Модуль1 Дәріс -1 Білім берудің мемлекеттік құжаттары



бет1/16
Дата07.02.2022
өлшемі229,29 Kb.
#82682
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
дәрістехн
шағын әдебиет, дәрістехн, шағын әдебиет, шағын әдебиет

«Заманауи педагогикалық технологиялар»
пәні бойынша дәрістер
Модуль1
Дәріс -1 Білім берудің мемлекеттік құжаттары
Орта білім беру жүйесін жетілдіру үзілмейтін үрдіс және оның өткені, бүгіні және болашағы бар . Қазақстандағы білім беру саласының дамуы Кеңес одағы тарихымен тығыз байланысты. Сол заманға көз жүгіртетін болсақ, білім мазмұнын анықтаудың жүйелі және ғылыми негіздемесін 1920 жылы С. И. Гессен жасаған. Ол білім мазмұнының алты түрін белгілеген: тәрбиелік, ғылыми, көркемдік, құқылық, діни, шаруашылық.
1970-1980-ші жылдары Ресей ғалымдары И. Я. Лернер мен И.С. Леднев осы бағыттағы жұмыстарын жалғастырды. С.И. Гессен мен В.С.Леднев те білім мазмұнын алты түрін атайды: ғылыми (ақыл-ой), рухани-тәрбиелік, көркемдік (эстетикалық); құқылық, діни және шаруашылық (С.И.Гессен); коммуникативтік, еңбек және дене шынықтыру (В.С.Леднев).
Осы зерттеулерді Ресей педагогикалық ғылым академиясының «Оқытудың мазмұны және әдістемесі ғылыми-зерттеу» институтында В.В.Фирсов бастаған ғалымдар 1988 жылы жалғастырған.
Тәуелсіздік алғанға дейін Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары институты Ресей ғалымдарымен тығыз байланыста болып, бірге жұмыс жасаған.
Осы зерттеулер негізінде 1990 жылы Ы.Алтынсарин атындағы білім беру проблемалары институтында білім мазмұнының алты түрі анықталған:
1. Әлемді және адамды тану (химия, география, биология, астрономия, физика).
2. Қоғамды және адамды тану (адам, қоғам, тарих).
3. Ана тілін және басқа тілдерді білу және үйрену.
4.Математиканы тану (математика, информатика).
5. Өнертану (көркем сурет, музыка, әдебиет).
6. Тіршілік жасау және өзін-өзі тану (еңбек, дене шынықтыру).
2012,2015жылдардағы «Бастауыш, негізгі және жалпы білім беру» Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында жеті білім салалары белгіленген, бірақ осылар білім беру салалары ма, пәндер ме?
«Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
Біздің ойымызша, «Жаратылыстану» (физика-заттың болмысы, химия-болмыстың қасиеті, география(болмыстың орналасуы), биология (болмыстың тіршілігі)) және «Өнер» (сурет, музыка, театр) сала, ал басқалары пәндер.
Осы стандарттағы керемет идея және үлкен жаңалық - ол құзыреттілік, немесе біліктілік.
Оқушы мектепте алған білімін неге және қалай жұмсайды?-деген басым идея стандартта өз орнын таба алған, бірақ мұны іске асыру үшін бар болғаны сабақ құрылымын өзгерту керек , себебі сабақ өзгерсе , жетілсе, құрылымы нақты болса, онда сол арқылы барлық реформалар,жаңалықтар мектепке енеді. Күнделікті өзгертілген сабақ саны білім сапасына әсері тиеді де күтілетін нәтижеге жеткізеді.
Стандарттағы пәндік, түйінді, негізгі құзыреттіліктер іске асыру арқылы оқушы әлеуметтенеді. Мемлекеттік стандарттағы екі тиек сөздерде тоқталайық:
1.Тұлғаны әулеметтендіру - жеке адамның қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі ілімдер, ережелер мен байлықтарды меңгеру.Олар әр пән мазмұнында берілген.
Әлеуметтендіру жеті жасқа дейін отбасы немесе бақшада өтсе, 7-18-ге дейін мектепте, жоғарғы оқу орны, жұмыс орны, қоғамдық орындар арқылы жалғасады.Ал ең басты талап – отбасын құру, ұрпақ жалғастыру, қоғамның ең кіші бөлшегі-жанұя арқылы ең үлкен құрылымы-мемлекетке еңбек ету.
Сондықтан Асан Қайғы атамыз Жер Ұйықты іздегенде еш жерден таба алмаған , себебі отбасы, ЖЕР -ҰЙ- ҰҒЫ (оны ұғатын адамы) болмаған.
2.Құзыр - араб сөзі - қатысу, қатынасу, көру, көріну.
Компетенция -1. міндет, қызмет бабы 2.біліктілік,
Компетентный - білікті, жетік, терен білетін,құзырлы.
Компетентность – құзыреттілік,біліктілік.
Осы түсініктін-құзыреттілік,біліктілік үлгісін Ы.Алтынсарин «Асан мен Үсен» әңгімесінде көрсете білді.Заманауи оқушы Үсен сияқты алдында кездескен тығырықтан шыға білу және кез-келген мәселені шеше білу қабылеті қалыптасқан тұлға болу керек. Өзгермелі өмірде өз орнын таба алу, әлеуметтену. Амонашвили сөзімен айтатын болсақ: "в ось питание", қазақша "орам ал", себебі айнала үн, белгі, ұғымдар мен үлгілер.
Білім-қазақша түсінікте ҚОРҚҰТ(Қор және Құт). Өлмейтін,өшпейтін нәрсе. Ж.Баласагуни айтқандай Өзөлмес, Өзгермес. Тек оны көре білу және насихаттау керек. Оқушы сол Қордан рухани нәр алу керек, сонда ғана ол Қор оған Құт болып дариды.
Оқушы білімді ала білу керек, мектеп бере білу керек. Алған білім, білік, дағдыны окушы өмірде пайдалана білсе, оны құзыретті деп айтуға болады. Құзыр сөзінің мән-мағынасын А.Байтұрсынов кезінде былай деп түсіндірген еді: «Білім –біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік –сол білімді іске асыра білу дағдысы».Сондықтан араб сөзінен бастау алатын құзыреттіліктің қазақшасы –біліктілік.
Оқушы үшін білім алу мақсаты – өмірге керекті білім, білік, дағдыларды игеру. Адамның қоршаған ортасы төрт саладан құрылған: ғылым, экономика, руханиет (мәдениет,өркениет), тарихат (саясат).
2006 жылы 11 қаңтарда елбасы Н.А.Назарбаев былай деді: «Келесі онжылдықта біз бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосыламыз. Ол үшін экономикасы, саясаты, әлеуметі, мәдениеті дамыған мемлекет болуымыз қажет».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет