Патриоттық рухты тәрбиелеудегі батырхан шүкеновтың творчествосының алатын орны



Дата08.06.2018
өлшемі17,54 Kb.
#41969
ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТЫҢ ТВОРЧЕСТВОСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

А.М.Куркимбаева – магистр, аға оқытушы

Алтынбек Әйгерім – Аударма факультетінің 3- ші курс студенті

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Бүгінгі жас ұрпақ болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект-деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт. Патриоттық құндылықтар сақталмайынша біз алға баспаймыз, дами алмаймыз.

«Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі кәсіби бағытталған шет тілі» пәні бойынша « Музыка әлемі» тақырыбы аясында 3 курс студенттерін отандық өнерде ойып тұрып орын алатын Батырхан Шүкеновтың творчествосының жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі алатын орны зор екендігімен таныстырдым.Студенттер Батырхан Шүкенов өнері бойынша топтық жоба жұмыстарын орындады.

Батырхан Шукеновтың отанға деген суйіспеншілігі осы сөздерінен байқалады “Любовь к родине это очень личное чувство. Впервые я это понял достатоно поздно лет в двадцать. Я ехал в поезде из Алма- Аты в Кызылорду. Стояла невыносимая жара, за окном купе расстаилась степь а по радио звучала домбра. И когда эта картинка наложилась на звук, меня неожиданно “пробило”.

Әнші Батырхан Шүкенов БҰҰ балалар қорының Қазақстандағы тұңғыш ізгі ниет елшісі атанды.БҰҰ ұйымының балалар қоры Батырхан Шүкеновті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы алғашқы елшісі етіп тағайындап, Алматыда әншімен тиісті келісімге қол қойды. Белгілі әнші сол күні-ақ Азаттық радиосына сұхбат беріп, тыңдармандарымызға арнап халық әнін де орындады.БҰҰ-ның балалар құқығын қорғау туралы 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Конвенциясының 20 жылдығын мерекелеу күнінде қазақстандық әншінің ізгі ниет елшісі атанғаны белгілі болды.

Батырхан Шүкеновтың орындауындағы «Отан-Ана» әні патриоттық рух пен

сезімді оятады. 

“Отан - Ана туралы әнге өмір бойы дайындалдым. Ол қазақ тілінде болуы

шарт еді. Бұл менің өмір бойғы арманым, тіпті, борышым десем болады…”.

Бұл- әнші Батырхан Шукеновтың Ресей телеарнасының “Неге қазақша ән

айтасыз?” деген сұрағына берген жауабы. Әншінің басқа әндері бір төбе

болса, әрбір қазақтың жүрегінде патриоттық рух оятатын «Отан-анасы» бір

төбе. Нағыз қазақы болмысқа толы сырлы әнді өнердегі дара жолын бастаған

әншіге белгілі сазгер Қуат Шілдебаев ұсынды. Ал ән сөзін ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев жазған болатын. Әннің шығу тарихын еске алған композитор: «Түнгі сағат 2-нің шамасы. Ішімнен туған еліме, жеріме, Отаныма арнап жақсы ән жазуды мақсат еттім. Бұл ән жүректі тербеп, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті оятуы керек деп шештім. Бір нотадан кейін басқа ноталар жалғасып, күйсандықта ойнай жөнелдім. Әуен ойнаған сайын өзіме ұнап барады. Бір алып күш мені осы әуенді ойнай беруге итермелегендей болды,» – дейді.

Батырхан Шукеновтың арқасында қазақтың музыкасын Ресей мен ТДМ елдері ғана емес, алыс-жақын шетелдің біразы мойындады.

2015 жылдың қыркүйек айында төрт айға созылған «Ел тұлғасы» байқауы өз мәресіне жеткен болатын. Дауыс беруге 350 мың адам қатынасты.Жобаның басты мақсаты ел жетістігіне қатысты тұлғаларды анықтау болды.Батырхан Шүкенов осы байқаудың өнер номинациясы бойынша жеңімпазы болуы,халқымыздың әншінің өнеріне деген құрметі деп білеміз.

Ол елден жырақта жүрсе де әрқашан өз Отанының нағыз патриоты болды.

Сабақ жоспарына сай студенттерді Батырхан секілді тұлғалармен таныстыру маңызды деп білемін.Қазіргі жаһандану заманында жастарымыз тек шетел әншілерін тыңдаумен шектеледі.Осындай патриоттық тәрбие беретін материалдарды шет тілі сабақтарында қолданудың нәтижесі төмендегідей:



  • жастардың рухани байлығы артады;

 танымал тұлғалар туралы толығырақ ақпарат жинайды;

болсам деп талпыну, ұмтылыс, арман мақсаттарға бағыт береді;

 өз еліне деген сүйіспеншілігі қалыптасып, патриоттылық сезімі артады.

Қолданылған әдебиеттер:


1.http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/1330/

2. http://wap.meloman.kz/news/9712/115575/



3. http://batyr.net/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет