болды. 1925 жылы Ташкент қаласында басылған «Терме» атты жинақта 
жыраудың бір топ ӛлеңдері тұңғыш рет басылып шықты. Кейін 1931 жылы С. 
Сейфуллин оның заман туралы толғауларын (кӛлемі 200 жолға жуық) «Қазақ 
әдебиетінің ескі нұсқалары» жинағына енгізді. 
Базар ӛлеңдерінің бір қатары «XVIII-XIX ғасырлар ақындары шығармалары» 
(1962) мен «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1989) жинақтарына 
да енді. Ақынның тұңғыш шығармалар жинағы 1986 жылы жарық кӛрді.
Базардың аты қазақтың кӛп жеріне таныс. Арқа мен Сыр бойында оның 
сӛздерін білетіндер кӛптеп кездеседі. Мысалы: Жұмақымет, Сүйкімбай сияқты 
жыраулар Базар жырларын жақсы жырлайды. 
Базардың ӛлеңдері алуан салалы. Ақын ӛзінің жеке басына байланысты 
мәселелерден бастап, ел жайын, батырларын, ӛткен кеткенін, жақсы жаманын, жастар 
жайын кең толғайды. Солардың ішінде «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», 
«Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние», т.б. ӛлеңдерінің мәні ерекше. 
Ерлік дәстүрді жоғары ұстап халық қамы үшін жауға қарсы тайсалмай шабатын 
батырды ол ерекше ардақтайды.
Жігіт жауға шаппай ма,
Халық үшін туған қайратты ер 
Толғаулы найза, бір атпен. 
Айырмайды жақынын, 
Күдері баулы кӛк шыбық, 
Бірдей кӛріп жырақпен 
Сыпырма қылыш қынаппен. 


Базар адамның қуатты шақтарын қартайған күндеріне қарама-қарсы қойып
жастарға ақыл айтады. Ақыл мен қуатты ұштастырып, ӛркенді іс қыла білуге үндейді. 
Ақын атаулы соқпай кеткен атақты «Жиырма бес» туралы Базар да ӛзінше толғанады: 
Екі ауыздың арасын 
Қиқулатқан жиырма бес, 
Бұғалықсыз асауды 
Құр-құрлатқан жиырма бес... 
Базардың кейбір арнаулары ӛзінің жеке адамдарға деген кӛңіл-күйін танытады. 
«Сүйген жарыма», «Назарға» атты толғаулары – осындай ӛлеңдер. 
Жыраудың ӛлеңдері суретті. Ер азаматтың жолдасы болған атты бейнеленген 
мына бір ӛлеңі оған айқын мысал бола алады: 
Жал, құйрығы ӛрілген, 
Ӛлшеммен от-су берілген. 
Бастырық жабу, жемменен, 
Байлауда тұрып семірген
Шын жарауы түскенде, 
Жабуын алсақ жануар 
Сілкініп дүр-дүр керілген. 
Ұлы дүбір болғанда.
Базар ӛлеңдеріндегі негізгі пікір – жоғары адамгершілікті уағыздау. Ол адам 
мен атқа тән әділ, адамгершілік іс қыла білуге үндейді. Адамның артықшылығы сол 
адамгершілігімен, кең пейілді қарасқыштығымен ӛлшенуге тиіс. «Әр нәрсенің нарқы 
бар» ӛлеңінде ақын бұл пікірлерін ашық баяндайды.
Мырза менен сараңды
Ғалым менен наданды –
Ӛлшестіріп қарасаң, 
Салыстырсаң білерсің,
Ылди мен зәулім асқардай. 
Дария шіреп тасқандай. 
Ақын ӛлеңінде метафоралар да кӛп кездеседі. Ауыстыруларды ақын, әсіресе, 
ӛзі туралы айтқан ӛлеңдерінде кӛбірек қолданады. Мысалы мұны «Ӛлеңнің аққан кӛзі 
едім» ӛлеңінен айқын аңғаруға болады. 
Қайыңның қатты безі едім, 
Ӛлеңнің аққан кӛзі едім. 
Сӛйлер сӛзге келгенде 
Шебердің құрған тезі едім. 
Базар – негізінен жыраулар дәстүрін берік ұстаған тӛкпе ақын. Оның 
поэзиясына жыраулық сарын – тән құбылыс. 
Ақын ӛлеңіне бейнелілік пен суреттілік тән. Ол неше бір поэтикалық тілдерді 
(әсірелеу, теңеу, эпитет, метафораларды) қолданады. Адам тұлғасын, сырт пішін 
кескін-келбетін суреттеуде болсын, ақындық шабыт, әсем тіл айшықтары белес 
береді. Мысалы, қыс қысымынан құтылып, жадырап жаз шыққан шақты былай 
суреттейді: 
Жоғарыдан тӛменге 
Жүйесін тауып су ағар. 
Жағытұрым болғанда, 
Жердің бетін су алар, 
Жадырап күн, кӛк шығып, 
Жан-жануар қуанар. 
Базар ӛзіне дейінгі ӛз кезінде жасаған қазақ ақындарын жақсы білген. Оның 
ішінде Шернияз, Шыман, Ӛтеген сияқты Ақтӛбе ақындарын, Қарадос, Ӛске сияқты 


Қостанай ақындарын, Сералы, Садыр, Орынбайлардай Арқаның атақты ақындарын ӛз 
елінің ӛлеңдеріне қосып отырады.
Мысалы: 
Шайыр ӛлмес дер едім,
Сералы, Садыр, Орынбай, 
Сайраған қызыл тіл берген. 
Ақкетенің ішінде, 
Алжаспай сӛзді ағызып,
Шернияз, Шыман, Ӛтеген, 
Есебін тауып үлгірген.
Солардан да ӛткен сұм дүние, - 
Қарадос, Ӛске, Бұдабай, 
деуі бұған дәлел бола алады. 
Жыраудың ӛлеңдерінде Дулат, Шортанбай ақындар сарыны, тіпті кейде 
Махамбет сарыны да байқалып қалады. 
Базар – сӛз жоқ, ӛз кезінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн 
қоса білген, кең тынысты жырау. 
 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 
7. Айтыс.3-томдық.-А.,1965-1991. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет