Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері



Дата07.02.2022
өлшемі172,85 Kb.
#97559
Байланысты:
алеуметтану

Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері

Орындаған; Уразбекова З.Б

Тобы: Жу-001

Тексарген: Жаркимбаева Д.Б

Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет, үкіметтер үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.

Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді. Сондай-ақ, бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мемлекеттің шығуымен тұстас еді. 1. Б. э. дейінгі (І-ІІ мың жылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды. Б. э. д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі өмірде, тіршілікте адамдар арасындағы қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Соңдай-ақ, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да байқалды. Ендігі жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйене бастады. Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Заратуштраның ерссия), Конфуцийдің, Мо-цзының (Қытай), Будданың (Индия) ілімдері басты рөл атқарды.

Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (б. з. д. 551 -479 ж. ж. ) өзінің саяси доктринасын моралды максималарға негіздендірді, үлгілі адам концепциясын жасады. Конфуций бойынша, ондай адам адмгершілікті (жень), адал, таза ниетті болуы керек. Ойшыл идеяларын жанұйя, қоғамға, мемлекет ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций ел басқарудың «адамгершілікті басқару» принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал болып өз халқының жағдайын ойлап түру керек деген. Дана адам-басқарушы жақсы біледі – адамның бәрі абырой мен байлаққа үмытылады, ал кедейлік пен беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқанда, Конфуций үшін әлеуметтік дифференциацияны жақтау және қоғам мүшелері арасында міндеттерді иерархиялық бөлу сипаттамалы.

Гректің ғүлама ойшылы Гераклит б. э. дейінгі шамамен 520 -460 жылдарда өмір сүрген. Ол: "Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп өзгеріске ұшырайды" - дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінеді. Аристократия жағыңдағы Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап, мемлекеттегі зандардың тұрақты болуына үлкен мән береді.

Гераклит: "қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қарсылық, екінші бір қарама-қарсылыққа өтеді. "Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады" деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта. Қарама-қарсылық өзара мәңгі күресте.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет