Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
annotation110059

Т.О.
Ескерту: Барлық орыс құжаттарында 
— 
Тохтамыш) 1382 жылы Мәскеуге жорыққа шықты» [2
4
, 782 б.].
Л.Н.Гумилев Тоқтамыстың Мәскеуге шабуыл жасау себебін 
былай түсіндіреді. Оның айтуынша Мәскеу мемлекеті өзіне 
православие дініндегілерді көбірек қарату үшін Киев 
метрополиті Киприанды шақырады. Мұны Мәскеудің күшеюін 
қаламайтын
Суздаль князьдігі Тоқтамыс ханға Мәскеу мен 
Литваның және Мамайдың өзара келісімі ретінде жеткізеді. 
Сонымен бірге өсек тасушылар бұл одаққа Рязань князі Олегтің 
де тартылғанын айта кетеді. Л.Н. Гумилевтің сөзімен айтсақ, 
«аққөңіл және сенгіш» Тоқтамыс осындай арандатуға иланған», 
сөйтіп Мәскеуге қарсы жорыққа аттанған [
24
, 428 б.].
Дегенмен де біз тарихшы Л.Н. Гумилевтің бұл пікірімен 
толық келісе алмаймыз. Оның үстіне ежелгі Никон жылнамасы 
да Л.Гумилевті қолдай қоймайды. Өйткені, біріншіден, литвалық 
князьдің Мәскеуді қорғаушылар қатарында болғаны рас: “Таже 
потом прииде к ним в град некоторый князь Литовский, именем 
Остей, внук Олгердов: той окрепи град и люди затвориси с ними 
в граде” [
23]. 
Литваның ұлы князі Ольгерд (Альгирдас) (1345
-
1377 жж.) 
кезінде 1363 жылы Буг өзеніне жақын жерде татар әскерлерін 
талқандағаны тарихтан белгілі. Днестр, Днепр өзендері бойын, 
Киев, Подольск, Волынь жерлерін, Смоленск князьдігін басып 
алған Ольгердтің 1349 жылы Жәнібек ханмен Мәскеу князьдігіне 
қарсы
одақ жасауға әрекеттенгені және айқын нәрсе. Ольгерд 
тверьліктердің Мәскеуге қарсы сәтсіздікпен аяқталған (1368
-
1372 жж.) үш жорығын да қолдады [
32
, 539 б.]. Әңгіме бұл жерде 
міне осы Ольгердтің немересі, яғни, Алтын Орданың және 
мәскеуліктердің ата жауы төңірегінде болып отыр. Ежелгі Никон 
жылнамасы Ольгердтің Мәскеуді Тоқтамыстан қорғаудағы рөлін 
одан әрі былай түсіндіреді:
«Князь же Остей Литовский, внук 
Ольгердов, со множеством народа оставшемся во граде (в Москве 
— 
Т.О.),
елико снидошася от всех стран во град, укрепляхуся и 
подвизехуся противу Татар на бой...глаголюще: «не устрашимся 
нахождения Татарского, имеем бо град камен тверд и врата 


176 
железна: и не терпят Татарове стояти под градом нашим долго, 
понеже имеют сугуб страх: изнутрь града от нас боятся: а, атгневе 
града об князей наших устремленна на них боятся: и се и сами 
тии Татарове вскоре убоятся и побежат в поле в свояси” .... 
[23]. 
Көріп отырмыз, Никон жылнамасында Остей Литовский 
Мәскеу қорғанысын белсенді ұйымдастырушы. 1539
-1542 
жылдар аралығында жазылған, өзінен бұрынғы Воскресенской, 
Иосафов (1446 ж.), Хоронограф тәрізді көптеген жылнамаларды 
құрастырып
жазған орыстардың өздерінің Никон жылнамасын 
теріске шығаратын дерек біздің қолымызда әзірге жоқ. 
Сондықтан да Л.Н.Гумилевтың А.В. Экземплярскийдің еңбегіне 
сүйеніпМәскеу мен Литваның өзара келісім жасауы мүмкіндігін 
жоққа шығармақ болған әрекетін қолдай алмаймыз [
33
, 189 б.]. 
Біздің ойымызша Тоқтамыс аңқаулықпен осындай өсекке сеніп 
Мәскеуге шабуыл жасады деуге негіз жоқ.
Л.Н. Гумилевтің князь Остей Литовскийдің Мәскеуді 
қорғауға
белсене қатысқанын көргісі келмеуі бізді 
таңдандырады. Тіптен Никон жылнамасының Патриарша 
үлгісінде
бұл мәселе редакцияланып қолдан қосылған дегеннің 
өзінде
де мәскеулік ұлы князь Дмитрий Иванович Донской қала 
қорғанысын
тапсырып кеткен митрополит Киприанның өзінің де 
осыдан бұрын әрі Киевтің, әрі Литваның митрополиті болып 
істегені және оның өзінде де орыс емес, Тырновадан шыққан 
болгар екені тарихтан белгілі [34, 251 б.]. Яғни Мәскеудің 
Литвамен жақындасу мүмкіндігіне Л.Н.Гумилев сенбесе де 
басқарушылардың Литвамен байланыс жасауға толық 
мүмкіндіктерінің болғанын теріске шығара алмаймыз. Бұдан 
шығатын қорытынды: Тоқтамыстың шабуылын өсекке сеніп 
емес, алда екі ел арасындағы орын алуы мүмкін келісімге қарсы 
әрекет
ету деп бағалаған жөн болар бөлкім.
«Тоқтамыс, 

деп жазады Л.Н. Гумилев, 

өсектің көпе
-
көрнеу 
қисынсыздығына қарамастан түгел сенді. Ол ойлауға емес, 
шайқасуға әдеттенген еді» [30, 428 б.]. Бұл жерде біріншіден Л.Н. 
Гумилев 
айтқандай 
Тоқтамыстың 
«өсекке 
сенгені” 
дәлелденбеген, екіншіден біздің ойымызша Тоқтамыстың 
Мәскеуге жорығы автор жазып отырғандай жеңіл
-
желпі ойдан 
туған жоқ. Руське Куликово шайқасынан кейін беделі күрт арта 
бастаған Дмитрий Иванович Донскойдың және оның Мәскеу 
князьдігінің күшейіп келе жатқанын, оның түбінде Алтын Орда 


177 
үстемдігінен
Русьті азат етуші күшке айналуы мүмкіндігін айқын 
байқатты. Ал бұл Тоқтамысты кез келген сылтауды тиімді 
пайдаланып, оған соққы беруге итермеледі дей аламыз.
Русь пен Алтын Орданы тату
-
тәтті көршілер ретінде көрсету, 
яғни евроазия концепциясын ұстанған Л.Гумилевтың бұл 
мәселеде, Мәскеуді бағындыруда ашықтан
-
ашық жаулық саясат 
ұстанған
Тоқтамысты кінәлап, қаралап жазудан басқа амалы да 
жоқ еді. Шын мәнінде Мәскеуге еркіндік беру дегеніміз күллі 
Орыс жерінің Алтын Орда жауына айналуына алып келер еді. 
Мұны кейінгі тарихымыз айқын дәлелдеп берді.
Біздің ойымызша сол тұста орыс халқының ұлттық тарихи 
тұлғасына айналған Димитрий Донскойға қарсы қатал саясат 
ұсталмайынша
орыс жерін Алтын Ордаға тәуелді ұстау мүлде 
мүмкін емес еді. Сондықтанда Тоқтамыстың Мәскеуге жорығы 
үлкен
стратегиялық мақсаттан туындаған еді. Мәскеуді басып 
алған Тоқтамыстың аса қатал болуы да Л.Н.Гумилевты емес, 
біздің айтқанымызды іс жүзінде растайды. Тарихшы 
М.Н.Покровский мойындаған мәлімет бойынша татарлар 24 мың 
мәскеуліктерді қырып салған [
34
, 176 б.].
Мәскеуліктердің өз еріктерімен темір қақпаны ашып 
бергеніне қарамастан осылай болған.
Егер Никон жылнамасын одан әрі оқи түссек, Тоқтамыстың 
Мәскеуге жасаған жорығын орыстың кейбір князьдарының да 
қолдағанын
көреміз. Мысалы, князь Олег Рязаньский 
Тоқтамыстың жағалауда жөңкіліп жүрген қалың қолына Ока 
өзенінен
өтетін суы таяз өткелді көрсетеді. Бұған тарихшы Л.Н. 
Гумилев сенбесе де, біз сенбеуге негіз жоқ. Өйткені жылнама 
Рязань князінің бұл әрекетін Тоқтамыстан өз жерін тонаудан 
сақтайын деген қорғану пиғылынан туындады деп нанымды 
түсіндіреді. Тоқтамыстың алғаш Рязань жеріне зобалаң салмай, 
оны оңтүстіктен айналып өтуі бізді мұнда шындық бар
-
ау деп 
айтуға итермелейді.
Сонымен Ока өзенінен өтіп, жолда Серпухов қаласын басып 
алған, жүк тасушы көліктеріне де қарайламай асыққан 
Тоқтамыстың жер қайыстырған қалың қолы саржеліспен 1382 
жылдың 12 тамызында (ескіше, 23 тамызда) жау келеді деп 
күтпей қаннен
-
қаперсіз жатқан Мәскеуге келіп жетеді. Дегенмен 
де жылнамаға сенсек, Мәскеудің ұлы князі Дмитрий Иванович 
Донской Тоқтамыстың өзіне қарсы келе жатқанын ести тұра 


178 
Мәскеуді тастап, Переяславльге кетіп қалған және ол жақтан 
Костромаға әскер жинамақшы болған. Л.Н.Гумилевтың 
айтуынша оның орнына Мәскеуді қорғауға басшылық етуге 
митрополит Киприан қалған. Бірақ Л.Н.Гумилевтан басқа орыс 
тарихшылары Митрополит Киприан мен бірқатар Мәскеу 
боярларының Тоқтамыстан қорқып, астанадан қашып кеткенін де 
айтады [
24
, 782 б.]. Ал енді Никон жылнамасы бойынша татарлар 
келгенде Мәскеуде бүлік басталған. Қаладан қашып кетпек 
болған халықты көтерілісшілер түк қалдырмай
тонаған, таяққа 
жыққан. Митрополит Киприан мен князь Дмитрий Ивановичтің 
әйелі
ұлы княгиня Евдокия көтерілісшілерден өздерін босатып 
жіберуді өтінген.
Бірақ қылыштарын жалаңдатқан ызалы да ызғарлы, 
құдайларын
ұмытқан көтерілісшілер қаладан қашпақ 
болғандардың бәрін таспен атқылап, ешкімді сыртқа жібермеуге 
тырысқан. Осындай қысылтаяңда митрополит пен ұлы княгиня 
әзер
дегенде ашулы топтан сытылып шыққан, бірақ көтерісшілер 
олардың дымын қалдырмай тонап жіберген.
Жылнамаға сенсек, Тоқтамысқа басқалар емес ұлы князь 
Дмитрий Иванович Донскойдың өзі қажет болған. Алғашқы 
күннен
-
ақ түс кезінде оның қалың қолы Мәскеудің тас 
қамалынан
екі
-
үш оқ бойындай қашықтықта, яғни садақ оғы 
жетпейтін жерге тоқтаған. Қала қорғанысынан бұларға 
мойындарын соза қарап, енді не істер екен деп сырттай бақылап 
тұрғандарға жақын келген бір топ салт атты татарлар: «Қалада 
князь Дмитрий бар ма?» 
— 
деп айқайлап сұраған. Қаланың биік 
қорғанында
тұрғандар: «Ол қалада жоқ», 

деп жауап берген.
Жөңкіле қозғалған салт атты татарлар жеделдете қала 
төңірегін айнала шауып, шолып шыққан. Қала айналасын 
тұрғындар тып
-
типыл етіп, ағаш
-
бұта атаулыны өртеп жіберген 
еді. Бұл қалаға басқалардың бұқпантайлап жақындауына 
мүмкіндік бермеу үшін жасалған болатын. Өз төңірегіне 
мәскеуліктерді топтастырған жоғарыда аталған князь Остей 
Литовский қорғанысты ұйымдастыруға белсене кіріскен.
Алғашқы күннің кешіне қарай қараңғы түсе Тоқтамыстың 
қалың
қолы қаладан алыстап, шегініп кеткен. Бірақ келесі күні 
таңертең Тоқтамыс ханның өзі бастаған қаптаған әскер Мәскеуге 
тұс
-
тұстан келіп, оны тағы қоршап алған. Дегенмен де бірінші 
болып олар атпаған. Және жебелерін кезеніп, жалаңаш 


179 
қаруларын
жаландатып сес көрсетті. Осы сәтте қала тұрғындары 
оларға садақ жебесінен оқ жаудырды. Өздерінің биікте және 
бекіністе тұрғандарын пайдаланып мәскеуліктер қолға түскен 
нәрсенің бәрін татарларға лақтырды. Қардай бораған садақ 
оғының, жаңбырдай жауған тастың, дүркін
-
дүркін атылған 
самострел мен алғашқы зеңбірек
-
тюфяктың соққыларына душар 
болған Тоқтамыс жасағы жауап оқты жаудырды.
Никон жылнамасы мұны төмендегідей суреттейді: 
“Татаровск же возьяришася и начаша стреляти на град со все 
страны. И идяху стрелы их на град, аки дождь силен и умножен 
зело, не дающе не прозрети, понеже и воздух омрачиша стрелами, 
и мнози гражане во граде и на забралех пахадуся мрьтви, одоляху 
бо Татарьскиа стрела паче, неже градскиа”... Одан әрі 
жылнамашы татарлардың құралайды көздеп ататын мергендігіне 
таңдай қағады. Олар атпен шауып келе жатқан бетте тізгінді 
жібере салып, садақпен қамалдағыларды көздеп атқан кезде 
қорған
төбесінде қалқиып тұрғандарды жұрындай ұшырған. 
Татарлардың біраз бөлігі ұзын сатыларды қамал қабырғасына 
апыл
-
ғұпыл сүйей салып, олармен жанталаса құмырсқадай 
өрмелеген. Қаладағылар да қарап қалмай қамданып, олардың 
төбелерінен қайнаған суды буын
бұрқырата құйған.
Осы жерде Тоқтамыс жасағын едәуір қобалжытқан бір оқиға 
болады. Бұл туралы жылнамашы былай деп жазады: “...Нехто 
гражданин Москвитин, суконник, именем Адам с Фроловьскых 
ворот пусти стрелу из самострела и уби некоего от князей 
Ординьских
сына, нарочита и славна суща, и велику печаль 
сотвори Тохтамышу царю и всем князем его...” [2
3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет