Реферат Тақырыбы : 1918-1939 жылдардағы Франция


Дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс жылдарында



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі29,56 Kb.
#80358
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
еуропа 3 апта

Дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс жылдарында. Басқа елдерге қарағанда Францияда дағдарыс кеш басталды. Оны соғыс кезiнде қирағандарды қалпына келтiру, немiс репарациясын алу, “Мажино линиясы” бекiнiсiн салу кешiктiрдi. Өнеркәсiп өндiрiсi мен сыртқы сауданың құлдырауы Францияда 1930 жылдың аяғында ғана бiлiндi. Ол АҚШ пен Германияға қарағанда тым ауыр болған жоқ, ал басқа капиталистiк елдерге қарағанда ұзақтау және ауқымды болды. ґндiрiстiң құлдырауы жұмыссыздықтың тез өсуiн және жалақының азаюына әкеп соқты. 1935 жылы ресми тiркелген жұмыссыздар саны 425 мың адамға жеттi. Дағдарыс ауылшаруашылығына да оңай тимедi. Ауылшаруашылық өнiмдерiне баға 2 есе тұсiп кеттi. Орта дәрежелi қала халқы да зардап шектi. Мемлекет қолдаған iрi кәсiпорындардың ғана жағдайы жақсы болды. Осы жағдай елде оңшыл партиялардың беделiн тұсiрдi. 1929 жылы қарашадан 1932 жылдың мамырына дейiн өкiметтi басқаруда 8 үкiмет ауысты. Әрқайсысы 4 ай ғана билiк құрды.
Дағдарыс және халықтың наразылығының өсуi буржуазияның саясаты мен идеологиясында елеулi өзгерiстер туғызды. Бiраз бөлiгi дәстұрлi буржуазиялық либерализм мен демократизм принципiнен ауытқыды. Олар тек күштi мемлекет пен экономиканы мемлекеттiк реттеушiлiгi ғана дағдарыстан шығара алады деп есептедi. Экономиканы мемлекеттiң басқаруын жақтаушылар (“дирижисты”) ағылшын экономисi Кейнс теориясына сүйенiп, мемлекеттiк экономикалық бақылау мен жоспарлау органдарын құруды ұсынды. Басқарушы топтар арасында мемлекеттiк монополистiк реттеу жобасымен қатар демократиялық бостандықтарды шектеу және “күштi өкiмет” құру мақсатында конституцияны қайта қарау жобалары кең тарады. Оны әсiресе экспремьер-министр Тардье қатты қолдады. Ол парламенттiң құқын шектеу, президент пен премьер-министрдiң өкiлеттiлiгiн кеңейту, мемлекеттiк шенеунiктердiң көтерiлiс жасауы мен кәсiподақтарға кiруiне тиым салуды үсынды. Тардье осы реформалардың көмегi арқылы революцияны болдырмауға болады деп есептедi.
Фашистiк топтар Францияда 20-шы жылдары пайда болды да, дағдарыс жылдарында тез өстi. Олардың Италия мен Германия фашистерiнен айырмашылығы нақты бағдарламасы бар бiрыңғай партия құра алмады. 30-шы жылдардың басына қарай ондаған фашистiк және жартылай фашистiк ұйымдар әрекет етi. Оларды iрi буржуазия қаржыландырды. Олардың бағдарламалары итальян және немiс фашистерiнiң үрандарын қайталады. Француз халқының Италия мен Германиядағы фашистiк тәртiптердi жек көретiндiгiн Үғынған француз фашистерi өздерiн фашистер деп айтудан қашты. Iрi фашистiк ұйымдар - “Боевые кресты”, “Французское действие”. Жұмысшы және коммунистiк қозғалыс дағдарыс жылдарында өте қиын жағдайда болды. Жаппай жұмысыздықтан ереуiлдер күресi азайды. Егерде 1930 жылы 580 мың жұмысшылар ереуiлге шықса, 1931ж. - 48 мың, ал 1932ж. - 72 мың адам қатысты. Компартия басшылығын Барбе мен Селор бастаған солшыл-сектанттық топ басып алды. Олар кәсiподақ жұмысын елемедi, жұмысшылардың күделiктi талабын қорғаудан бас тартты. Бұлтоп лидерлерi коммунистер фашизмнен еш айырмашылығы жоқ буржуазиялық-демократия мен республикаға қарсы күресу керек деп жариялады. Бұлпартияның халықпен байланысын әлсiреттi. Тек 1930 жылы ФКП Бас хатшысы болып, Морис Торез сайланған соң, догматтар мен сектанттарға қарсы коммунистiк партия күресiн өрiстеттi.
1932 жылы Францияда кезектегi парламент сайлауы өткiзiлдi. Оңшыл партиялар елде “тәртiп” пен “көңiл толарлық” жағдай орнаттық деп даурықты. Солшыл партиялар - Блюм бастаған социалистiк партия және Эррио бастаған радикал-социалистiк партия - оңшылдар Францияны дағдарысқа ұрындырды және одан одан шығуға қабiлетсiз деп дәлелдедi. Солшылдар соғыс шығынын қысқартуды, сақтандыру мен темiр жол компанияларын және әскери заводтарды iшiнара национализациялауды, жұмыс күнiнiң ұзақтығын аптасына 40 сағаттан асырмауды ұсынды.
Сайлау барысында солшылдар жеңдi. Э.Эррио бастаған жаңа үкiмет Кеңес Одағымен өзара соғыс ашпау туралы келiсiм жасады, репарация бойынша төлемдi тоқтатуға келiстi және Германияның қарулануда “теңдiк құқын” таныды. Осылайша Франция Версаль бiтiмiнiң баптарынан бас тартты. Э.Эррио үкiметi мемлекеттiк шенеунiктер жалақысын және майдангерлерге пенсияны азайтты, салықты көбейттi, жаңа заемдар енгiздi. Үкiметтiң мұндай шаралары солшылдарды Эррио үкiметiнен алыстатты, оны оңшылдар қолдамады. 1932 жылдың желтоқсанында Эррио отставкаға кетуге мәжбұр болды. 1932 жылдың желтоқсаныныан 1934 жылдың қаңтарынан дейiн Францияда радикал-социалистер партиясының лидерлерi басқарған 5 үкiмет ауысты. Әрқайсысы үкiмет басында 3 айдан ғана отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет