Модуль1 Дәріс -1 Білім берудің мемлекеттік құжаттары



бет4/16
Дата07.02.2022
өлшемі229,29 Kb.
#82682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
дәрістехн

Тіл, әдебиет, өнерді танып білген, өз елінің және әлем халықтарының ұлттық құндылықтарын игерген, әдемілікке құштар, эстетикалық талғамы биік мәдениетті тұлға қалыптастыру (шығармашыл және рухани бай тұлға- мәдени Қорды игеру,үйінің төріне домбыра ілу).
Биология, химия, физика, дене шынықтыру арқылы ғылым жетістіктерін игеріп, өз елінің және әлем ғалымдарының өркениетке қосқан үлесін бағалай білетін, табиғатты аялайтын азамат қалыптастыру (денсаулығы мықты және экологиялық адам – үйінің айналысына бақ өсіру).
Ең бастысы-мейірімді ,текті тұлға.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (2010.01.09) мазмұны тұлғаны әлеуметтендіру, орта білім беруде білім, білік, дағдыдан құзыреттілікке, нәтижелілікке, оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірге пайдалануға үйретуге бағытталған.
Бұл құжатта базалық (мейірімді адам, бауырмал отбасы, шығармашыл тұлға, жауапкершілікті азамат, салауатты тұлға), бұған қосымша: тектілік, отбасына қамқорлық, эстетикалық талғампаздық, өз құқығын қорғау, экологиялық қасиеттер оқушыны әлеуметтендірудің басым бағыттары ретінде қарастырылып; пәндік (пән бойынша білім, білік, дағды; пәнаралық байланыс, жүйелілік, көзқарас қалыптастыру; түйінді (ақпараттық, коммуникативтік, проблемаларды шешу) құзыреттеріне сипаттама беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет