Мотивациялық хат.
Адамның армандауы - өмір заңдылығы. Ал орындалмайтын арман, қанат қақпайтын құс болмайды. ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының тарихы аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленді. Сондықтан біз №124 ЖББМ КМ 10- сынып оқушылары топ басшысы Оканова Анель, Нұрбекұлы Елдар, Мадияр Сункар, Кекилова Зарина, Тынышбай Сымбат "ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы Қазақстан: тарих, тұлға, тағдыр" тақырыбында мектеп оқушылары арасында Республикалық онлайн олимпиадаға қатысып, өз білімімізді шыңдағымыз келеді. Бұл жобаға қатысу біз үшін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын зерттеп және олардың рухани мұрасын оқушылар арасында жаңғыртып насихаттау парыз. Онлайн олимпиаданың ақпараттық хаты негізінде жетекшіміз Ауашева Карлыгаш Ермекбаевна интелектуальдық қабілетімізді ашып, ғылымға деген қызығушылығымызды оятып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан тарихын зерттеу жаңа көзқараспен қарау, оның әлеуметтік–экономикалық, мәдени дамуына орасан зор үлес қосады. Қазақ зиялыларының қайталанбас, ерекше өкілдерінің өмірімен және қызметімен тереңірек, жан–жақты танысу тарихи үрдіс динамикасын біршама толық көрсету қазіргі таңда маңызды. Бұл жоба оқушылар үшін жетістік, үлкен өмірге мүмкіндік. Кім біледі, біздің - жеңіске деген арманымыз орындалар?! Онлайн олимпиаданың жеңімпазы болу, сапалы білім, талмас еңбекті шыңдау арқылы келеді. Біз бұл арманымызды міндетті түрде орындаймыз!