Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л


Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.-А.,1975



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad

7.
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.-А.,1975. 
 
 
 
№16- Лекция. 
Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаҧлы(1834-1913). 
Жоспары: 
1.
 
Ақан сері - қоршаған ортадағы әсемдік әлемін, сҧлулық, тағлымын 
жырлаушы суреткер ақын. 
2.
 
Ақынның лирикалық ӛлеңдеріндегі тақырып мазмҧны. 
3.
 
Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы ӛлеңдері.


 
Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) – қазақтың ән ӛнері аспанында зор 
даусымен асқақтата жыр нӛсерін ақтарып ӛткен ерекше дарын иесі; халқымыздың 
бойындағы тамаша таланттың айқын кӛрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер 
азамат. 
Ақан – кең байтақ жерін, қасиетті ел-жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық 
шақтың жалынына күйіп, тынымсыз ӛмір кешкен, ӛршіл де ілгерішіл поэзияның 
шебері. 
Ақынның туған жері – Кӛкшенің кербез сұлуы атанған қасиетті жер. Ақан – 
осы бір әсем табиғат құшағында еркелей ӛскен ел серісі. Болашақ ақын Кӛкшетау 
ӛңірінде, Қоскӛлді жайлаған қарапайым қазақтың отбасында туып-ӛскен. Ол 1843 
жылы, күздің жомарт айы – қыркүйекте дүниеге келді. 
Жасынан алғырлығы, ұқыптылығымен кӛзге түскен Ақан ауыл молдасынан 
алған біліміне қанағаттанып қалмайды. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахун 
қазіреттің медресесіне түседі. 
Осы медреседе ӛткізген үш жылға жуық мерзімде Ақанның сусындаған кәусар 
бұлағы – Фердауси, Низами, Хафиз, Шамси, Сағди, Физули, Науаи, т.б. еңбектері. 
Бұларға қосымша араб, парсы, шағатай тіліндегі кӛне түркі әдебиетінің ежелгі 
үлгілерімен де танысады. Медресе шәкірттерінің жетік білуге тиіс сабақтары – араб, 
парсы халықтарының тілі, ертегі аңыздары жазба дүниелері. 
Ақан – жастай оқып тәлім алған ӛнерлі, білімді жас. Ӛз замандастарының 
кӛбінен озық, араб-парсы, шағатай әдебиеттерінен де, сол әдебиеттерді туғызған 
тілдермен де жете таныс, соған қоса, орыс тілін де білген мәдениеті жоғары ӛнерпаз 
адам. 
Ақан ӛнер бастаған кез – ұлы ағартушы, гуманистердің реалистік поэзиясы 
жасалып жатқан дәуір; Шоқан, Ыбырай, Абай, Біржан, Шәңгерей, Мәшһүр 
Жүсіптердің әдебиетте жаңа бетбұрыс жасаған тұс. Жазба әдебиеттің профессионал 
ӛкілдері қалыптасып, жаңа реалистік гуманистік ӛнер үстем болуға бет алған-ды. 
Ақан, Ақмолла, Жаяу Мұса, т.б. ӛнер адамдары – аталмыш жаңа топтың ӛкілдері. 
Бұлар да жете сауатты, білімді қаламгерлер; ӛз шығармаларын ауызша айтып таратуға 
мәжбүр болса да, кӛбінесе жазып шығарған, ақ қағаз, құсыни қаламды қолдарында 
ұстап, хаттасып, хабарласып отыру салтын бастаушылар. 
Ақан сері ӛз заманы ұсынған дәуір талабын таныған, сол жаңа талаптар 
тұрғысында ізденіп, оқып білім бұлағынан сусындаған зор талаптың жемісі. 
Ақан сері – лирик ақын. Ақын қалдырған мұраның бәрі – түгел дерлік, жүрек 
отының жалынындай, терең толғаныстардың туындылары, адамның сезім сырнайын 
тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия, әрбір сӛзі жүректі елжіретер, жаныңды 
жадыратар жастық лебіне суарылған нұрлы. 
Ақан сері 1843 жылдар шамасында (бұған шейінгі деректе де 1834 жылы туған 
деген әңгіме болатын) осы күнгі Кӛкшетау облысы, Айыртау ауданы, Қоскӛл деген 
жерде туған. Әкесі Қорамса – Арғын ішінде Қарауыл. Ақан кішкентайынан ӛзінің 
зеректігімен, әрнәрсеге әуестігімен кӛзге түседі. Ауыл молдасы Күнтеу дегеннен жас 
кезінен бастап оқиды. Аздап болса да хат таниды, кӛзі ашылады. Жасы он үшке 
келгенде Ақан Күнтеу молданың шыбығынан құтылып, Қызылжарға тартып кетеді. 
Онда Уәлиахун дегеннің медресесінде оқыды. Қалада жүрген соң аздап болса да 
орысша біле бастайды. 
Ақан Қызылжардан еліне қайтады. Қорамсаның азды-кӛпті дәулетінің 
арқасында ол аса кемдік кӛрмейді. Балаларының ішіндегі жасынан кӛзге ерте түскені 


болғаннан ба, жоқ, басқа себептен бе, Қорамса Ақанның айтқанын қайырмайды. 
Шілдехана, алтыбақан, ойын-той болса Ақан сонда жүреді. Ақанның әдемі бойы, 
келбеті, жақсы даусы, оны ерте халыққа танытады. Оның үстіне кӛп адамдардың 
күйттейтін, дала ӛмірінің қызығы: жүйрік, қыранқұс, алғыр тазы Ақанның да арманы 
болды. Ол кедей еліндегі Шӛкетай деген кісіден Құлагерді бір ат, бір сиыр, жиырма 
бес сом ақшаға сатып алады. Ақанның жас та болса талабына риза болған, оның жай, 
кӛптің бірі емес екенін сезген Әлібек деген ӛзінің жанына балаған бүркіті 
Қараторғайды сыйлайды. Сайрат тӛреден күшік күнінде Базарала атты тазының 
күшігін сатып алады. Тағы біреуден кӛкжендет деген қаршығаны таңдап алады. Енді 
Ақан тек әнші, ақын емес даланың жігіт басына керекті барлық қызығын жинайды. 
Ӛзі ақын, ӛзі әнші, сұлу жігіт халық арасында атағы тез жайылады. “Ел мақтаған 
жігітті қыз жақтаған дегендей”, Ақанның айналасында қыз-бозбала топтала береді.
Баласының осындай даңқына сай деп әкесі Қорамса Ақанға сегіз ұлдың 
ортасында жалғыз ӛскен Бекбастың қызы Фатимаға құда түседі. Бірақ Фатима 
ауырып, әкесінің оң жағында, Ақанның босағасын аттап үлгермей, қайтыс болады.
Ақан бұрынғысынша ел аралап, еңсесін жоғары ұстап, ӛзінің ӛнерін кӛрсете 
береді. Жанбай сӛнген ғашықтығын ӛлеңдетіп, “Желдірме” стилінде ӛлең шығарып, 
домбыраға қосып әндетеді. 
Ақан біраз уақыт ешкімге кӛз салмай жүреді. Кейін Шомайт қажының қызы 
Фатимаға үйленеді. Фатима ақылды, байсалды, жақсы жан болады. Фатимадан Ақан 
бір ұл, екі қыз кӛреді. Оншақты жыл тұрғаннан кейін Фатима аурып қайтыс болады. 
Ақан Қарауыл ішінде Балташы дегенге атастырылып қойылған Тінәлінің қызы 
Ұрқияны алып қашады. Ұрқия үш айдан кейін ауырып ӛледі. Енді Ақанды ауыр 
қайғыдан арылтатын тек аты болады. Бұл кездерде баяғы Құлагердің аты Ақанның 
ӛзімен бірге шығады. Құлагер небір сәйгүліктерден озып шыққан, бәйгені ешкімге 
бермейтін жануар болады. Құлагердің жеңісіне Ақан “Маңмаңкер” деген ән 
шығарады. 
Халқына қадірлі Ақан ӛзінің орнын біледі, мақтанып асып кетпейді. Ел ішінде 
Ақан:
Кепсер ал, кепсер алсаң Қызылжар бар, 
Ӛзім сал, ӛзім сері мен кімге зар,-деген әнін айта жүреді.
Сондай-ақ Ақанның шығармалары ішіндегі шоқтығы биігі - Сырымбет. Бұл - 
адамның жүрегін қозғайтын, жан ашуының, үлкен адамшылық, азаматтық сырларды 
жыр ететін шығарма. 
Ақын ел аралап жүріп, Ыбырайдың қызы Балқадишамен кездеседі. Қыздың 
мінезінің, түрінің тартымдылығын әнге қосып, “Балқадиша” деген ӛлең шығарады. 
Ақанның творчествосында үлкен бір оқиға – аты Құлагерге байланысты 
болады. Керей Сағынайдың асында Ақанның тісі батып жүрген Батыраш-Қотыраш 
деген байлардың балалары бәйгеге қосылған Құлагерді шоқпармен ұрып ӛлтіреді. Бір 
жамандықты кӛңілі сезген Ақан аласұрып атын іздей бастайды. Ол сүйікті жүйрігінің 
бел омыртқасы үзіліп ӛліп жатқан үстінен шығады. Құлагерді жоқтап Ақан ӛзінің 
әйгілі “Құлагер” атанып кеткен әнін шығарады. Бұл ән – серінің жан ашуының 
туындысы.
Құлагер трагедиясынан кейін Ақан арада біраз уақыт ӛткеннен кейін, 
творчестволық шабытқа қайта оралып, ел аралап жүріп, үш сұлу қызды кездестіреді 
де, соларға арнап, “Үш тоты құс” атанған ӛлеңін шығарады. Жасы алпысқа келгенде 
Ақан шығармаларын басқа тақырыпқа құрып, ақыл, насихат, толғау сияқты сӛздерді 
термелеп айтады. 


Белде, белде бел асар
Белгілі жерден ел асар. 
Әлдилеген ақ бесік, 
Келіншекке жарасар. 
1913 жылы Ақан тӛсек тартып, жатып қалады. Әйгілі үкілі Ыбырай Ақанның 
кӛңілін сұрап келеді. Ауру күннен-күнге меңдетіп, қараша айында ардагер әнші, 
халқын қызыққа бӛлеген сері, дарынды ақын, үлкен жүректі адам кӛз жұмады. 
Қасында Фатимадан туған жалғыз ұлы Ыбан ғана болады.
Ақанның ӛзі ӛлгенмен, соңында ӛлеңі, әні, ӛмірінің шежіресі қалды. Ақан 
творчествосы талай кӛркем шығармаларға негіз болды. Жазушы Ғ.Мүсірепов “Ақан 
сері – Ақтоқты” атты трагедиялық пьеса жазса, С.Жүнісов “Ақан сері” деген екі 
томдық романын дүниеге келтірді 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет