Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет23/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 
 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 
7. Айтыс.3-томдық.-А.,1965-1991. 
 
 
 
 
№15- Лекция. 
Тақырыбы: Біржан сал Қожағҧлҧлы(1834-1897). 
Жоспары: 
1.
 
Ӛмірі, лирикалық ӛлеңдері. 
2.
 
Ақынның озбырлық жасаушыларды сынауы. 
3.
 
Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-кӛркемдік тағылымы. 


XIX ғасырдағы қазақ халқы мәдениеті тарихынан елеулі орын алатын ірі 
ақындардың бірі – Біржан. 
Біржаннан қалған мұралар – салмағы, қадір-қасиеттері, шынайы ӛнер 
туындыларына лайық, шын мәнінде ғажайып туындылар. Қандай күшті ӛнерпаз 
болмасын, ол ӛзін ӛнердің бірер саласында ғана тыңдата алса керек-ті. Ал қазақтың 
бұл тұстағы бірнеше ӛнер иелері дәуірі ұсынған ӛнердің барлық түрлерін игеріп, 
соның әрбір салаларынан ӛздерінің талант-күштерін кӛрсете біліпті. 
Ол қазақ поэзиясына зор үлес қосқан табан асты ӛлең нӛсерін ағылтар ақпа 
ақын, халқымыздың ақындық ӛнерінің шебері(импровизатор). 
Біржанның бізге дейінгі ӛмірбаянында, оның туған-ӛлген жылдары туралы екі-
үш дерек ұсынылып келеді. Біржанның басына қойылған ескерткіште оны 1835-1897 
жылы жасаған деп кӛрсеткен. Ал ӛзі Теміртас деген баласымен бақұлдасқан 
(қоштасқан) сӛзінде 65 жасқа келгенін айтқан: “Жасына алпыс бестің келгенімде, 
құдайым берді науқас ғаріп басқа”,-депті. Сол сияқты қолда бар деректі зерттеу 
үстінде, біз Біржан 1831-32 жылдары туып, 1897 жылы қайтыс болды деген пікірлерді 
қостаймыз. Ол Кӛкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының тұрған 
жерінде, ата-мекені – Қожағұл бұлағында туыпты. Біржанның ӛз әкесі Тұрлыбай-
момын, шаруа болған. Ал, атасы-Қожағұл дәулетті адам. Біржанды жас шағында 
бауырына басып, ӛз тәрбиесіне алған, оның маңдайынан қақпай, масайрата еркін 
ӛсірген, жасынан ауыл молдасына беріп, оқытып, ӛзі жиған ӛмір тәжірибесін 
үйреткен осы беделді шешен-би – Қожағұл болса керек. 
Біржан - ӛзі жасаған заманының перзенті, ӛзі ӛмір сүрген дәуірдің ӛнерпазы: 
ақыны, әншісі, композиторы. Ӛнер адамының ӛрге жүзуі ӛз бойындағы 
творчестволық күшке, ӛзі ӛскен ұлттық ортаға, ӛнер – білім дәмін сепкен жанға 
рухани азық беріп, ой- қиялын дамытқан туысқан халықтардың озық адамдарының 
ізгі ықпалдарына тығыз байланысты. XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған 
революцияшыл - демократтар идеясына сүйенген орыстың бай классикалық әдебиеті, 
ӛнері. Шоқан, Ыбырай, Абайларды туғызған әдеби орта қандай десек, Біржан, Ақан
т. б ӛнерпаздардың жетістіктері де, сол қауымға ұштасады. Ұлы Абай қазақ 
поэзиясына жаңалық жаршысы болып оның реалистік бетін ашса, музыка ӛнерінің 
қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап келеді. Біржан да ӛз 
бетімен ізденіп, ӛнеріне жаңа ырғақ, әуен тауып, оны халқының жүрегіне жұмсайды.
Кӛршілес елдер, халықтар ӛмірімен танысқан. Қызылжар, Кӛкшетау, Семей, Омбы, 
Орынбор сияқты қалаларда болды. Кӛп нәрсені кӛріп білді. Ӛзінің дер шағындағы 
талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер 
тамаша туындылар жасады.
Біржан поэзиясының асыл арнасы қазақ халқының бай ауыз әдебиетінде, 
музыкалық фольклоры қазынасында жатыр. Жасынан ел аралап ділмар шешендермен 
кездесіп, сӛз сымбаттарын үйреніп шешендік дәстүрлерін игереді. Тӛкпе ақындар 
ӛнеріне де жетік болып, талай айтыстарға қатысады. Олардың табан асты ӛлең 
шығару әдістерін, сергек қабілеттерін меңгереді. Әсіресе, Шӛже мен Орынбай сияқты 
тӛселген тӛкпе аға ақындармен дидарласуы әсерсіз болмаса керек. Біржан 
творчествосының дұрыс бағыт ұстануы оның ұлы Абаймен кездесуін зерттеушілер 
жоғары бағалайды.
Біржанның “Тентек”, ”Жаймашуақ”, “Айтбай”, “Ләйлім Шырақ”, “Бурылтай”, 
т. б әндерінің шығу жағдайларын А. Жұбанов зерттеуші автордың ӛмірімен 
ұштастыра жеткізе түсіндірген. Оларға тән дыбыстылық, әуен ырғақтары талданып, 
ән бойындағы дыбыс қуаты жастық жалынға сәйкес келетіні кӛрсетілген.


Біздің баса кӛңіл аударғалы отырғанымыз – Біржанның музыка салаларындағы 
туындыларынан гӛрі, оның ақындық еңбектері - ӛлең, толғау, айтыс ретінде жеткен 
жырлары, жалынды лирикалары. Оның әдебиетіміз тарихындағы орнын таныту.
Біржан – ақын, лирик. Біржан ӛлеңді кӛбіне ән үшін, әнді ӛлең үшін шығарған. 
Сондықтан олар - ӛзара біте қайнап, бірігіп кеткен туындылар. Олардың жігін 
ашамын, егізді жұбынан айырамын деп әлектену - бос әурешілік. Айталық ақынның 
ілгерідегі туындысы саналатын “Біржан сал” шығармасын алсақ осы ӛлеңде ӛз 
бойындағы асқақ талантпен таныстырудан ӛзге ұғым жоқ сияқты. Ал сол жолдарды 
әніне салып құйқылжыта орындасыншы ! Одан алар әсерді айтып та, жазып та 
жеткізу қиын болар еді. Ақын лирикалары ақиқат ӛмірден туып әлеуметтік 
қорытынды жасайды. Адамгершіл ақылдар ұсынылады. Қазақ жастарының ӛмірге 
кӛзқарасын дамытқандай ой тастап, кейбір мағынасыз ӛмір кешетіндерге наразылық 
білдіреді. Жас шақта, қоғамға, елге пайдалы істерге, ӛнімді еңбекке, ӛнер – білім 
ізденгіш талапкерлікке толы болуды қалайды. Мысалы : “Сырғақты” – деген ӛлеңінде 
ақын ең алдымен ӛмірдің мағынасын түсіне білуді керек қылады:
Бозбала, саған айтар ӛсиетім,
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Жанып тұрған жас ӛмір – ал қызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл,
Жауқазын желбіреген жастық шақта.
Ӛмірдің мағынасын түсіне біл.
Басқа халықтар ӛмір тіршіліген, әлем сырын тануда, тыныш жатпай тырбанып, 
талпынуда жанаярлыққа, еріншектікке жол бермей, талмай ізденіп тынымсыз 
еңбектеніп, дүниетанымын кеңейте түсуде деп, “Жастарға арнауында” бұл пікірлері 
жүйелі баяндалады :
Дүниеде үйде жатып босқа ӛлгенше,
Жан–тәнің бірге жанып күйген артық.
Ер жігіт дүниені кезгені артық,
Дүниенің не бар–жоғын сезген артық.
Түскендей аспан жерге іс болғанда.
Бел байлап, тәуекел деп, тӛзген артық.
Ақылға, білімге билік беріп, әділет жолын, береке – бірлік, қарекет тірлік 
жолын меңзеп, жоғары адамгершілік пікірлерін жырлайды. “Жақсы мен жаман” 
арасын ажыратар қасиеттерді термелейді.
Біржан ӛзінің Асыл, Ақық, Теміртастай балаларын ӛте жақсы кӛріп 
тәрбиелейді. Ӛлең - әндеріне де қосады. Сондықтан Біржанның сұлуларға арнаулары 
мен Сараны іздеу себептерін басқаша түсіну абзал.
Алыстан тоят іздеген ақиық мінезді Біржан қиядағы қызыл түлкіге құмартты. 
Ӛзіне тең түсер сӛз жүйрігін, ӛнер саңлағын тауып, соны сӛз тұғырына іліп түсті.
Қазақтың негізгі ескі ӛміріндегі жұғымсыз салттарға құрбан болған арулардың 
аянышты тағдырына жоқшы болып, Арқаның дауылпазы Біржан Алатау алқабына 
жыр тӛкті. Сарадай асыл жанның азаттығын аңсап ӛтті. Адамгершілікке, адал 
достық, таза махаббатқа үндеді. Аруды есекке қосақтамай, Жиенқұлдай азғынға қор 
қылмай теңіне қосып күңдіктен құтқаруды талап етті. Ақынның бұл ниеттері – оның 
талай сұлуларға арналған жырларынан да, Сара қызбен айтысынан да айқын кӛрінетін 


ӛзекті идеялары, асқақ армандары Сарадай мінсіз жан, дана қыз кӛрінгеннің 
қанжығасына ілініп кете беруі ӛкінішті.
Қыз екен Тастанбектің, ақын Сара,
Бәйгеден күнде келген жалғыз дара.
Қыз да болса адамның жүйрігі екен.
Кӛрмедім сӛзді адамда мұндай дана.... 
Шіркін – ай, мұндай жүйрік туармысың 
Сӛйлейсің алтын жай ғып сӛздің жезін.
Қанатын күн шалмаған ақтұйғынның 
Жапалақ иемденер басқан ізін..... 
Біржан мақсаты, оны орынсыз даттап жеңу ғана емес. Ол ӛзінің азаттық 
идеясын, дана сұлу аруды қорғау, махаббаттың тот баспауын кӛздеп отыр, Біржан мен 
Сара айтыстары осындай әлеуметтік теңсіздік мәселелерін кӛтере білулерімен де, 
ерекше мазмұнымен де маңызды. Білімді, дана ақындардың әрбір сӛзінде қазақ 
ӛлкелерінің байлығы, тарихи адамдары, қоныс мекендері, әр елге тән әдет 
жоралғылары білгірлікпен баяндалған. Әрқайсысы ӛз елдерінің жетістіктерін шолып, 
ұлылы – кішілі ауызға ілінген азаматтарын бетке ұстаған.
Біржан мен Сара айтысының мазмұн байлығын танытар фактілер кӛп. Олардың 
әрқайсысы ӛз ойларын ұзақ толғайды. Елі, жері, адамдары, ӛнерлері мен толық 
таныстырмай тынбайды. Қарсы дауларын да дәлелді, бұрылтпастай логикаға 
құрылады. Тарихи деректілік, ұтымды логика бұл айтысқа қана тән құбылыс. Осыған 
орай, айтысты түгел алғанда тарихи әлеуметтік дастан, лирикалық поэма 
дәрежесіндегі шығарма деуге де келеді. Айтыстың тілі де шешен. Неше алуан 
халықтық поэтикалық, тіл, образ, сӛздер бірінен бірі асып түседі.
Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара ӛлең формасын қолданған. Оның 
поэтикалық тілі де негізінен халық ақындары үлгісінде. Ол ақынның арнау 
ӛлеңдерінен де, ән әуенді лирикаларынан да, сӛз болып отырған айтыс текстінен де 
айқын. Тағы бір атап ӛтетін ӛзгешелігі – ақындық–шешендік тұжырымды ойларын 
түйіндеп, афоризм арқылы, үлгі-ӛнеге болар нақылға айналдыра білуі. Бұның бәрі 
ақынның ӛлең техникасына жетік екеніне куә болады. Нақыл үлгісі ретінде тӛмендегі 
жолдарды келтіре кетелік: 
Алтынмен тең түспейді інжу – маржан.
Асылдан кем болмайды алмас – бірлан,
Әніме сегіз дуан таңырқаған,
Баласы Қожағұлдың атым – Біржан.... 
Камзолдай қысқа пішкен дӛңгеленіп,
Дүние ӛтерінде шыр айналды... 
Жігіттік бойға таққан бір гауһар тас,
Қартайсаң қайта айналып тағылмаған.
Қара нар жүк кӛтермес саздаған соң.
Су шықпас ойпаң жерден қазбаған соң .
Кӛрсетілген нақылдардың асыл түбі-халықтық екендігін дәлелдеудің қажеті 
бола қоймас.
Біржан поэзиясы - ӛткір тілді образды кӛркем шығарма. Адамды 
кейіптеуге, сұлу суреттер жасауға шебер. Ашық, айқын сӛз бояуын ӛте қонымды 
қолданып нәрлендіріп, құлпыртып жібереді. Шабытты түстарында ол ӛлең шығаруға 


да, жаңа ән әуенін табуға да қиналмайды. Поэзияда Абай жаңалық жаршысы болды 
десек, музыкадағы жаңа бағыт Біржаннан басталса керек. Ақан, Ыбырай, Ғазиз, 
Естай, Мәди, Балуан Шолақ т.б. жас буын Біржан бастауларынан сусындап, оны 
ілгері дамытты деген Е. Ысмайылов пікірлерін қостау абзал. Тынымсыз ізденіс, 
үздіксіз шығармашылық еңбек жас Біржанды бір кезде жетілткен бірден бір күш 
болса, сан салалы ӛнер салмағын жалғыз кӛтеру, тоқ мейіл, топас топтың жазықсыз 
жанның бойына салған дерт азабын кӛтеру, әсіресе, жасы үлғайған шақта әсте оған 
қиын тиді. Аяусыз қуғын жан азабы, ӛсек-ӛтірік, жазықсыз жазаға тӛзе алмаған 
ардагер азамат ақыры айықпас ауруға шалдықты.
Біржан деп атым шықты алты алашқа 
Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа.
Жасына алпыс бестің келгенімде 
Құдайым берді науқас ғаріп басқа.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Не болады демеңіздер адамзатты.
Үкідей желпіндірген құлындарым.
Шешсеңші білегіме арқан батты, -
деп, ӛзінің Теміртас, Асыл, Ақық атты балаларымен қоштасты. 1897 жылы 65 
жасында, осы бір дертінен дүние салды.
Біржан шығармаларын қазіргі ӛнерге құштар ғалым оның әрбір сӛзін, әуен 
ырқақтарын қалт жібермей, халық қажетіне асырып келеді. Құмарта оқиды, құлақ 
құрышын қандыра тыңдайды. Олар сүйікті ӛнерпазының шығармаларын кӛзінің 
қарашығындай сақтайды, келешектің керегіне жұмсайды. Біржан поэзиясы ұрпақтан – 
ұрпаққа ауысып, мәңгі жасай береді.
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет