Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
annotation110059

алауыздық 
тууы әбден мүмкін нәрсе 
болса, онда еріксізден соғысқа дайындалуға тура келеді» [
19, 289 
б.].
Әмір
Темір осылайша Ұрыс хан елшілерін аттандырып салған 
соң әскерлерін жорыққа дайындап тәртіпке келтірумен 
айналысады. Қалың әскерді бастаған ол Отырарға келіп тоқтаған 
кезде, күллі Жошы ұлысынан әскер жинаған Ұрыс хан Сығанаққа 
келіп тұрады. Зерттеушілер бұл кездесуді 777 жылдың қысында 
(2.06.1375 — 
20.05.1376) болған деп көрсетіп жүр [
13
, 319 б.].
Осы мезгілде қар мен жаңбыр араласып жауып, күн тіптен 
қатты
суытып кеткен. Қалтырай тоңған екі жақтың ешқайсылары 
да орындарынан қозғала алмады.
Алайда Әмір Темір қарсыласының тылына айналып өтіп
Жейран
-
қамысқа дейін барып ондағы елді мекендерді тонап, көп 
олжамен кайтып кетті. Мұ
нда
 
Т
оқтамыс Әмір
Темірге жол 
көрсетуші болды. 778 жылы көктемде (1376
-
1377) Әмір Темір 
Ұрыс
ханға қарсы тағы аттанды. Алайда Ұрыс ханның кенеттен 
қайтыс
болуы жорықты тоқтатып тастады. Ақ Ордаға Ұрыс 
ханның үлкен ұлы Тоқтақия хан болды, бірақ ол да көп кешікпей 
қайтыс
болды. Муин
-
ад
-
дин Натанзидің “Ескендір Анонимінде” 
Ұрыс
ханның 9 жыл билеуші болып табиғи өлімнен қайтыс 
болғаны
айтылады. Ал Тоқтақия болса екі
-
ақ ай хан болған. Енді 


170 
хандық тағы Мұхаммед
-
ханның баласы Темір бек ханға көшеді. 
Ол тарихи әдебиеттерде Темур Мәлік Оғлан деген атпен белгілі. 
Муин

ад
-
дин Натанзидің айтуынша ол ішкілікке аса үйір болып, 
уақытының көп
бөлігін, есінен тана мас күйінде өткізген [
20, 303 
б.].
Низам
-
ад
-
дин Шами оқиғаны мұнан ары былай өрбітеді: 
“Темір
-
мәліктің күні
-
түні шарап ішуден, сауықтан және көңіл 
кетеруден қолы босамады. Осыған байланысты адамдар одан 
түңілді және күллі мемлекет пен
аймақ (бағыныштылар) 
Тоқтамысты талап етті. Темір
-
мәліктің басынан бағы тая 
бастағанын Темір түсінді. 780 ж. (1378/79) Темір Тоқтамысқа әр 
түрлі ықылас пен қамқорлық көрсетті және онымен бірге әмір 
Тұман
-
Темірді, әмір Ұрын Темірді, Ғияс
-
ад
-
дин тарханды, 
Бақтықожаны және әмір Банғыны қисапсыз көп әскермен 
аттандырып салды. Олар оны Сығанақта таққа отырғызулары 
керек болды. Бұйрыққа сәйкес олар аттанды, Сығанаққа келіп 
жетті де көздеген күні және бақытты сағатта оны сұлтандықтың 
тағына отырғызды.
Бұл уақытта
Темір
-
мәлік Қараталда қыстап жатыр еді. 
Олардың арасында соғыс тұтанды, ақырында Темір
-
мәлік 
талқандалды, ал Тоқтамыс жеңіп шықты. Ол (Тоқтамыс) бұл 
хабарды Темірге жеткізу үшін Ұрыс
-
қожаны жіберді” [
8
, 108 б.]. 
Мұнда ескеретін бір нәрсе 
— 
Низам
-
ад
-
дин Шами мен Шереф
-
ад
-
дин Йезди Тоқтамыстың Сығанақты бағындыруға аттанған 
мерзімін екі түрлі көрсетеді: алғашқысында бұл 

780 ж. 
(30.04.1378 — 
18.04.1379) болса, соңғысында 
— 
778 ж. 
(21.05.1376 — 
8.05.1377). Бұл айырмашылықты алғаш байқаған 
орыс тарихшысы Б.Греков. Алайда бұл мәселеде ол өзінің пікірін 
айта қоймайды. Сонымен бірге орыс тарихшылары күні бүгінге 
дейін Ақ Ордалықтардың Темір
-
мәліктен түңіліп, таққа отыруға 
Тоқтамысты өздері шақырғанына назар аудара бермейді. Олар 
әдетте
Ақ Ордада Тоқтамысты қолдаушылардың көп болғанын 
мойындаумен ғана шектеледі. Тіптен Б. Греков Тоқтамыс Ақ 
Ордада өзін
-
өзі хан жариялады деуге дейін барды [13
, 320-321 
бб.]. Мұның бәрі орыс тарихшыларына Тоқтамыс ханның беделін 
түсіру үшін қажет болғаны бүгінде күдік туғыза қоймайды.
Ал 
енді осы бұрмаланған тарихты бүгінде қазақ тарихшылары 
қалпына
келтірулері керек деп ойлаймыз. Сондықтанда біз 
Тоқтамыстың тарихи ізімен қайта жүріп келе жатырмыз.


171 
Муин
-
ад
-
дин Натанзи Тоқтамысқа төмендегідей мінездеме 
береді: «Ол қабілетті, ержүрек, кең
пейілді, әдемі патша болды. 
Оның әділеттілігі мен жақсы мінез
-
құлқы жалпыға мәлім. Алайда 
ол Темір Сарайына ықыласты ниет танытпағандықтан да оның 
осындай жақсы қасиеттері және бағалы мінез
-
құлықтары 
жоғалды және жойылып кетті” [
20
, 303 б.].
Натанзидің айтуынша, бүкіл Алтын Орданы өзіне 
бағындырған Тоқтамыс 17 жыл хандық құрған.
Айта кеткен жөн, аса қысқа мерзімде Тоқтамыс Ақ Орданың 
беделді, елге сөзі өтетін әмірлерін өзінің төңірегіне топтастыра 
жөне оларды Ақ Ордамен Алтын Орданы біріктіру қажеттігіне 
сендіре алды. Сондықтан да ол 779 жылдың (1377/78) 
көктемінде
-
ақ Еділ бойына жорыққа аттанып, Сарай
-
Беркені 
және т.б. қалаларды басып алды. Бұл кезде Алтын Орданың көп 
бөлігі Мамайдың қолында еді. Сондықтанда о бастан
-
ақ 
Тоқтамыстың Мамайға қарсы белсенді күрес жүргізуіне тура 
келді.
1380 жылы Мамай Куликово даласында Мәскеу князы 
Дмитрий Донскойдан жеңілген соң Калка өзені жағасында 
Тоқтамыстың қалың жасағымен кездесті. Ресей тарихшылары 
өздерінің
ортағасырлардағы деректеріне сүйеніп бұл кездесуді әр
түрлі
түсіндіріп келеді. Мұнда тарихи шындықтың 
шатастырылғаны сондай, академик Б. Греков Калкадағы бұл 
кездесуді Шыңғысхан заманындағыдай «аса ірі, қанды шайқас» 
ретінде бағаласа, ал Л. Гумилев мұны «Тоқтамыстың қан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет